Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы
нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды облыстық
соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;
2) осы Конституциялық заңда облыстық
соттың басқа органдарының
құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы жеті
мүшеден – облыстық соттың төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан,
Судьялар
одағы филиалының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның
төрағасынан, сондай-ақ облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге
жіберетін екі судьядан тұрады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының
төралқасын облыстық соттың
төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі
болған кезде құқықты болады.
4. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын
ұйымдастыру облыстық соттың жалпы отырысы
бекітетін регламентпен
айқындалады.
Ескерту. 2-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.11.2014 N 245-V
Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
РҚАО-ның ескертпесі!
17-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 04.12.2015 № 437-V
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: