2022-2023 оқу жылында оқушылардың PISA Халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша іс-шара жоспары
Мақсаты: PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша ғылыми-жаратылыстану пәндері мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту. Міндеттер: 1. Оқушылардың оқу-тану құзыреттілігін дамыту негізі ретінде ҒЖ сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық талаптары;
2. PISA бағдарламасының оқу жоспарына енуі;
3. Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығы;
4. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу.
Мазмұны:Функционалдық сауаттылық
* Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті
* Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі
* Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі
* Оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігі
* Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі
* Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты
* Оқушылардың білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы