«Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп -гимназиясының» кмм pisa халықаралық зерттеуіне дайындық


-сұрақ. Келесі пайымдаулардың қайсысы геологтың пікірін дұрыс сипаттайды?



бет11/15
Дата09.10.2022
өлшемі1,48 Mb.
#42014
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
1-сұрақ. Келесі пайымдаулардың қайсысы геологтың пікірін дұрыс сипаттайды?
А. Үстіміздегі жылды есептегенде 12 жыл өткеннен кейін немесе 13-ші жылы Х қаласында жел сілкіну болады.
В. 23 саны 12 санына қарағанда үлкен, сондықтан алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болатынына сенімді болуға болады.
С. Жер сілкіну болмауы ықтималдығына қарағанда, алдағы 20 жыл ішінде Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы басымырақ.
D. Жер сілкінудің қашан болатынын ешкім білмегендіктен, оның болатынын айту мүмкін емес.
2-сұрақ. Жер сілкінуді болжауға бола ма? Ия/жоқ.
3-сұрақ. Жауабыңыз «ия» болған жағдайда мысалдар келтіріңіз және өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
4-сұрақ. Жауабыңыз «жоқ» болған жағдайда өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
9-тапсырма. Жанартау.
Жанартау (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары (32-сурет).
Жанартау атқылаған кезде оның терең магмалық ошақтарынан жер бетіне ыстық қоймалжың лава, газ және бу атқылайды.



32-сурет – Жанартау

1-сұрақ. Жанартаудың атқылауынан болатын зардаптарды атаңыздар.


2-сұрақ. Жанартаудың әрекетін шаруашылықта пайдалану жолдарын ұсыныңыздар.


7-есеп. Астана қаласы тұрғындарының саны.
Қазақстанның астанасы Астана қаласы бүгінгі күнде тез өркендеуде. Халқының саны да жылдан жылға өсуде.
11-кестеде Астана қаласының 1989 ж., 2000 ж., 2005 ж., 2010 ж., 2014 ж., 2015 ж. тұрғындарының саны берілген.
11-кесте – Астана қаласы тұрғындарының саны



Жыл

1989 ж

2000 ж

2005 ж

2010 ж

2014 ж

2015 ж

Тұрғындар саны

281252

381000

529335

649139

814401

852985



1-сұрақ. 1989 жылмен салыстырғанда 2015 жылы тұрғындардың саны қанша пайызға артты?
Жауабы: _______.
2-сұрақ. Пайызбен есептегендегі тұрғындардың орташа өсуі қандай?
Жауабы: _______.
3-сұрақ. Астана халқы өсуінің осындай пайызы сақталатын болса, онда Астана тұрғындары неше жылдан кейін миллионнан асады?
Жауабы: _______.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет