Брр сессия Өлкетану ешт-23



бет1/3
Дата21.11.2022
өлшемі45,7 Kb.
#51400
  1   2   3
Байланысты:
Өлке Анонм


БРР Сессия Өлкетану ЕШТ-23

1. 1884 ж. Торғай даласында қазба жұмыстарын жүргізген кім? В.В. Радлов


2.Топонимикалық материал жинақтаудың негізгі әдісін ата археологиялық қазба жұмысын жүргізу
3. Елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы ескерткіш
4. Тарихта болған оқиғаны нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен байланыстырады Топонимика, Онамастика
5. Орталық Қазақстан экспедициясының бірінші бөлігін кім басқарды? А.М.Оразбаев
6. Орталық Қазақстан экспедициясының екінші бөлігін кім басқарды? Ә.Х. Марғұлан
7. Орталық Қазақстан экспедициясының үшінші бөлігін кім басқарды? М.К.Қадырбаев
8.Өлкетану түсінігі Белгілі бір өңірдің табиғатын, шаруашылығын зерттеу
9.Өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттары Белгілі бір өңірдің табиғатын, шаруашылығын зерттеу
10. Өлкетанудың ғылым ретінде қалыптасқан кезеңі ХІХ ғ
11.Тарихи өлкетанудың ең негізгі дерек көздері Топономикалық және этнографиялық
12. Қазақстандағы бірінші Өлкетану жұмыстарындағы зерттеу орталығы болған Орынбор
13. ХҮІІІ-ХІХ Қазақстанды зерттеген шетелдік өлкетанушылар П.С.Паллас және П.И.Рычков
14. Революциядан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы өлкетану жұмыстарының негізгі орталығы ҚазКСР-нің Ғылым Академиясы
15. ХІХ ғ Қазақстанды зерттеу үшін құрылған экспедицияны басқарған статист-өлкетанушы, әрі азаттық қозғалыстың өкілі Ф.А.Щербина
16.Қазақстан өлкетануында қомақты еңбектер атқарғандар Қ.И.Сәтбаев, Ә.Х.Марғұлан
17. Торғай қала статусына қай жылы ие болды? 1868 ж
18. Торғай бекінісі салынған уақыт 1845 ж.
19. Өлкенің тарихын, табиғатын, экономикасын зерттейтін пән Өлкетану
20. Торғай облысы Дала генерал-губернаторлығының құрамына енген уақыт 1882 жылы 28 мамыр
21. Елдің, облыстың, ауданның, қаланың немесе ауылдың табиғи жағдайы мен табиғат байлықтарын жан-жақты зерттеу қалай аталады? Өлкетану
22. Аймақтың табиғат жағдайын, тарихын, этнографиясын, мәдениетін, археологиясын, халқын, шаруашылығын кешенді зерттеу өлкетанудың негізгі мақсаттарына жатады
23. Патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедициялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде Қазақстанға не енді? Өлкетану
24. Қазан төңкерісіне дейін ХІХ ғасырда Қазақстанның ғылыми-танымдық өлкетануында Орыс география қоғамының Орынбор бөлімшесі құрылған уақыт 1868 ж
25. Өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысқан бөлімше Орынбор бөлімшесі
26. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан белсене қатысқандар Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов
27.“Торғай ” топонимінің Торы Қыпшақ пен Оғыздың қай тайпасының одағынан, яғни Торы және қай деген сөздердің бірігуінен деп жорамал жасаған кім? Сейітбек Нұрханов
28. Торғай өзенінің Сауық деп белгіленуі қандай еңбекте? “Книга Большого чертежа” еңбегінде
29. Торғай өзенінің тарихтағы атауы – “Сауық” (Сокук) деп те аталған. Ол жайында жазған кім? парсы саяхатшылары Әбу-Саид Кардизи мен Хафиз Таныш
30. Торғай облысының құрылған уақыты 1970 жылы 23 қарашада
31. Торғай облысының таратылған уақыты 1988 жылдың 2 маусымында
32. 1990 жылдың тамыз айында не болды? Торғай облысы қайтадан құрылды
33. Торғай облысы құрылған уақытта әкімшілік орталығы болған қала Арқалық
34. Торғай облысының құрамына кірген аудандар саны 9
35. Google бағдарламасының ғарыштық түсірілімінің көмегімен алғаш Торғай аумағынан 2007 жылы не табылды? геоглифтер
36. Бұланты шайқасында есімі алты алашқа мәлім болған батыр кім? Тілеулі батыр
37. 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері Орта жүзге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен, алғаш рет 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста ерлік көрсеткен батыр кім? Шақшақ Жәнібек батыр
38. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы күрес басшыларының бірі, орта жүздің Арғын тайпасының Төлек руынан шыққан белгілі батыр, қолбасшы кім? Жәуке батыр
39. Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшыларының бірі, Кенесары Қасымұлының сенімді серігі, Орта жүз Қыпшақ тайпасының Ұзын тармағынан тарайтын Кедел руының Бегімбет атасынан тарайды Иман батыр Дулатұлы
40.1837-47 ж. Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. Иман батырдың досы, арғы тегі Орта жүз - ұзын қыпшақтың алтыс тармағына жататын сары (өтетілеу) атасынан бастау алады Қошқар Батыр Дауұлы 
41.1908 жылы болыстыққа өткен Тілеулі батыр ұрпағы, Торғай көтерілісінің қолбасшысы Қошқар Батыр Дауұлы 
42. 1916 жылы Торғайда ұлт-азаттық көтерілісі басталғанда Әбдіғапар ханның әскерінде мергендер тобын басқарған, сол көтеріліс кезінде Торғай қаласына шабуыл, Құмкешу, Күйік, Батпаққара, Доғал соғыстарының бәріне де қатысқан Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы
43. Ел тарихында құралайды көзге атқан деп сипаттайтын ғажайып қолмергендігі ақиқаттан шығып, аңызға айналған батыр кім? Кейкі Батыр
44. 1916 жылы орын алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Иманов
45. "Қазақ" газетінің редакторы, 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын ұйымдастырып, бағдарламасын жазған. Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарған кім? Ахмет Байтұрсынов.
46. 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене ат салысқан кім? Міржақып Дулатов
47. 1910 — 1912 жылдары «Николай Степнов» деген атпен ЕуропаТаяу ШығысАфрикаАзия елдеріне жаяу саяхат жасады, 1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады, Торғай облысының төтенше соғыс комиссары, 1-ші Торғай облысы Кеңестердің съезінің төрағасы Әліби Жанкелдин
48. Шығыс Түркістанды зерттеу ісінің негізін қалаған кім? Шоқан Уәлиханов
49. Халық ағарту ісін ұйымдастырушы, әрі ұстаздықпен қатар ана тілінде тұңғыш оқулық жазған автор Ыбырай Алтынсарин
50. Торғай жерінің алғашқы атауы Орынбор бекінісі
51. Тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме Мұражай
52. Амангелді ауданындағы 1969 жылы 9 желтоқсанда негізі қаланған атындағы мемориалдық мұражай қандай тарихи тұлғаға арналған Амангелді Иманов
53. Кеңес дәуірі кезінде Қазақстан республикасының министрлер советінің төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың өкімімен Торғай қаласында екі қатарлы сәулетті ғимаратта Әліби Жангелдиннің ерлік істері мен өмір жолы, азаттық жолындағы тұлғаға арналған мұражайдың ашылған уақыты 1984 жылы күзде
54. 1976 жылы Арқалық педагогикалық институтынан ашылған мұражай Ы.Алтынсариннің мемориалдық-педагогикалық мұражайы
55. 1991 жылдың 8 маусымында Торғай елінде ашылған мемориалдық мұражай Шақшақ Жәнібек Ақаң мен Жахаң
56. 1993жылы Торғай қаласында мұражайды құнды деректермен толықтырылып, батырдың Абылайхан тұсындағы жоңғарлармен ұрыс кезіндегі қалмақ батырымен жекпе-жегін бейнелеген үлкен зал бар мұражай кімге арналды? Шақшақ Жәнібек батырға
57. Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайының негізін қалаған Өзбекәлі Жәнібеков
58. Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайының алдында орналасқан жәдігерлер Экскаватор шөміші мен Ғарыш кемесінің капсуласы
59. Арқалық педагогика институтына Ы.Алтынсарин есімі қай жылы берілген 1977 жыл
60. Арқалық қаласының негізі қай жылы салынды 1956 жылы
61. Ы.Алтынсарин бізге Ломоносов қана емес, қырғыз ісінің алғашқы пайғамбары...» деп баға берген кім? 1889 ж. ресми басшылары
62. 1850 жылы 22 тамызда Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін арнаулы мектеп ашылған қала: Орынбор
63. Торғай атауы тарихта қай кезден бастап кездесе бастайды XV-ғасырдан
64. Торғай өңірінен шыққан халқымыздың көрнекті ағартушысы, оқытушы және мемлекеттік қоғам қайраткері Нұрғали Құлжанов.
65. Әйелдер теңдігі мәселесін көтерген, Торғайдан шыққан тұңғыш журналист-публицист, педагог-оқытушы, қоғам қайраткері Назипа құлжанова
66. 1970 жылы ашылған Торғай облыстық партия комитетінің хатшысы, қазақ халқының (Торғай өңіріне үлес қосқан) ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері, этнограф, тарихшы Өзбекәлі Жәнібеков
67. 1978 жылы Торғай облысына «халық шаруашылығын нығайту үшін жіберілген», Торғай облысы партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметін атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбеков.
68. В.В.Радлов Торғай даласында қазба жұмыстарын жүргізді 1884ж
69. Жақан Қосабаев Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1993 жылдың 22 маусымында әкім болып тағайындалды Торғай облысына
70.Амангелді ауданы Байғабыл ауылының тумасы, мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы,1991–1996 жылы ҚР-ның вице-президенті Ерік Асанбаев .
71. 2013 жылғы 15 қазанда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, III-V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов
72. 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған, экономист-ғалым, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері, 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Кенжеғали Сағадиев.
73. 1990 жылы Торғай облысы екінші рет ашылғанда Торғай өлкесінің мәдениет басқармасының бастығы болып тағайын­далған Жұмағали Сүлейменұлы
74.Топонимикалық материал жинақтаудың негізгі әдісі Археологиялық қазба жұмысын жүргізу
75.Топонимиканың неше категориясы бар 2
76.Ауызша, жазбаша жәдігерлер, кино – фото құжаттарын құрумен, талдаумен, жүйелеумен айналысатын ғылым Деректану ғылымы
77. Әр халықтың өзінше тұрмыс – салтын, әдет – ғұрпын зерттейтін ғылым Этнография
78. Ғабдоллаұлы Сатыбалды кім болды Ишан, құран қари,дін қайраткері
79. Оқиғалардың болған жылы, күні бойынша баяндайтын аса маңызды жазба деректер жиынтығы Жылнама
80. Кісі есімдерінің шығу тарихын зерттейтін ғылым саласы: Антропонимика
81. 1886 жылы Торғай уезінде туған, ақын, дін қызметкері, Алаш қайраткерлерінің сенімді серігі болған, 1926 жылы Торғай уезіне мұхтасиф болып тағайындалған кім? Әлмағамбет Оспанұлы
82. Елтаңбалар мен рәміздер туралы ғылым саласы Геральдика
83. 1840-1913 жылдары өмір сүрген, Қыпшақ руының Қотыран атасынан тараған әулие, көріпкел Құлымбет Тәтібекұлы
84. 1690 ж. Ұлытау өңірінде туып, 1780 ж. Торғай даласында қаза тапқан, найман руынан шыққан, Абылай хан заманында ханның кеңесшісі, хан алқасының мүшесі болған, байсалды, ақылды, әулие кісі Құтан Аталықұлы
85. Ұзын қыпшақтың тілеулі руына жататын әжіқабай атасынан шыққан. Рулас Тілеулі батырмен достық қарым-қатынаста болып, ел ішінде дау-дамайларды бірге шешкен. Ұзақ жасап, білгір де әділетті, даналық қасиеттері үшін көзі тірісінде абыз атанған көріпкел, әулие Назар Абыз , әулие.
86.Тарихта болған оқиғаны нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен байланыстырады Топонимика онамастика
87. Файзолла Сатыбалдыұлы ақын ретінде 30 жылдардағы қанды репрессияны, өлім мен ажал ойнап тұрған шақты дәл бейнелеген шығармасы Ұзақ жол дастаны .
88. “Есім сері”, “Қарға”,“Күләндам”, Амангелді дастандарын жазған Торғай ақыны Нұрхан Ахметбеков
89. «Дала қоңырауы», «Жер астындағы жұлдыздар», «Қанатты жылдар», «Беласар», «Жұлдызды тағдырлар», «Құрдастар» атты өлеңдер жинағының авторы, ақын Ғафу Қайырбеков
90. Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым этнография
91. Ақын Ғафу Қайырбековтің өмір сүрген уақыты 1928-1994жж.
92. Сатирик, ақын, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін зерттеген этнограф Қойшығара Салғараұлы кім болды Сейіт Кежеахметұлы
93. Қазақ топонимикасын зерттеген ғалым А.Ғ.Қоңқашбаев
94. Пайда болу жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі Топонимика
95. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында қандай бағдарлама қолға алынды Туған жер
96. Адамзат баласы қоғамының тарихын, әсіресе алғашқы қауымдық қоғамның тарихын зерттеуде бірден-бір дерек – ...........болып табылады Архитектуралық ескерткіштер
97. Қазақ(қырғыз) өлкесін зерттеу қоғамы қай жылы ұйымдастырылды 1921 жылы 5 ақпанда
98. Қазақстанды зерттеу қоғамының бөлімдері Торғай,Павлодар
99. Ең алғаш рет археологиялық карта жасалды 1927жылы
100. Ежелгі Торғай жеріндегі архитектуралық құрылыстар қай уақыттан бастап салына бастаған XIX ғасырдың II жартысынан
101. Өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттары  Мемлекеттік, қоғамдық, мектептік
102. Мектептегі өлкетану жұмыстарының мақсаттары Білім беру және жеке тұлғаны дамыту
103. Қараторғай өзенінің екі жағалауына орналасқан YIII-IX ғасырдан сақталған сәулет өнер ескерткіштерінің бірі Екідың
104. Тарихи өлкетанудың ең негізгі дерек көздері Топономикалық және этнографиялық
105.Қазақстандағы бірінші Өлкетану жұмыстарындағы зерттеу орталығы болған Орынбор
106. ХҮІІІ-ХІХ Қазақстанды зерттеген шетелдік өлкетанушылар П.С.Паллас және П.И.Рычков
107. Арқалық–Амангелді тас жолы бойында Қарынсалды өзенінің шығыс жақ қыратында, Амантоғай ауылынан Арқалыққа қарай шамамен 10 шақырым жерде орналасқан кесене Құтан әулие кесенесі.
108. Тарихи өлкетанудағы ауызша деректің негізгі түрлері аңыз әңгімелер мен жырлар
109. Екідің ауылының маңында орналасқан, өзінің көрікті де ерекше таңғажайыптарымен көз тартатын тарихи ескерткіш Маятас
110. Қайыңды ауылынан 7 шақырым жерге қандай әулиеге арнап үлкен кесене салынған Назар Әулие
111. Археология грек тілінен аударғанда қандай мағына береді аrchaios-ескі, logos-білім
115.XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында Арқалық ауданы, қазіргі Қараторғай ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде, Екідің мен Жаңақала ауылдарының ортасына орналасқан, ағайынды Байқожа мен Айқожаға арнап тұрғызылған екі кесене Қос Там
116. Республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, Амангелді ауданы Сарыторғай ауылынан 45 км жерде Қараторғай өзенінің жағасына орналасқан, шамамен 1873 жылдары салынған кесене Махат Сахнатамы
117. 2010 жылы Арқалық қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 100 шақырым жерде ақ күмбезді бой көтерген кесене кімге арналған Әбдіғаппар хан
118. Бектепберген Үдербайұлы кім болды Ұста
119. Өлкетану пәні нені зерттейді Туған өлке тарихын
120.Қазақстандағы алғашқы тарихи өлкетану қозғалысы ХХ ғ. 20-30 ж.ж.
121.Бірінші ғылыми-өлкетану бүкілқазақ съезі қай жылы өтті? 1930 ж
122.Көгентаев Сәдуақас кім болды? Ұста
123.«Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқаруы туралы уақытша ереже 1868 жылғы 21 қазанда жарияланған, сол бойынша Торғай облысы қандай уездерге бөлінді» Елек, Ырғыз, Торғай,Николаев
124.Торғай газеті қай жылы және қай қаладан шықты? Орынборда 1895-1910 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет