Қарым-қатынас адамның психологиялық денсаулығын дамытудың маңызды факторы ретінде аяпбергенова А



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі282,88 Kb.
#8389

http://www.enu.kz

 

 



ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АДАМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН 

ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ 

 

Аяпбергенова А.  

Абай атындағы ҚазҰПУ  

http://www.enu.kz

 

 

       Бүгінгі күнде адамдар арасындағы қарым-қатынас – қарапайым және  күрделі мәселе. Қарым-



қатынас  психология  ғылымының  басты  категориясының  бірі  болып  табылады.  Жеке  тұлғаның 

дамуында қарым-қатынас мәселесінің маңызы аса жоғары орынға ие. 

Қарым-қатынас  –  адамдар  арасында  ӛзара  білім,  тәжірибе  алмасу  құралы  болып  та 

табылады.  Адам  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  арқылы  еңбек  етіп,  ӛзінің  материалды 

және  рухани  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарын  қанағаттандырады.  Ӛмірге  келген  алғашқы 

сәттерден  бастап  қарым-қатынас  баланың  психикалық  дамуының  негізгі  факторы  болып 

табылады. Бұл жайында психолог Л.С.Выготский /1/ «бала дамуы үлкендермен жасалған қарым-

қатынас барысында орындалады» - деген. 

Қарым-қатынассыз  жеке  адамның  ішкі  жан-дүниесін  түсіну,  оның  мінезіндегі 

ерекшеліктерді ұғыну, оны танып білу, оның психологиялық денсаулығы жайында қандай да бір 

мәлімет алу мүмкін емес.  

Тиімді  қатынас  орнату  мақсатында  адамдар  бір-бірімен  қарым-қатынасқа  түсу  арқылы 

жоғарыда  аталған  бойындағы  психологиялық  қасиеттерін  ашады.  Сонымен  қатар  сол  қасиеттері 

қарым-қатынас  барысында  ары  қарай  қалыптасуын  жалғастыра  береді.  Адамдармен  қарым-

қатынаста  адамның  адамзаттық  тәжірибелерді  игеруі,  қалыптасқан  мораль,  құндылықтар,  білім 

мен  іс-әрекет  түрлерін  меңгеруі,  жеке  тұлға  түрінде  қалыптасуы  да  жүзеге  асады.  Яғни  қарым-

қатынас адамның психологиялық  денсаулығын дамытудың маңызды факторы болып табылады.  

Қарым-қатынас  ұғымы  С.И.  Ожегов  /2/  сӛздігінде  ӛзара  келісім,  іскерлік  және  достық 

байланыс  арқылы  анықталады.  Кӛптеген  психологиялық,  педагогикалық  және  әлеуметтану 

саласындағы  зерттеулерде  қарым-қатынас  ұғымы  ӛзара  әрекеттестік,  байланыс  ұғымдарымен 

жақын  мағынада  қолданылады.  Сонымен  қатар  қарым-қатынас  ӛзара  әрекеттесудің,  қатынасты 

тиімді  жүзеге  асырудың  тәсілдері,  дағдылары,  құралдары,  адамның  қабілеті  мен  қасиеттері 

жүйесінде  қарастырылады.  Қазіргі  кезде  қарым-қатынас  мәселесі  педагогика,  философия, 

психология,  әлеуметтану,  психолингвистика  сияқты  салалардағы  ғалымдармен  жан-жақты 

зерттелу үстінде.  

«Қарым-қатынас» ұғымының кӛп анықтамаларының арасында біз оны  «коммуникативтік 

іс-әрекет» 

ұғымымен 

синоним 

ретінде 


қарастыратын 

(А.Н.Леонтьев, 

М.И.Лисина, 

Х.Т.Шерьязданова,  Т.И.Суркова  және  т.б.)  /3/  позицияларына  жүгініп,  М.И.Лисинаның  /4/ 

анықтамасын  арқау  етеміз.  Осылайша,  қарым-қатынас  деп  -  екі  немесе  одан  да  кӛп  адамдарың 

арасындағы  қатынастарды  реттеуі  мен  ортақ  нәтиже  алуды  мақсат  етіп,  келісім  мен  бірлестікке 

бағытталған  ӛзара  әрекеттерін атаймыз.  А.Н.Леонтьев  іс-әрекеттің қандай түрі болмасын қарым-

қатынаспен  сабақтастықта  болады  деп  түсіндіреді.  Ол  іс-әрекетті  қарым-қатынастың  қажетті 

шарты ретінде қарастырады.   


http://www.enu.kz

 

 



Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың кӛпшілігі (М.И.Лисина, 

А.В.Петровский,  К.Обуховский,  В.С.Мусина  және  т.б.)  адамдардың  қарым-қатынасты  жүзеге 

асыруын  қажетсіну,  басқа  адамды  танып-білуге  ұмтылу,  ниет  білдіру  ерекшеліктері  деп 

түсіндіреді. Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар арасындағы қарым-

қатынас  мәселесі  басты  орын  алады.  Бұл  қарым-қатынасты  анықтауда  арнайы  «педагогикалық 

қарым-қатынас» деген ұғым қолданылады.  

Педагогикалық 

қарым-қатынас 

А.А.Бодалев, 

В.А.Кан-Калик, 

Я.Л.Коломинский, 

В.А.Петровский,  А.А.Леонтьев,  Адлер  Р.Б.  т.б.  еңбектерінде  мазмұны,  формалары,  тәсілдері 

бойынша  сипаталады  /5/.  Педагогикалық  қарым-қатынас  педагог  пен  балалар  арасындағы  нақты 

психологиялық  контракт  деп  түсіндіріледі.  Педагогикалық  қарым-қатынас  негізінде  балалардың 

мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі.  

Мектептегі  психологиялық  қызмет  үшін  балалардың  қарым-қатынас  ерекшеліктерін 

зерттеу,  анықтау  және  оны  түзету  мәселелері  кӛкейтесті  мәселе  болып  табылады.  Ӛйткені  бала 

ӛзін-ӛзі  анықтаудың  күрделі  мәселелерін  жалғыз  ӛзі  шешпейді,  ата-анасының,  құрбы-

құрдастарының,  мұғалімдерінің  қолдауымен  шешеді.  Дегенмен  бала  жеткіншек  кезінен  ӛзінің 

есеюін сезіне бастағаннан үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. 

Олар  ата-аналарынан  және  басқа  ересек  адамдардан  қарым-қатынасты  тең  дәрежеде  жүргізуді 

талап етеді. Мұндай беталыс  жасӛспірімдік кезеңінде де жалғасады. Баланың ӛзін-ӛзі анықтауы, 

қарым-қатынас  ерекшеліктерін  меңгеруі,  басқа  балалар  ортасында  абыройлы  болуы  – 

ересектермен  қарым-қатынас  жасау  барысында  қалыптасады.  Басқаларға  әсерлі  болудың  жолын 

әлі  меңгермеген  бала  оны  орынсыз  сӛздермен  немесе  ерекше  қылықтармен  кӛрсеткісі  келеді. 

Сондықтан балалар мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен, ол қандай болу 

керегін  және  оны  қалай  дамыту  керек  екенін  әлі  түсіне  алмағандығынан,  кӛптеген  қателіктер 

жіберіп, келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. 

Жеткіншекке ұжым ӛміріне қатысқаны, басқалармен бірге болуы, біртіндеп жасӛспірімдік 

кезеңде  құрбы-құрдастарының  оны қабылдауы,  топқа  ӛзін қажет деп сезінуі,  онда  бір  бедел  мен 

құрметке жетуі аса маңызды. Ұжымдағы мәртебесінің тӛмен болуы баланы алаңдатады, қобалжу 

сезімі  пайда  болып,  ӛз-ӛзіне  сенімсіз,  ерік-жігері  әлсіз  күйде,  яғни  оның  топ  ішінде  ӛзін-ӛзі 

бағалауы тӛмендейді. 

Арнайы  жүргізілген  зерттеулер  адамдардың  басым  кӛпшілігі  ӛзінің  70%  уақытын,  ӛзара 

тілдесіп қарым-қатынас жасауға жұмсайтынын, ал жетекші қызмет пен басшылық ететін адамдар 

ӛздерінің жұмыс мерзімінің 80% уақытын осы қарым-қатынас жасауға жіберетінін кӛрсетеді. 

Ал,  педагог  еңбегінің  әсерлілігі,  нәтижелілігі  тікелей  қарым-қатынас  ӛнеріне,  сӛйлеу 

шеберлігіне байланысты болып келеді. Педагог қарым-қатынас негізінде жағдайды дұрыс бағалау, 

аудиториямен тиімді байланыс орнату, оқушыны дұрыс түсіну т.б міндеттерді шешуге тырысады. 

Оқушылармен ӛзара қарым-қатынасын ұйымдастыруға бағытталған, педагогтың коммуникативтік 

іс-әрекеті ұжымдағы балалар қарым-қатынасын ұйымдастырып басқару болып табылады. 

Мектепте  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  барысында  іскерлік  қарым-қатынасты 

ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-бірімен тіл табыса алу, ұйымшыл, басқалардың пікірімен 

санасу және құрметпен қарау қабілетін қалыптастырады. Психолог немесе педагог мамандар осы 

міндеттерді  шешу  үшін  оқушылардың  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру  жолдарын 

анықтап, әр оқушының басқаларға және ӛзіне ыңғайлы, жайлы болуына жағдай жасауы қажет.   



http://www.enu.kz

 

 



Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге кеңінен пайдаланылатын әдістемелер Э. 

Берн  /6/  жасаған  трансактілік  талдау  және  Дж.Морено  ұсынған  социометриялық  талдау  болып 

табылады. Бұл әдістемелерді пайдаланудың ӛзіне тән кӛптеген ерекшеліктері бар.  

Әр  адамның  қарым-қатынас  мәдениеті  оның  жеке-даралық  қасиеттерімен  де  тікелей 

байланысты.  Сондықтан  оқушылардың  қарым-қатынас  мәдениетін  зерттеуге  әлеуметтік 

психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдердің басым кӛпшілігін қолданумен қатар әр баланың жеке-

даралық  ерекшеліктерін  анықтау  қажет.  Осы  қарым-қатынас  барысында  әр  баланың  жеке 

позициясы  және  мінез  акцентуациясының  кӛрініс  беруі  т.б.  қасиеттері  үлкен  рӛл  атқарады. 

Сондықтан  оқушылардың  жеке-даралық  қасиеттерін  бағалау  үшін  тӛмендегідей  әдістемелерді 

қолдануға  болады:  Дж.Мореноның  «Социометрия»  әдістемесі;  оқушылардың  жеке-даралық 

қасиеттерін, коммуникациялық және ұйымдастырушылық қабілеттерін зерттеуге арналған (КОС) 

әдістеме;  Леонгардтың  «Мінез  акцентуациясын  зерттеу  тесті»;  агрессияны  анықтауға  арналған 

Басса-Дарки әдістемесі және т.б. 

Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  мәдениеті  оның  мінез-құлқын,  тәртібін  реттейді. 

Қарым-қатынаста  адамның  қас-қабағы,  бет-жүзінің  құбылысы,  дауыс  ырғағы,  жалпы  кӛңіл-күйі 

маңызды  қызмет  атқарады.  Адамдардың  жайдары  ӛзара  жақсы  қарым-қатынаста  болуы 

тілектестік, ниеттестікті білдіреді. 

Қарым-қатынас  – бұл ғылым әрі ӛнер. Бұл шығармашылықты талап ететін күрделі үрдіс. 

Айналадағы  адамдармен  эмоционалды  жағымды  қарым-қатынас  жасау,  ӛзгелермен  тіл  табысу 

әрбір адамның ӛмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып 

отырады. Тіл табысып, ӛзгелермен жағымды қарым-қатынас орнату әрбір адамның ӛзіндік талғам-

тілегін, ықылас-ынтасын жалпы адамға деген адами кӛзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым-

қатынас  нәтижесінде  адамның  кісілік  қасиеті,  ӛзгелерге  деген  қамқорлығы  мен  жанашырлық 

сезімі, ізгілік кӛзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен ӛмір сүрудің сан алуан сырларын біліп

адамның  жеке  басының  қадір-қасиеттерін  арттырады.  Қарым-қатынас  жасаушылар  ӛз  арасында 

кӛтерген мәселелері мен хабар алысу кезінде бірінің сӛзін бірі ынта қойып тыңдап, әңгіменің мән-

жайын  барынша  жете  түсінуді  мақсат  тұтады.  Жағымды  қарым-қатынас  барысында  адамда 

моральдық-саяси,  эстетикалық  сезімдер,  кӛркем  мінез  қалыптасады,  яғни  тиімді  қарым-қатынас 

орнатудың  нәтижесінде  адамның  психологиялық  денсаулығы  да  қалыпты  дамиды,  деп  айтуға 

әбден болады.  

Адам  –  ақыл  иесі  саналы  жан  ретінде  әлеуметтік  ортада  қоғамдық  жағдайда,  қоршаған 

әлеммен  қарым-қатынас жасау  барысында  ӛмір сүреді.  Әлеуметтік  орта  –  бұл  адамдардың  ӛзара 

қарым-қатынасынан тұратын қоғам. Ал, адамның сол әлеуметтік ортаға, қоғамға деген қатынасын, 

оған  деген  кӛңіл-күйін  білдіруі  –  әр  кез  психология,  әлеуметтік  психология  ғылымдарының 

зерттейтін мәселесі болып табылады. 

