«Археология негіздері» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі78 Kb.
#131434
  1   2   3

«Археология негіздері»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
тест спецификациясы
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.


2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М053 – Тарих және археология

3. Тест мазмұны «Археология негіздері» пәні бойынша тақырыптарды қамтиды. Тапсырмалар қазақ тілінде берілген.



Тақырыптың мазмұны



Тапсырмалар саны

Қиындық деңгейі

1

Археология ғылыми пән ретінде. Археологияның мақсаты мен міндеттері.

1

А

2

Археология ғылымының дамуы. Археология ғылымындағы мерзімдеу мен кезеңдеу. Археологиялық ескерткіштерді мерзімдеудің басты аспектілері.

1

В

3

Археологиялық зерттеу әдістері. Археологиялық барлау. Далалық зерттеулер, қазба жұмыстарының негізгі әдістері. Күнделік жүргізудің ерекшелігі. Кабинеттік зерттеулер.

1

А

4

Жаратылыстану ғылымдары және археология. Археологиялық жәдігерлерді мерзімдеудегі жаратылыстану ғылымдары. Негізгі әдістердің анықтамасы (дендрохронология, радиокарбон, спектралді, топырақтану, трассология, петрография және т.б.).

2

С

5

Тас дәуірі. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Қазақстан тас ғасырының сипаттамасы. Тас дәуірі ескерткіштері зерттелуінің тарихи көрінісі. Негізгі ескерткіштер және аймақтық ерекшеліктері.

1

В

6

Қола дәуірі. Метал кезеңінің басталуы. Қазақстан қола дәуірінде. Қазақстан қола дәуірінің сипаттамасы. Қола дәуірі ескерткіштері зерттелуінің тарихи көрінісі. Негізгі ескерткіштер және аймақтық ерекшеліктері. Жерлеу дәстүрінің типологиясы.

1

С

7

Ерте темір дәуірі. Сақ-скиф археологиясы. Қазақстандағы сақ мәдениеті. Қазақстан ерте темір дәуірінің сипаттамасы. Сақ дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Негізгі ескерткіштер және аймақтық ерекшеліктері. Ерте көшпелілік теориялары. Сақ-скиф аң стилі.

2

В

8

Ғұн-сармат археологиясы. Савромат және сарматтардың археологиялық ескерткіштері. Савромат-сармат дәуірінің сипаттамасы. Сармат ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Негізгі ескерткіштер және аймақтық ерекшеліктері. Сармат аң стилінің ерекшелігі.

2

А

9

Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті. Үйсіндер мен қаңлылардың археологиялық ескерткіштері. Үйсіндер мен қаңлылар дәуірінің сипаттамасы. Үйсін және қаңлы археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Негізгі ескерткіштер және аймақтық ерекшеліктері. Қаңлы археологиялық мәдениеттерінің типологиясы. Үйсін және қаңлы өнерінің ерекшелігі.

1

С

10

Қазақстандағы антикалық қалалар. Ежелгі қалалардың материалдық мәдениеті. Ежелгі қалалардың зерттелу тарихының сиапттамасы (Шірік-Рабад, Баланды, Бабіш-молда). Архитектура және өнер.

2

А

11

Ортағасырлық көшпелілер археологиясы. Орталық Азия ортағасырлық көшпелілерінің материалдық және рухани мәдениеті. Орталық Азияның ортағасырлар дәуіріндегі сипатттамасы. Ескерткіштердің зерттелу тарихы. Негізгі ескерткіштер және аймақтық ерекшеліктері. Жерлеу дәстүрінің типологиясы.

1

С

12

Жартас бетіндегі сурет өнері (петроглифтер). Қазақстанның жартас сурет өнері ескерткіштері. Жарта сурет өнері кешендерінің зерттелу тарихы. Тас және қола дәуіріндегі негізігі бейнелер мен сарындардың сипатттамасы. Сақ-скиф өнері және жартас бетіндегі дүниетаным. Түркі кезеңіндегі сарындар мен желілер.

2

В

13

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы: қала және дала. Жібек жолының қалыптасуы мен дамуына қатысты теорияларды. Қазақстан жеріндегі Жібек жолының тармақтары.

1

С

14

Қазақстандағы ортағасырлық қала мәдениеті. Қазақстанның ортағасырлық қалаларының зерттелу тарихы. Ортағасырлық қалалардың аймақтық ерекшеліктерінің сипаттамасы. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын кезеңдеу және баламалау мәселелері. Материалдық және рухани мәдениет.

2

В



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет