Қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде


Әлеуметтік психолог М.Г.Андреева



бет2/4
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82266
1   2   3   4
Байланысты:
Á. Ô. Ëîìîâ áåðä³ « ?àðûì-?àòûíàñ àäàì ò?ðìûñûíû? èíäèâèäóàëäû

Әлеуметтік психолог М.Г.Андреева

  • Сондай – ақ қарым–қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зерттеу барысында М.Андрееваның қарым – қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым – қатынасты бір – бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.

М.Андреева бойынша:

  • Қарым–қатынастың коммуникативтік жағы немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру – алмасу мәселесімен анықталады;
  • Интерактивтік жағы қарым – қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады;
  • Перцептивтік жағы адамдардың бірін- бірі қарым – қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді.
  • Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым – қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.

М.С.Каган - мәдениеттанушы, философ

  • Қарым-қатынасты филасофиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғалымдардың бірі.
  • М.С.Каган қарым- қатынасты “субъект арқылы өзара әрекеттесу” деп түсінеді.

М. С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын бөліп қарастырады:

  • - қарым-қатынас мақсаты субъектінің өзара әрекеттесуінен тыс (қарым-қатынастың іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлердегі, ойындардағы қарым-қатынас);
  • - қарым-қатынас мақсаты өзара әрекеттің өзінде (достық қарым-қатынас);
  • - қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, құндылықтарына ортақтастыру (тәрбие);
  • - қарым-қатынас мақсаты инициатордың өзін партнер құндылықтарына ортақтастыру (өзін-өзі тәрбиелеу).
  • Берілген жіктеуден қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі.Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынас қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан моралъ, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.

  • Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі.Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынас қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан моралъ, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет