|
Арикуляциялық жаттығулар жинағы «Тәтті тосап»
|
Дата | 17.10.2023 | өлшемі | 1,25 Mb. | | #117067 |
| Байланысты: артикуляциялық жаттығулар
Арикуляциялық жаттығулар жинағы
«Тәтті тосап»
Жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.
«Сылақшы»
Ауызды кең ашып тұрып тілдің ұшын жоғарғы таңдайға тигізіп алға артқа қозғалту. /10 рет қайталау/.
«Ат шауып келеді»
Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу.
«Саңырауқұлақ»
Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Құймақ»
Күлімсіреп аузымызды ашамыз. Жалпақ тілді астыңғы еріндерімізге қоямыз.
«Тоқылдақ»
Ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарғы альвеолаға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек. Бала Д-Д-Д немесе Т-Т-Т деп айтуы керек.
«Алтыбақан»
Жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға қарай созу, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
«Сағат»
Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап козғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|