Оба Оба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелерарқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.
Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады.
Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді.
Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі.