Сондай – ақ қарым–қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зерттеу барысында М.Андрееваның қарым – қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым – қатынасты бір – бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.
М.Андреева бойынша:
Қарым–қатынастың коммуникативтік жағы немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру – алмасу мәселесімен анықталады;
Интерактивтік жағы қарым – қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады;
Перцептивтік жағы адамдардың бірін- бірі қарым – қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді.
Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым – қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.
М.С.Каган - мәдениеттанушы, философ
Қарым-қатынасты филасофиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғалымдардың бірі.
М.С.Каган қарым- қатынасты “субъект арқылы өзара әрекеттесу” деп түсінеді.
М. С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын бөліп қарастырады:
- қарым-қатынас мақсаты субъектінің өзара әрекеттесуінен тыс (қарым-қатынастың іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлердегі, ойындардағы қарым-қатынас);
- қарым-қатынас мақсаты өзара әрекеттің өзінде (достық қарым-қатынас);
- қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, құндылықтарына ортақтастыру (тәрбие);
- қарым-қатынас мақсаты инициатордың өзін партнер құндылықтарына ортақтастыру (өзін-өзі тәрбиелеу).
Берілген жіктеуден қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі.Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынас қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан моралъ, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.