Сыртқы  әлеуметтік  ортаның  биологиялық,  психологиялық  және  әлеуметтік  сипаттағы 

қолайсыз  әсерлері  нәтижесінде  қалыптасқан  психикалық  күйлер:  шаршау,  қалғып  жүру,  үнемі 

қауіптену, торығу, жан күйзелісі, кӛңілдің бұзылуы, фрустрация түрінде болады. Қорқыныш пен 

үрейдің  бастамасы,  жан  күйзелістері,  эмоционалды  ширыққан  сезім  қалпы,  сабырсызданудан 

басталады.  Бұған  адамдардың  психоәлеуметтік  және  психоэмоционалды  торығуын  ауыр 

экономикалық  дағдарысты  қосуға  болады.  Созылмалы  дистресс  тек  тұрмыс,  ӛндіріс  мәселелері, 

әлеуметтік  жағдайлар  мен  медициналық  кӛмектің  жеткіліксіздігінің  нәтижесіне  ғана  емес, 

сонымен қатар, қазіргі кездегі адамдардың психикалық, сонымен психологиялық  денсаулығының 

тӛмендеп кету мүмкіндігі туралы күдіктің күштілігінен де пайда болады. 



http://www.enu.kz

 

 



Бүкіл  дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  анықтағандай  (БДҰ)–шын  мәніндегі 

денсаулық  –  дене,  психикалық,  әлеуметтік  және  психологиялық  үйлесімділік  болып  табылады. 

Адам  ӛмірінің  барлық  аспектілеріндегі  әлеуметтік,  дене,  эмоциялық,  рухани  және  ақыл-ой 

жетістіктерінің үйлесімділігі ғана ӛмірінің шын мәні болып табылады.  

Сонымен  денсаулық:  дене  саулығы,  жан  саулығы,  психикалық  және  психологиялық, 

әлеуметтік  саулық  болып  бӛлінеді.  Дене  саулығы  —  бұл  организмдегі  функциялардың  ӛзіндік 

айналымының жеткілікті болуы, физиологиялық үрдістердің үйлесімі және сыртқы ортаның түрлі 

факторларына барынша бейімделгіштік күйлері. Жан (психикалық) саулығы –  тек дене гигиенасы 

ғана  емес,  сонымен  бірге  психогигиена,  руханилықтың  ӛзіндік  тәрбиесін,  адами  тұрғыдағы 

ұстанымды, сана тазалығын да қамтиды. Психикалық саулыққа жету жолы  - интегралды тұлғаға 

жету  жолы.  Психикалық  саулық  -  психиканы  жаттықтыру,  психикалық  үрдістерді  (ес,  зейін, 

қиялдау  және  т.б.)  дамыту,  ақыл-ой  мен  сезімді  тәрбиелеумен  тығыз  байланысты.  Әлеуметтік 

саулық әлеуметтік белсенділікпен, адамның қоршаған әлемге деген белсенділігімен байланысады. 

Адамның  психологиялық  денсаулығының  қалыпты  болуы  адам  ӛмірінің  барлық  аспектілеріне 

қатысты: бұл жерде ӛмірдің әлеуметтік, физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық және рухани 

жақтарының  үйлесімділігі  қажет.  Егер  психологиялық  денсаулықтың  жақсы  болғандығын 

қалайтын  болсақ, онда жоғарыда  аталған  аспектілердің бірде  біреуіне  немқұрайлы  қарамауымыз 

қажет,  әсіресе,  адам  ӛзі ӛмір  сүретін  кез  келген ортада  жағымды  қарым-қатынас  орнату,  қарым-

қатынас мәдениеті мәселесіне аса назар аударғаны жӛн. 

Соңғы  жылдарда  әрбір  адам  ӛзінің  денсаулығын  жақсарту  үшін  қандай  да  бір  амал 

жасайтын болғандықтан, осы мәселеге деген қызығушылық танытуда. 

Адамның  психологиялық  денсаулығы-  бұл  қоршаған  ортаның  үнемі  ӛзгеріп  отыратын 

жағдайларында  жасына  және  жынысына  сәйкес  келетін  физикалық  және  психикалық 

тұрақтылықты  яғни  психологиялық  үйлесімділікті  сақтау  қабілеттілігі.  Табиғат  адам  ағзасын 

туғаннан  тұрақтылықтың  үлкен  қорымен,  ӛмір  сүру  мен  ӛзін-ӛзі  реттеуге  деген  қабілеттілікпен 

қамтамасыз  еткен.  Егер  шартты  түрде  денсаулық  деңгейін  100  %  деп  алсақ,  онда  20  %  тұқым 

қуалаушылық  факторларға,  20  %  сыртқы  орта  (экология)  факторларына,  10  %  медицина,  50  % 

адамның  ӛзіне,  оның  ӛмір  сүру  қалпына,  психологиялық  денсаулығының  деңгейіне  тәуелді 

болады.  

Ӛмір сүру қалпы – бұл адамның ӛз-ӛзімен және сыртқы орта факторларымен ӛзара қарым-

қатынасының жүйесі.  

Баланың  қалыпты  дамуы  үшін  отбасы  және  қоршаған  ортада  бала  ӛзін  қорғайтындығын 

сезінуі  шарт.  Баланың  қоршаған  ортамен  ӛзара  қатынасын  реттеудің  негізгі  механизмдері 

эмоциялық  қарым-қатынасты  орната  білу  қабілетіне  негізделген.  Тілек  пен  қажеттіліктер  тәрбие 

үрдісі нәтижесінде, қоршаған ортадағылардың қолдауы, не қарсы ықпалы негізінде қалыптасады. 

Егер  бұл  даму  үрдісі  қоршаған  орта  не  мидың  зақымдануына  байланысты  дұрыс  жүрмесе,  жеке 

тұлға дамуында ауытқу болады.  

Қарым-қатынас  мәдениетінің  қалыптасу  деңгейін,  оның  адамның  психологиялық 

денсаулығына әсер ету сапасын ӛлшеп кӛрсету ӛте қиын. Ӛйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, 

тәжірибелік  мәселелердің  тиімді  шешілгені  қарым-қатынастың  барысында  барлық  қатынасқан 

субъектілері  үшін  оң  жағдайда  жүргенін  кӛрсетуі  мүмкін.  Сондықтан  іс-шаралар  нәтижесі 

гуманистік, адамгершілік қасиеттерді сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық 

кӛрсетпей  жүргізу  бағытында  болғанда  ғана  қарым-қатынас  мәдениеті  сақталғаны  анық 

байқалады. 



http://www.enu.kz

 

 



Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы орта жағдайына байланысты ӛз мінез-

құлқының  моделін  жасап  оны  жүзеге  асырады.  Осы  модельге  кӛптеген  психологиялық 

кӛрсеткіштер  әсерін  тигізеді.  Г.М.Андреева,  Э.Берн  /6/  зерттеулерінде  келесі  кӛрсеткіштер 

анықталған:  адамның  дүниетанымы,  қарым-қатынас  объектісіне  кӛзқарасы,  ӛз  құқығы  мен 

міндеттерін  түсінуі,  ӛзін-ӛзі  бағалауы,  ӛзін-ӛзі  басқаруы,  ӛзін-ӛзі  реттей  алуы,  әдеттері,  қарым-

қатынас жасай алу тәжірибесі, мінезі, кӛңіл-күйі т.б. Осы аталған кӛрсеткіштерге сүйене отырып, 

оқушылардың  қарым-қатынас  орната  алу  қабілетін  дамыта  келе,  олардың  психологиялық 

денсаулығын едәуір жетілдіруге болады.     

Адам  қарым-қатынас  арқылы айналадағы дүние жайлы ақпарат  алады, еңбек  пен  тұрмыс 

дағдыларына  машықтанады,  адамзат  жасап  шығарған  түрлі  құндылықтарды  меңгереді.  Әрине, 

қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кӛп қырлы ұғым.   

Қорыта  айтқанда,  адамның  қарым-қатынасы  оның  кӛңіл-күйіне  аса  байланысты  болып 

келеді.  Кӛңіл-күй  адамның  ішкі  дүниесінің  құбылысы.  Адамдармен дұрыс  қарым-қатынас жасай 

білу  шеберлігі  адамның  ішкі  мәдениетіне,  біліміне  байланысты  десе  де  артық  емес.  Олай  болса, 

қарым-қатынасқа  түсу  үшін,  психологиялық  денсаулықты  қалыпты  сақтау  үшін  ортадағы 

адамдармен дұрыс ниетте болу абзал.  

 

Әдебиет 

1.

 



Выготский Л.С.Собрание сочинений: В 6 т. Т. 5. Основы дефектологии. М., 1983. 

2.

 



Ожегов С.И. Словарь русского языка. М.,1960.-с.427. 

3.

 



Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми.-Алматы, 1996. 

4.

 



Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М.,1997 

5.

 



Adler, R. B.  Confidence in communication: A guide to assertive and social skills.  New York: Holt, 

Rinehart & Winston. 1999 

6.

 

Берн  Э.  Трансактный  анализ  в  психотерапии:  Системная  индивидуальная  и  социальная 



психотерапия / Пер. с англ. А. Калмыкова и В. Калиненко. - М.: Академический Проект, 2006. 

— 320 с.  



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет