Археологиялық зерттеу обьектісінің тарихы
Адамзаттың тарих 99,9% уақыты жазуы жоқ кезеңге келеді.Сондықтан соңғы уақытқа дейін бұл мерзім белгісіз болып келеді. Ғалымдар, тіпті, адамзаттың жазуы жоқ тарихын зерттеуге мүмкіндік жоқ деп мойындайтын. Бірақ, кейбір ғалымдар бұған қанағаттанбай өздерінің ізденістерін бастады. Көне заманда адамдар жерден еңбек құралдарға ұқсайтын заттар табатын оларды құдай жасаған құралдар деп есептейтін. Бірақ, ғалымдар бұл заттарды адамдар жасағанынын дәлелдеп, оларды еңбек құралдар есебінде пайдаланғанын көрсетті. Көне заттарды зерттеп адамзат тарихын зерттеуге мүмкіндік ашты. Осыны дәлелдегесін және зерттеу әдісін тапқан соң археология ғалым ретінде қалыптасты “Археология» термині екі грек сөзінен тұрады: архайос-көне және логос –ғалым. Ең алғашқы бұл терминді қолданған Платон болатын. Бұл терминді Платон «көне заттар туралы ғылым» деп түсінетін. Кейіннен, XYIII ғасырда, археология деп антикалық өнер тарихын атайтын. Тек қана біздің дәуірде кәзіргі археологияның мағынасы қалыптасады.
Негізгі тарихи пәндердің арасына археология да кіреді. Бұл ғылым адамзаттың тарихын жан-жақты қамтиды.Қалған ғалымдарға қарағанда, археология, адамзаттың тарихын, адамның пайда болғанын, қоғамдық сана сезімнің шығуын, толығырақ зерттейді. Біздің уақытқа дейін көне дәуірлерден қалған жазба деректер өте аз сақталған. Заттай деректерді бәрі де жерде кездеседі. Заттай деректерді зерттеу әдістері жазба деректерде зерттейтін әдістерден өзгеше болып келеді. Осыны дәлелдегесін ғана, археология негізі тарихи ғылымдардың біреуі болып есептеле бастады.Археология-тарих ғылымының негізгі бір саласы, негізінде заттай деректерді зерттеу арқылы, адамзат тарихының дамуын және осы дамуын және дамуының заңдылықтарын зерттейді. Археологияны күрек пен бірге жүретін ғылым деп атайды.
Археологиялық ескерткіш-жан-жақты қамтитын түсінік.Олардың қатарына тұрғын үйлердің қалдықтары, зираттар, оттың іздері жатады. Археологиялық ескерткіштер көп және әр-түрлі болып келеді. Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зерттейді..Яғни,адамның іс-әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді.Оның бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан археологтар деректерді негізі түрлерге бөлген.
Археологиялық деректер барлық жерде табылмайды.Олар негізінде адамдар қоныстанған жерлерде,немесе адамдардың іс-әрекетіне байланысты жерлерде табылады. Ондай жерлер көп емес. Олардың негізі түрлері: тұрақтар, қалашықтар, қорымдар, қоныстар, шеберхана, рудниктер, архитектуралық құрылыстар, тасқа салған суреттер және т.б. Археологияда тұрақ деп тас және қола дәуірінің уақытша қоныстарын атайды. Бірақ, археологияда қазіргі кезде бұл терминді қате деп есептейді.Сондықтан тұрақтарды қоныс деп атауға болады. Қалашық деп бекініс пен қоршалған қоныстарды атайды.
Қорымдар археологиялық ескерткіштердің негізгі бір түрін құрайды.Ең алғашқы зираттар тас дәуірінде пайда болған. Зираттарды екі негізгітүрде бөледі.Ол:Қорғандар және қорымдар.Төбесінде тастан немесе топырақтан құралған үйіндісі болса, онда қорған деп атайды.Қорғандар әр-түрлі болады.Үйінділерінің биікиігі бірнеше сантимертден бірнеше метрге дейін жетеді. Мысалы: түркі дәуірінің кейбір қорғандарының биіктігі 30-35м.дейін жетеді.
Төбесінде үйінділері жоқ зираттарды қорым немесе зират немесе қабір деп атайды.Қорғандардың жиынтығын-қорғандар деп аталады. Қорғандар және зираттарда табылған заттарды жерлеу инвентары деп аталады. Қорғандар және зираттардың көбісі көне заманда тоналып кеткен. Бірақ қалған заттарда өте көп тарихи мәлімет береді. Археологиялық деректердің қатарына рудниктерді, тасқа салған суреттерді, архитектуралық құрылыстарды да жатқызады.
Жалпы айтқанда, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған заттардың барлығы археологиялық ескерткіштердің қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |