Археологиялық зерттеу обьектісінің тарихы


Археологияны оқытудың өзектілігі және ерекшеліктері



бет2/3
Дата15.10.2023
өлшемі23,28 Kb.
#115423
1   2   3
Археологияны оқытудың өзектілігі және ерекшеліктері
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар археологтардың зерттейтін негізгі деректері болып келеді. Осы факт археология ғалымның өзгешілігін құрайды. Археологтар зерттейтін заттар негізінде көне зираттарда немесе ежелгі заманында адамдар қоныстанған жерлерде табылуы мүмкін. Ол дүние өмірге сенгендіктен, адамдар, бұл дүниеден кеткен адамдарды қасына кейбір заттарды қойып жерлейтін. Сондықтан археолгтар қабірлерді зерттеген кезде сүйектердің қасына ыдыс-аяқ, темірден, қоладан, мыстан жасалған заттарды табады. Адамдар тұрмаған жерлерде заттар табылуы мүмкін емес .Алғашқы қоныстанған адамдар өздеріне үй салатын. Үйлерінен күл-қоғыс, тамақтың қалдықтарын, бұзылған бүлінген үй тұрмыстық заттарды шығарып тастайтын. Бұл заттардың үстіне шаң түсетін. Біраз уақыттан кейін жердің деңгейі көзге көрінбей көтерілді. Осылай адамдардың қоныстары жердің астында қалып кетеді археолгтар табылған заттарды, көне заманның тарихын көз алдында келтіреді. Археолгтардың зерттейтін заттары әртүрлі: еңбек құралдар, қару, әшекей бұйымдар, ыдыс –аяқ ,тыйындар, ежелгі мөрлер, үйдің қалдықтары, шеберханалар, бекіністер, заттардың үстіндегі жазбалар және т.б. сонымен, археологияның зерттейтін пәнін ,материалдық мәдениетін де көрсетілген адамзаттардың тарихы құрайды .
Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зеріттейді. Яғни, адамның іс әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді . Оның бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ . Сондықтан археолгтар деректерді негізгі түрлерге бөлінген. Археологиялық деректер барлық жерде табылмайды. Олар негізінде адамдар қоныстанған жерлерде, немесе адамдардың іс-әрекетіне байланысты жерлерде табылады.Ондай жерлер көп емес . Сондықтан археолгтар деректерді екі түрге бөлген. Олар: қоныстан табылған заттар және қабірлерден табылған заттар. Яғни, оларды қоныс және қорым деп қоюға болады. Сонымен археологияның зеріттейтін обьектісі болып археологиялық ескерткіштер табылды.
Мәдени қабат
“ Мәдени қабат” терминінің түсінігі.
Жазба деректердің сақталатын және зерттелетін орны архив болып табылады. Заттай деректер өте аз. Археологиялық ескерткіштердің сарқылмайтын қоры –жер. Мәдени қабат деп. аталатын нәрсе –археологтың архивы болып табылады
Мекенжайларды қазу барысында мамандар ежелгi адамдардың тiршiлiк iздерi сақталған қабат – мәдени қабатқа тап болады. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқаны мен оның қалыңдығы аса маңызды. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқанына және одан табылған заттарға қарап, бұл жердi адам баласы қашан және қанша уақыт мекендегенiн анықтауға болады. Мысалы темiр ғасырының мекенжайлары жердiң бетiне жақын орналасса, тас дәуiрiнiң тұрақтары әдетте жердiң бетiнен едәуiр тереңдiкте сақталған.

Кейде бiр мекенжайдың орнында әртүрлi археологиялық кезеңдерге жататын бiрнеше мәдени қабат кездесуi мүмкiн. Мекенжайдағы тiршiлiк үздiксiз ұзақ уақыт жалғасқан жағдайда мәдени қабат бiрiнiң үстiне бiрi түседi. Оларды құрамында ешқандай археологиялық артефактiлер кездеспейтiн, құмнан немесе топырақтан түзiлген аралық қабат бөлiп жатуы мүмкiн. Бұндай жағдайда мекенжайдағы тiршiлiк белгiлi бiр уақыт аралығында үзiлiп, араға белгiлi бiр уақыт салып қайта жалғасқан деуге болады.


Археологиялық мәдениет түсiнiгi: бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi археологиялық заттардың кешенiн қамтиды. Кейде археологиялық мәдениет өздерiнiң шаруашылығы мен рухани дамуы жағынан бiр-бiрiне жақын, шығу тегi, тiлi, материалдық және рухани мәдениетi ортақ бiр этникалық адамдар қауымдастығына тән болуы мүмкiн. Археологиялық мәдениеттер әдетте шартты түрде алғаш зерттелген жердiң атымен (Атбасар, Андрон, Беғазы-Дәндiбай т.т.), немесе археологиялық ерекше белгiлерiне қарай (Катакоба, Бесшатыр, Тасмола т.т.) аталады. Археологиялық мәдениет заттай деректердi жiктеу (классификация) мен жүйелеудiң (систематизация) негiзi болып есептеледi. Барлық археологиялық заттар мәдениеттiң қайсы бiр түрiне жатады.
Адамның іс- әрекеті нәтижесінде,жер бетінде материалдық заттармен, құрылыстармен және т.б. түрінде көрсеттілген іздері сақталады.Солардың ішінде көбісі уақыт өткеннен кейін жердің астында қалып кетеді.Мысалы,ескі үйдің орнында жаңа үй салынған кезде, оның астында ескі үйдің қалдықтары қалып кетеді.(фундамент,қабырғаның төменгі жақтары).Осылай, біраз ғасырлар өткеннен кейін қатпарлар пайда болады.Осы қатпарларды тастап кеткен қоғамдардың мәдениетінің деңгейін, қабаттарда табылған заттар көрсетеді.Сондықтан осылай пайда болған жердің қабатын “мәдени қабат”деп атайды.Сонымен,мәдени қабат дегеніміз адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған, тарихи құралған қатпарлардың жүйесі.
Мәдени қабаттың қалыңдығы әртүрлі болып келеді.Мысалы,Москваның шет жақтарында мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Ал орталығында 8 м. дейін жетеді. Навгородтың мәдени қабатының қалыңдығы 9м.-ге дейін жетеді.Әлемде ең қалың мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Әлемде ең қалын мәдени қабат Месопотамияда –20м. және Орта Азияның кейбір қалашықтарында –34м. дейін барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет