«архегониялы өсімдіктер» Даму циклында гаметофит жақсы дамыған жоғарғы сатыдағы өсімдіктер


Даму циклында спорофит жақсы дамыған жоғарғы сатыдағы өсімдіктер



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата24.12.2022
өлшемі272,93 Kb.
#59423
1   2   3
Байланысты:
5 Лекция

Даму циклында спорофит жақсы дамыған жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
Папоротниктәрізділер бөлімі 
Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты папоротниктәрізділердің де ұрпағы 
ауысып тұрады, ал мүктерден айырмашылығы бұлардың даму циклында спорофит басым. 
Гаметофиттері өте нашар дамыған. Өскіншелері (заросток) таллом тәрізді болып келеді, 
олар сабаққа, жапыраққа бөлінбейді. Көп жағдайда олар жалпақ пластинка тәрізді келеді. 
Папоротниктәрізділердің өскіншелері жасыл түсті болып келеді, олар өз беттерімен 
қоректенеді, ал кейбір түрлерінікі түссіз.
Бұл өскіншелерде жыныс мүшелері – антеридий және архегоний дамиды. 
Антеридийдің құрылысы мүктәрізділердікіне ұқсайды, бірақ өте қарапайым. 
Папоротниктәрізділердің спермалары қозғалғыш келеді, олар екі түрлі болады – біріншісі 
екі талшықты, екіншісі – көп талшықты. Өскіншелер ылғалдылығы мол жерлерде өсіп 
дамиды. Папоротниктәрізділердің ішкі құрылысы өте күрделі. Сабағында, жапырағында 
және тамырында жақсы дамыған өткізгіш ұлпалары бар. Олардың көптеген формаларында 
ксилемасы трахеид тәрізді, ал кейбір түрлерінде түтікше болып келеді.
Плаундардың спорангийлері мен споралары жапырақтың үстіңгі жағына орналасқан, ал 
қырықбуындар мен папоротниктердікі жапырақтың астыңғы жағына орналасады. 
Спорангий орналасқан жапырақты – спорофилл деп атаймыз. Спорангийлер кеуіп кетуден 
жақсы қорғалған. Оларда спора жақсы дамиды.
Пісіп жетілген спора екі қабықпен қоршалған: сыртқысы -экзоспорий, ішкісі -
эндоспорий. Спорангийден шыққан споралар өзіне қолайлы жерге түскенде одан өскін 
(заросток) өсіп шығады. Споралар өсіп шықаннан кейін әр жынысты өскін береді. 
Микроспоралар – аталық өскін антеридий түзеді, ал мегаспоралар – аналық өскін 
архегоний береді.
Папоротниктәрізділердің өмірі ылғалы мол жерлермен тығыз байланыста. Жер 
шарының барлық бөлігінде олардың көптеген түрлері таралған, жер бетінің өсімдік 
жабынын құрауда елеулі маңызы бар. Мысалы, орманды жерлердегі папоротниктер мен 
плаундар, тропика мен субтропикадағы ағаш тәрізді папоротниктер. Бірақ та, өсімдік 
жабынын құрауда олар қылқанды жапырақты ағаштардан және жабық тұқымды 
өсімдіктерден кейін тұрады. 
Тұқымды өсімдік пайда болғанға дейін, папоротниктәрізділер жер бетін қаулап алып 
жатқан, ал қазіргілері солардың қалдықтары ғана.
Папоротниктәрізділердің даму шағы палеозой эрасында, әсіресе тас көмір кезеңінде 
болды. Олар сол кезеңдерде ойпаң жерлерде, әсіресе батпақты ормандарда көп кездесті. 
Бұлардың ішінде ағаш тәрізділері басым болды. Плаундардан – лепидодендрон, 
сигиллярии; қырықбуындардан – каламиттер, сынажапырақтылар және өте үлкен 
папоротниктер. Олардың қалдықтары әзіргі кезде тас көмір кен орындары болып 
табылады.
Папоротниктәрізділер, тұқымды өсімдіктің шығуына әсер етті. Әртүрлі споралы 
өсімдіктің эволюциялық даму нәтижесінде тұқым пайда болды.
Pterodophyta (папоротниктәрізділер) көлемді бөлім 5 класқа бөлінеді:
1 класс Псилофиттер;
2 класс Псилоттар; 
3 класс Плаундар; 
4 класс Сынажапырақтар;
5 класс Папоротниктәрізділер.
1 класс Псилофиттер, бұлардың бәрі қазылып алынған өсімдіктер. Қазіргі кезде бұлар 
мүлдем кездеспейді. Кластың систематикасы толық зерттелмеген, ол бірғана қатардан 
тұрады. Psilophytales және санаулы тұқымдасы бар.


2 класс Псилоттар, бұларда да бір ғана тұқымдас бар псилот (Psilotaceae), екі туысқа 
бөлінеді: псилот (Psilotum) және тмезиптер (Tmesipteris).
Псилоттар – шағын ғана өсімдік, тамырлары болмайды; екі жартышардыңда 
тропикалық және субтропикалық облыстарында таралған.
Псилот және тмезиптер туысының екіден түрлері бар. Екі туыстыңда дихотомиялық 
тарамдалған тамырсабақтары бар, ал сабақтың жоғарғы жақтарында жапырақтар бар. 
Псилоттың жер бетіндегі сабақтарының биіктігі 20-100см дейін жетеді, ал тмезиптердікі 
5-40см. Тамырсабақтарының түктері көп болады. Тамырлары мүлдем жоқ.
Үш аша тәрізді тарамдалған спорофилдердің жоғарғы жағына, үш ұялы спорангий-
синангий орналасады. Спорангийлер әр қайсысы бөлек болады. Оның қабырғалары көп 
қабатты. Спорангийдің ішінде көптеген біркелкі споралар дамиды. Спорангийлер пісіп 
жетілген кезде, ортасынан жарылып ішіндегі споралар сыртқа шашылады. Ол спорадан 
өскінше шығады. Өскіншелер топырақтың астында, саңырауқұлақтардың клеткасына еніп 
солармен қоректенеді. Өскіншелері қос жынысты, олардың көптеген ризойдтары болады. 
Антеридийлері өскіншенің сыртына орналасқан, олар ұлпалардың ішіне кірмейді. Онда 
көптеген сперматозойдтар дамиды. Архегонийлер ұлпаға жартылай кіріп тұрады. 
Ұрықтанғаннан кейін ұрықтың сабағы және аяғы пайда болады, олар өскіншенің ұлпасына 
кіріп тұрады. Бұларда тамырда, жапырақта болмайды. Ұрық өсе келе, ең алдымен түкті 
тамырсабақ шығады, одан соң сабағы және жапырағы өседі.
Псилоттардың шығу тегі, псилофиттерге тікелей байланысты. Демек, олар 
псилофиттерден шықты деген жорамал бар.
3 класс Плаунтәрізділер – сабақты, жапырақты өсімдік. Тамырлары бар. Олардың 
жапырақтары өте ұсақ, сабаққа тығыз орналасады. Плаундар, папоротниктәрізділердің ең 
ерте бұтағы. Олардың қалдықтары силурдан белгілі. Олар палеозой эрасының тас көмір 
кезеңінде өте жақсы дамыған, биік ағаш түрлері көп болған. Мысалы, лепидодендрон, 
сигиллярия т.б. Плаунтәрізділердің қалдықтары тас көмір кенін құрайды.
Қазіргі кезде кездесетіндері – тек шөптесіндер (плаундар, селягинеллалар). 
Плаундардың жапырағы қарапайым, кейде ұш жақтары айырланып келеді, бір ғана 
жүйкесі бар.
Спорангийлері сабақтың ұш жағында бірден орналасқан. Плаунтәрізділердің ең көне 
түрлері шөптесін өсімдіктер болған. Олар псилофиттерден таралған. Кейінірек 
плаундардың ағаш және шөптесін формалары пайда болған. Олардың бірнеше түрлері 
ғана біздің дәуірімізге жетіп отыр. Мысалы, плаун, селягинелла, полушник.
Плаундар класы 6 қатарға бөлінеді:
1 қатар (порядок) – Протолепидодендрон; 
2 қатар – Плаун;
3 қатар – Селягинелла; 
4 қатар – Лепидодендра;
5 қатар – Лепидосперма;
6 қатар – Полушник. 
1 қатар – Протолепидодендрон. Бұл қатарға қарапайым шөптесін өсімдіктер жатады. 
Олардың тек қалдықтары ғана табылған.
2 қатар – Плаундар. Плаундар қатарында бір ғана тұқымдас бар, ол екі туысқа бөлінеді, 
плаун (Lycopodium) және филлоглоссум (Phulloglossum). Плаун туысының 400 тарта 
түрлері бар, олар тропиктерде көп таралған, әсіресе таулы ормандарда.
Плаундар – шағын шөптесін өсімдік. Кейбір түрлерінің биіктігі 1-1,5м дейін жетеді, 
шырмауық тәрізді өсетін бір түрінің ұзындығы 9м дейін жетеді. Бұрынғы ТМД-да 
плаунның 14 түрі кездеседі. Олардың ішіндегі аса көп тарағаны түйреуіш тәрізді плаун, 
қарағай ормандарының ішінде өте көп кездеседі. Дихотомиялық тарамдалған сабағы 
топырақ бетінде көлбей жатады да, әр жерінен топыраққа тамырларын жібереді және 
жерден біршама көтеріліп тұратын бұтақтары болады. Сабағы мен бұтақтары ұсақ 
қандауыр тәрізді жапырақтарға тола болады.


Сабағының анатомиялық құрылысы қарапайым. Сабақтың сырты эпидермиспен 
қапталған. Одан әрі жақсы дамыған қабығы бар. Қабықтың сыртқы қабаты механикалық 
ұлпадан тұрады. Өркеннің ортасын өткізгіш талшықтар (пучки) алып жатады. Бұл 
талшықта ксилема лента тәрізді, бір-бірімен жалғасып жатады. Ксилеманың сырт 
жақтарын флоэма қоршап жатады, өзегі жоқ. Талшықтарында камбий жоқ, сол себепті 
олардың сабақтары жуандап өспейді. Ксилемасы сатылы трахеидтен тұрады. 
Трахеидтерде ағаштанған паренхиманың клеткалары шашыраңқы жатады. Флоэмасы 
елеуіш тәрізді түтіктерден тұрады.
Жапырақтың сыртын эпидермис қаптаған. Устьица жапырақтың екі жағында да бар. 
Көп қабатты мезофилл, хлорофилл дәндеріне бай клеткадан тұрады.
Плаундардың тамыры “жанама тамыр” (придаточные корни). Оның анатомиялық 
құрылымы, сабақтікіне ұқсайды. Жаздың ортасында түйреуіш тәрізді плаун (П. 
булавовидный) спорасы бар масақ түзеді, олар 2 дана немесе 3 дана болады. Бұтақтың 
жоғарғы жағына орналасады. Спорофиллалары жалпақ жұмыртқа тәрізді, жоғарғы 
жақтары үшкір келеді, түсі сарғыш. Спорофилдердің жоғарғы жағына споралар 
орналасады. Споралары өте ұсақ.
Пісіп жетілген спорангий ортасынан жарылады, сол кезде споралары сыртқа 
шашылады. Споралар жерге түскеннен кейін, сумен ағып топырақтың қуыстарына, 
бірнеше см кіреді де, сол жерде өсе бастайды. Сол кезде спораның сыртқы қабығы 
жарылады да, өскінше пайда болады. Өскіншеден ризойдттар өсіп шығады, сол ризойдтар 
арқылы топырақтағы саңырауқұлақтың гифтері клетканың ішіне кіреді. Егер бұл гифтер 
өскіншенің ішіне енбесе, онда өскінше өспейді. Өскіншенің жоғарғы жағында антеридий 
және архегоний шығады. Антеридий өскіншенің ұлпасына түгелдей кіріп тұрады. Оның 
ішінде көптеген талшықты сперматозойдтар болады. Архегоний өскіншеге жартылай ғана 
кіріп тұрады. Архегоний пісіп жетілген кезде жоғарғы жағы ашылады да, оның ішіне 
сперматозойдтар енеді де, ұрықтанады. Қалыптасқан ұрықтан сабағы өсіп шығады, 
сабақтың төменгі жағынан қосалқы (придаточные) тамыр өседі.
Плаундардың ұрпақ ауысуы өте жақсы көрініп тұрады. Спорофит (өсімдікте), 
гаметофитпен (өскінше) ауысып отырады.
