Археология атауын алғаш қолданған ежелгі грек ғалымы


Ережені оқып, Орынбор шекара комиссиясы жанынан мектеп ашудың басты мақсатын анықтаңыз



бет4/8
Дата07.01.2022
өлшемі55,31 Kb.
#20057
1   2   3   4   5   6   7   8
Ережені оқып, Орынбор шекара комиссиясы жанынан мектеп ашудың басты мақсатын анықтаңыз:

А) мұсылман дінін ұстануға тиым салу

В) қазақтар арасында орыс тілін тарату

С) қазақ ғалымдарының санын көбейту

Д) қазақ балаларына тек жазу үйрету

Е) қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту

« ... §1. Орынбор шекара комиссиясы жанынан қырғыздардан 30 тәрбиеленушіге арналған мектеп ашылсын.

§2. Мектепті ашудағы басты мақсат – қырғыздар арасында орыс тілі мен жазуын таратудан басқа, билеуші-сұлтандар мен дистанция бастықтарының жанынан ордада басқару жөніндегі хатшылар комитетіне лайықты адамдарды және басқа да тек қырғыздар тағайындалатын орындарға қызметкерлер даярлау болып табылады.

§3. Мектеп тікелей шекара комиссиясының басқаруында болады, оның жұмысын тікелей бақылау төрағаның жолдасына, ал ондай қызмет жоқ болса, не ол ұзақ уақыт орнында болмайтын жағдайда, төрағаның қалауы бойынша және Орынбор әскери губернаторының бекітуімен комиссия кеңесшілерінің біреуіне жүктеледі.

§4. Мектепте мыналар жұмыс сітейді: бақылаушысы (мектеп орналасқан үйде тұратын), орыс тілі, таза жазу және есеп мұғалімі, татар тілінің мұғалімі мен мұсылман дінінің үйретушісі.

§5. Жоғарыда аталған қызметкерлерді тағайындау және жұмыстан шығару тәртібі Орынбор қырғыздарын басқару туралы ережеде белгіленген.

§6. Мектепте бақылаушы және мұғалім қызметтерін орындау нағыз қызмет болып саналады.

§7. Бақылаушыға мектепті тікелей басқару және шәкірттерді бақылау тапсырылады. Бұл қызметті атқаруға қажетті адамгершілік және басқа да қасиеттері бар отставкадағы офицерлер немесе азаматтық қызметтегі шенеуніктер таңдалынады.

§12. Мектепке тек қырғыздар қабылданады және үкіметке жәрдемдескен немесе оған өздерінің айрықша берілгендігімен көзге түскен ата-аналардың балалары бірінші кезекте түседі...»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет