Архаикалық мәдениет



Дата07.10.2024
өлшемі180,47 Kb.
#146967
Байланысты:
Мәдениет морфологиясы мен анатомияс1


Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлін сипаттау. Мәдениеттің негізгі типтерінің негізгі өлшемдерін салыстыру (архаикалық, отырықшы, индустриалды мәдениет өлшемдері)

Мәдениет анатомиясы дегеніміз ең алдымен мәдениет типологиясы болып табылады. Бұл жерде тип дегеніміз ежелгі грек тілінен үлгі, пішін, модель яғни мәдениеттің түрлері, үлгілері, модельдері туралы білім болып табылады. Жалпы алғанда мәдениеттер типіне келетін болсақ әлемдік мәдениет екі типке бөлінеді біріншіден шығыс мәдениеті, батыс мәдениеті. Батыс мәдениеттінен бастасақ батыс мәдениетті қазіргі кезде әлемде үстемдік етіп тұрған өз үлгілерін әлемге таратып тұрған мәдени тип.Батыс мәдениетінің негізгі ұғымы-белсенділік.Ерекшелігі,дарашылығы және жекелігі.


Келесі мәдени тип ол шығыс мәдени типі, егер батыс матералды мәдениеттерге үлкен жетістіктерге жеткен болса шығыс рухани мәдениеттерге үлкен жетістіктерге жетті. Барлық әлемдік діндер шығыста пайда болды тіпті сонын ішінде батыстын діні христиандықта таяу шығыста қалыптасты шығыс мәдениеттінде адам қашанда қоғамшыл, қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды.
Тарихи типология
Әсіресе қазіргі әлемде шығыс пен батыс арасында ерекше синтез қалыптасты мәдени типология тек қана шығыс және батыспен шектелмейді, тарихи типология да өте маңызды болып табылады. Мынандай тарихи типтерді атап өтуге болады: Архаикалық ежелгі мәдениет,Шығыс өркениеттері,Антикалық өркениет,Орта ғасырлық мәдениет,Жаңа заман мәдениеті,Қазіргі заман мәдениеті.
Архаикалық мәдениет

Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы қашан және қай жерде пайда болды? Ол 2,5 млн ж. жуық уақыт бұрын адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болуынан бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді: тас дәуірі (бұдан 2,5—2,6 млн ж. бұрын – б.з.б. 2000 ж. басы), қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірі бөлінеді: көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит).
Тас дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: 1-ші тас дәуірі — б.з.б 1—2 млн ж. мен б.з.б 140 мың ж.), 2-ші — б.з.б 140 мың ж. - б.з.б 40 мың ж., ал 3 кезең — б.з.б 400 мың ж. — 10 мың ж.)
Қорыта келгеңде, адамзат дамуындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей эсер етті. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті — дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және тағы басқалары болды.
Отырықшы мәдениет
Бірінші кезеңде табиғатқа деген қарым–қатынас ақырындап өзгере бастайды. Бұл жануарлық тұрмыстың, өмірдің аяқталуы мен рухты табиғаттан ажыратудың бастамасын білдірді. Осы кезде адам табиғат құбылыстарын түсінуге тырысады. Табиғаттан алыстау үдерісіне отырықшылық өмірге көшу өте үлкен рөл ойнады. Отырықшылыққа көшуге, әлеуметтік байланыстардың қиындауына байланысты адамның табиғатқа деген қарым –қатынасы өзгере бастайды, бұл әлеуметтік – мәдени құндылықтар жүйесімен бекітіледі.
Отырықшы мәдениет ерекшеліктері Отырықшылық (отырықшы мәдениет ) – халықтың бір жерде тұрақты қоныстанып, тұруы, өмір сүруі. Отырықшы мәдениеттер отырықшы өмір салтын жүргізеді, яғни ұрпақтан -ұрпаққа бір жерде тұрақты мекендейді. Олар жергілікті ресурстармен қоректенеді, яғни негізгі кәсіптері - аңшылық, балық аулау, егіншілік. Әдетте, олар теңіздер мен өзендердің жағаларында, ормандарда немесе құнарлы жерлерде орналасады .




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет