Пентагастрон, эуфиллин
Цианкобаламин
Прокинетиктерді
қолдану
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
«ПРОПЕДЕВТИКА ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР» КАФЕДРАСЫ
КАРДИОЛОГИЯ
Ситуациялық есеп
Тақырыбы: Артериялық гипертензия синдромы
Курсы: 4
Тобы: ЖМ-913
Орындаған : Момын Ш.А., Тиллабай А.М.
Тексерген : Дәулетова М.Д.
Түркістан 2022 жыл
Ситуациялық есеп:
Науқас , 73 жаста . Ауруханаға
басының қатты ауырсынатынына , жүрек аумағының шаншуына, мазасыздыққа, көзінің көруының соңғы уақыттарда нашарлап жүргеніне шағымданады. Алдын айтуы бойынша АҚ 150/90 болып жүрген , қатты күйзелістен АҚ 180/110-ға дейін көтеріліп ешқандай асқынусыз емделіп шыққан . Соңғы 4 айдан бері қан қысымы жиі көтеріліп , диазепам , бисопролол қабылдағаннан біраз түсетінін мәлімдеді. 15 жылдан бері қант диабеті бойынша есепте тұрып инсулин қабылдайды.
Тұқымқуалау анамнезі: Айтуынша анасы да 65 жасында қан қысымының көтерілуінен миына қан құйылып қайтыс болған.
Объективті тексеруде: АҚ 160/100 , ТЖ минутына 22 рет , ЖЖЖ - 85 р/мин, T - 36,8°C ,
Пальпацияда: Сол жақ шала тұйық шекарасы бұғанаорта сызықтан сыртта әрі төмен орналасқан
Аусульацияда: Аортадан ІІ
тон акценті , жүрек ұшында І тон бәсеңдеген , систолалық шу естіледі
ЭКГ-да:
Лабораториялық зерттеуде : қант 9,8ммоль/л , креатинин, мочевина, өт қышқылы қалыпты .
Жауаптар:
Синдромдарды анықтаңыз:
Артериялық гипертензиялық синдромы: бас ауру , АҚ көтерілуі (160/100) , аорта үстінен ІІ тон акценті , көру бұзылыстары (гипертониялық ангиопатия)
Кардиальді синдром: сол қарыншалық гипертрофия , жүрек аймағындағы ауырсыну
Гипергликемиялық синдром: Орта ауырлықтағы гипергликемия (9,8 ммоль/л)
Коронарлы синдром: ЭКГ-да патологиялық Q тісше (aVL тіркемеде)
Диагнозды құрастырыңыз:
Артериялық гипертония, АГ ІІ дәрежесі. Қауіп тобы ІV (сол қарынша гипертрофиясы , қантты диабет, гипертониялық ангиопатия)
Ілеспелі аурулар: Қант диабеті ІІ типі
ЖИА, Бастан өткерген миокард инфаркті
Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері:
ЭКГ (12 тіркемеде), ЭхоКГ, ЖҚА(мочевина, креатинин, холестерин, триглицерид, қант , белок және белок фракциялары) , ЖЗА, Биохимиялық анализ (холестерин, триглицерид, β-липопротеидтерді зерттеу)
Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу:
Препараттар:
Кальций антагонисттері : верапамил 80мг , күніне 2 рет
Диуретиктер : гидрохлортиазид 50мг 2 рет күніне
Антикоагулянттар: Ацетилсалицил қышқылы 100мг күніне 3 рет , тамақтан кейін
Ангиотензин рецепторлары антагонисттері : каптоприл 6,25мг 2-3 рет күніне
Бета- адреноблокаторлар : метапролол 100мг күніне 2 рет
Протондық насос тежегіштері: омепразол 20мг күніне 2 рет
Емдәммен - №10 стол, тұзсыз пісірілген тағамдар , сұйықтықты бақылаумен ішу
Кеңес – уақытылы ұйықтау , тұрмыста стресс жағдайының алдын алу.