3 қатар – Селягинелла. Селягинелла қатарында бір тұқымдас бар (Selaginellaceae) 
селягинелла, ол да бір туыстан тұрады. Селягинелланың 700-дей түрі бар. Олар 
тропикалық және субтропикалық облыстарда кездеседі. Олардың сырт пішіні әртүрлі.
Топыраққа селягинеллалар дихотомиялық тарамдалған, тамыр арқылы бекиді. Сабағы 
бір қабатты эпидермиспен қапталған. Жапырағы бір ғана жүйкеден тұрады, оның 
клеткаларында хлорофилл дәндері бар. Устьицасы төменгі жағында. Селягинелланың 
даму циклы плаунға ұқсас.
4 қатар – Лепидодендра. Бұл қатардың өсімдіктері қазір жоқ. Оларды тек қалдықтары 
арқылы ғана анықтап отыр.
5 қатар – Лепидосперма. Бұл қатарда осылай.
6 қатар – Полушник, бұл қатар бір тұқымдастан (Jsoetaceae) тұрады және екі туысы бар.
4 класс – Сынажапырақтар. 
Сынажапырақтар 4 қатарға бөлінеді:
1. Гиенилер;
2. Сынажапырақтылар;
3. Каламиттер;
4. Қырықбуындар. 
Бұл кластың ішінен, қазіргі біздің флорамызда кездесетін қырықбуындарға тоқталамыз. 
Қырықбуын тұқымдасында, бір туысы бар – қырықбуын (Equisetum), 32 түрі бар. Бұрынғы 
СССР территориясында 12 түрі бар, Қазақстанның территориясында оның 8 түрі 
кездеседі. Олар көбінесе дымқылы мол, батпақты жерде өседі. 
Бұл кластың өсімдіктерінің сабақтары буындалып келеді. Жапырақтары тек буынға 
орналасады (узлы и междоузлие). Жапырақтары өте ұсақ. Көпшілігі көне заманда өскен. 


Қазіргі кезде бұл кластың жер бетінде бір ғана туысы бар, ол қырықбуын (хвощ, 
Equisetum). Қазіргі қырықбуындар шөптесін өсімдік, бір кезде олардың туысы мен түрлері 
көп болған және үлкен алқаптарды алып жатқан. Олардың өлі қалдықтары тас көмір кені.
Қазіргі қырықбуындар – өте биік емес шөптесін өсімдіктер, биіктігі 80-100см дейін, 
жуандығы 2-5мм жетеді. Ал кейбір шырмауық тәрізді тропикалық түрлерінің биіктігі 10-
13метрге дейін жетеді. Мексика қырықбуынының сабағы 2метр, жуандығы 10см. Қалған 
түрлері -кішігірім шөптесін өсімдіктер.
Мысал ретінде, дала қырықбуынының құрылысын қараймыз (Equisetum arvense). Бұл 
бунақты тамырсабағы бар, көп жылдық өсімдік. Тамырсабақтарының түйнегіне крахмал 
жиналады. Тамырсабақтың буындарынан қосымша тамыр шығады.
Қырықбуынның жер үсті сабағы 2 түрлі. Біріншісі – жаздық-вегетативтік, жасыл түсті 
келеді. Бұтақтары тек буыннан өсіп шығады. Жаздық сабағы күзде қурап қалады. Екінші – 
сабағы ерте көктемде өсіп шығады, оларда спора болады, түсі қызғылт-қоңыр, бұтақтары 
болмайды. Бұның сабағының ұшында масақшалары болады. Олар шоқтанып орналасқан, 
бірнеше жапырақтардан – спорофилден тұрады, олардың ішінде спорасы бар 
спорангийлер болады. Спора пісіп жетілгеннен кейін, көктемгі сабағы қурап қалады.
Қазіргі кездегі қырықбуындар жер бетіне бор кезеңінен бастап пайда болады. 
Қырықбуындардың шығу тегі белгісіз. Мүмкін, олар полеозой эрасындағы қарапайым 
каламиттерден шықты.
5 класс – Папоротниктәрізділер, папоротниктер. Қырықбуындар мен плаундардан 
папоротниктәрізділердің басты ерекшелігі олар – үлкен жапырақты (макрофильді). 
Жапырағы ірі, тілімделген, кейде бүтін. Папоротниктәрізділердің жапырағы құрғаққа 
алғаш шыққан псилофиттен таралған. Папоротниктәрізділердің сабақтары нашар дамыған 
– тамырсабақ тәрізді, кейде топырақ астында дамиды.
Кейбір түрлерінің сабағы өрмелегіш. Олардың ішінде ағаш тәрізді формалары да бар.
Спорангийлері жапырақтың астыңғы жағында дамиды, кейде соруста топтасады, үстін 
жапырақ өскіні индузия жауып тұрады. Папоротниктәрізділердің ішінде тең 
споралыларыда және әртүрлі споралылары кездеседі. Споралар өсе бастаған кезде одан 
өскін (гаметофит) өсіп шығады. Тең споралылардың өскінінің түсі жасыл, өз бетінше 
қоректенеді. Олардың сыртқы пішіндері әртүрлі болып келеді: қандауыр, жүрек және 
жіптәрізді.
Қазіргі кездегі папоротниктәрізділердің көпшілігі шөптесін. Олардың жер бетінде 
10000 астам түрлері бар, жершарында түгелдей кездеседі, әсіресе ылғалды тропиктерде 
көптеген түрлері кездеседі. Папоротниктәрізділер жер бетінде алғаш рет – жоғарғы 
девонда пайда болған.
1 класс тармағы – Алғашқы папоротниктер. Бұл класс тармағына жататын 
өсімдіктердің барлығы қазылып алынған, олардың сырт пішіндері және құрылысы 
әртүрлі. Алғашқы папоротниктер псилофиттерге өте ұқсайды. Бұл класс тармағын 4 
қатарға бөлінеді: 1) прототеридилер, 2) кладоксилер, 3) зиготеридилер, 4) археоптеристер.
2 класс тармағы – Эуспорангиатты папоротниктер. Бұл класс тармағының өкілдерінің 
спорангийлері эпидермалық және субэпидермалық клеткалардан түзіледі және көп 
қабаттармен қоршалған. Класс тармағының өкілдері қазір аз, олар көне дәуірлерде көп 
болған.
Класс тармағы 2 қатарға бөлінеді.
1 қатар – Жылантіл папоротниктер (ужовниковые). Бұлар шағын шөптесін өсімдіктер. 
Сабағы өте қысқа, жер астында тамырсабақ. Тамырсабақтан қиғаштап жоғары қарай, жер 
үсті жапырағы шығады. Бірғана тұқымдасы бар – жылантіл (ужовник), 3 туыстан тұрады: 
жылантіл, ботрихиум және гельминтостахис.
Жылантіл туысының 45 түрі бар. Көпшілігі тропикада эпифит ретінде өседі. 
Қазақстанда бір түрі өседі, ол кәдімгі жылантіл папоротник.
2 қатар – Мараттилер. Қатардың қазылып алынған және қазір өсетін түрлері бар, 
олардың барлығы тропикалық облыстарда кездеседі, 1 тұқымдасы, 6 туысы бар.


3 класс тармағы – Лептоспорангиатты папоротниктер. Класс тармағының 270 туысы, 
10000 түрі бар. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, тек санаулы түрлері ағаш.
Лептоспорангиатты папоротниктер барлық жершарында кездеседі, бірақ көпшілігі 
ылғалды тропиктерде кездеседі және өсімдіктер жамылғысын құрауда ерекше орын 
алады. Олар топырақта және ағаштарда лиан, эпифит ретінде өседі.
1 қатар – Нағыз папоротниктер. Қатардың 11 тұқымдасы, 234 туысы, 9000 түрі бар. 
Түрлерінің көптігіне қарамастан, олардың құрылысы, дамуы бәрінде ұқсас болып келеді.
Біздің елімізде көп таралған өкілдерінің бірі еркек папоротник (щитовник), көбінесе 
ылғалды ормандарда, көлеңке жерде көп өседі. Сабағы – тамырсабақ, топырақ астында 
болады, оның жоғары жағы ғана жерден аздап көтеріліп тұрады, одан жапырақ сағақтары 
шығады. Тамырсабағы жуан, қара-қоңыр түсті. Ересек өсімдіктерінде жақсы дамыған 5-7 
жапырағы болады.
Жапырақтың астыңғы бетінде, оның екінші қатардағы бөліктерінде орталық жүйкесін 
бойлай спорангийлердің тобы – сорустары орналасады. Спорангийлері жапырақтың 
кіндігіне ұзын аяқшалары арқылы бекініп тұрады. Сорустың үстін жауып тұратын 
жамылғы жапырағы болады. Спорангийдің қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды: 
қабықшасы жұқа және таға тәрізді қалыңдаған клеткалар. Споралары толық жетілген 
кезеңде, спорангийлері кеуіп, сақина клеткалары жиырылып тартыла бастайды, 
нәтижесінде сақина қабырғалары жұқа клеткалары бар жерінен сөгіледі де, споралар 
сыртқа шашылады. Спораларының мөлшері бірдей, бірақ формасы бүйрек тәрізді сопақша 
болып келеді. Қолайлы жерге түскен спорадан өскінше (гаметофит) пайда болады. 
Өскінше жүрек пішінді, көк-жасыл түсті, ені 4мм болатын табақша, ол ризойдтары 
арқылы топыраққа бекінеді. Жүрек пішінді табақшаның ойық жеріне таман оның астыңғы 
бетінде архигонийлері, ал ризойдтарына жақын жерде антеридийлері жетіледі. Еркек 
папоротник тең споралы өсімдік, сондықтан оның гаметофиті қосжынысты. Әдетте 
алдымен антеридийлері пайда болады, содан кейін барып архегонийлері пісіп жетіледі. 
Антеридийдің формасы шар тәрізді, ол өскіншенің үстінен көтеріліп көрініп тұрады. 
Оның ішінен спираль тәрізді бұралған көп талшықты сперматозойдтары жетіледі.
Архегонийдің құрылысы әдеттегідей құмыра тәрізді, оның төменгі кеңейген бөлігі 
өскеншенің ұлпасына еніп жатады, ал мойны жоғары көтеріліп тұрады.
Антеридий мен архегонийдің екеуі де ылғалды топырақпен байланысты болғандықтан, 
жұмыртқа клеткасының, қозғалғыш сперматозойдпен ұрықтануы, ауа-райы жаңбырлы 
кездерде қиынға түспейді. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан көп ұзамай спорофиттің 
ұрығы пайда болады, ол бастапқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. 
Папоротниктердің алғашқы тамыры, сабағы және жапырағы пайда болған соң, ұрық өз 
бетінше өмір сүре бастайды. Содан кейін оның тамыры топыраққа енеді, сабағы 
түзуленеді, жапырағы ұлғайып өседі. Алғашқы жапырақтан кейін сабақта жаңа 
жапырақтар пайда болады, содан соң біртіндеп ересек папоротник қалыптасады.
Екінші бір көп таралған өкілі орляк папоротнигі. Тамырсабағы 20-40см тереңдікте 
болады, одан әр жерінен жер бетіне жапырақтары шығады. Жапырақтарының ұш 
жақтарының шетінде сорустары орналасады. Орляк папоротнигінің көбеюі еркек 
папоротниктікіндей.
2 қатар – Марсилиялар. Бұл қатарда бір ғана тұқымдас бар, ол – Марсилия, 
тұқымдастың 3 туысы бар. Марсилия туысы барлық жер шарында кездеседі, көбінесе 
сулы-батпақты жерлерде. Марсилияның тамырсабағы топырақ астында өрмелеп көлбей 
өседі. Тамырсабақтың төменгі жағынан тамырлары өседі, жоғарғы жағынан жапырақтары 
жер бетіне көтеріледі.


3 қатар – Сальвиниялар. Сальвиния қатарында 2 тұқымдас бар: Сальвиния және 
Азолия. Сальвиния тұқымдасының бір туысы, ал оның 8 түрі бар. Олар тропикада, 
субтропикада кейде қоңыржай белдеулерде кездеседі. ТМД елдерінде жүргіш сальвиния 
кездеседі. Бұл биіктігі 15см-ге жететін, су бетінде жүзіп жүріп өсетін өсімдік. Жіңішке 
сабағының буынында үш жапырақтан болады. Екі жапырағы жұмыртқа пішінді, жасыл 
жүзіп жүреді; үшінші жапырағы судың астында, көп тілімделген, өсімдіктің тамырының 
қызметін атқарады. Сальвинияда нағыз тамыры болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет