Архивтік нұсқа Редакциялау күні


-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата13.04.2023
өлшемі445,96 Kb.
#82165
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы
1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының 
сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары 
бойынша республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде заңдылықты 
сақтау мәселелерiн қарайды;
3) сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрмелер береді, 
нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар 
енгiзедi;
3-1) 
алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 245-V Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі);
4) Жоғарғы Соттың сот алқалары, Сот жюриi төрағаларының және 
уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы 
47-бабының 2-
Конституциясының
тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
6) облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, 
Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына 
кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады, кадр резервіне 
алынған адамдардың тізімін бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.07.2015 № 340-V 
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс 
Хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi, сондай-ақ 
жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды;


Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
7-1) сот төрелiгiн iске асыруының сапасы төмен немесе сот iстерiн қарау 
кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды 
Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары 
бойынша тиiстi шешiм шығарады;
7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;
7-3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін 
бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
7-4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.07.2015 № 340-V 
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультивтік кеңес туралы 
ережені және оның құрамын бекітеді;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем 
дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртiбi өзi бекiтетiн 
регламентпен белгiленедi.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 
 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
 
 
баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
 
 
енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 
Конституциялық заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
22-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 04.12.2015 № 437-V 
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет