Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата
редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк
нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.07.2015 № 340-V
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Облыстық соттың органдары:
1) жалпы отырыс;
1-1) жалпы отырыстың төралқасы;
2) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі
апелляциялық сот алқасы;
3) қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы;
4) кассациялық сот алқасы болып табылады.
Апелляциялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген
тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.
Кассациялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген
тәртіппен лауазымға тағайындалатын облыстық сот төрағасы басқарады.
4. Сот алқасының сандық және
дербес құрамын облыстық сот
төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.
5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы
жасақтайды.
6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік
қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган –
Қоғамдық кеңес құрылады.
Қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 559-IV
(2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Конституциялық заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: