Аренда на каз (2). docx


 Келісімшартты өзгерту және бұзу



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата26.11.2023
өлшемі59,85 Kb.
#128225
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жалға беру

5. Келісімшартты өзгерту және бұзу
5.1. Бұл келісімшартқа өзгертулер мен толықтырулар осы келісімшарттың
ажырамайтын бөлігі болып табылатын қосымша келісімге қол қою арқылы
енгізіледі.
5.2. Осы келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
5.3. Жалға беруші жалға берілген тұрғынжайда Жалға алушы екі айдан аса
болмаған және жалдау ақысын белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда,
ондағы мүліктің тізімін жасау үшін есігін ашып, тұрғынжайды жаңа Жалға
алушыға беруге құқылы. Тұрғынжайлар құрамында мүдделі емес екі тұлға
(куәгерлер), ПИК өкілдері мен полицей бар комиссияның қатысуымен Жалға
алушыға оны ашатын күн мен уақыты туралы жазбаша ескерту жіберу арқылы
ашылады.
5.4. Жалға алушы осы келісімшарттың шарттарын бұзған немесе
орындамаған, сонымен қатар Жалға берушіден ресми хабарлама келгеннен
кейін 30 күн ішінде бұзушылықты жоймаған жағдайда, Жалға беруші
келісімшартты мерзімінен бұрын біржақты бұзуға құқылы.
5.5. Егер Жалға беруші келісімшартты мерзімінен бұрын негізсіз бұзса, Жалға
алушыға бір айлық жалдау ақысы /__________
теңге (қажетін таңдау),
(тараптардың қалауымен қосылатын тармақ) көлемінде
айыппұл
төлейді.
5.6. Келісімшарт бойынша міндеттерін дұрыс орындаған Жалға алушы
Тараптар өзара келісетін шарт негізінде тұрғынжайды жалға алу/беру туралы
жаңа келісімшарт жасауда басым құқыққа ие.
5.7. Осы келісімшарттың мерзімін ұзарту немесе дәл сондай мерзімге жаңа
келісімшарт жасау үшін Жалға алушы ниеті туралы Жалға берушіге
келісімшарт мерзімі аяқталардан ____
күнтізбелік күн
бұрын жазбаша


ескертуге міндетті. Ондай ескерту болмаған немесе Тараптар жаңа келісім
шарттарына келісе алмаған жағдайда, осы келісімшарт онда көрсетілген
мерзімі аяқталғанда бұзылған болып есептеледі. Ондай жағдайда Жалға
алушы жалға алынған тұрғынжайды босатып, оны Жалға берушінің өкіліне
осы келісімшарттың соңғы күні ретінде көрсетілген күннен кешіктірмей
Қабылдау-тапсыру актісі бойынша өткізуге міндетті.
Жалға алу/беру келісімшарты бұзылғаннан кейін тұрғынжайды босатпағаны
үшін Жалға алушы __________ теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет