ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ЖАҒЫ Вербалды коммуникация. Сөйлеу Сөйлеу, бұл - сөздік коммуникация, яғни тілдің көмегімен қарым-қатынасқа түсу. Вербалдық коммуникацияның басты құралы – сөз және оның қоғамдық тәжірибеде қалыптасқан мағыналары. Сөйлеудің түрлері Сыртқы сөйлеу Монологты Жазбаша Ауызша Диалогты Іштей сөйлеу Ауызша сөйлеудің ең қарапайым түрі диалог болып табылады, яғни қандай-да бір мәселені бірігіп талдайтын және бірлесіп шешетін әңгімелесушілердің сұхбаты. Ауызша сөйлеуге сөздер, сөз тіркестері, сұрақтар, толықтырулар, әртүрлі көмекші сөздер және сөйлесушілерге ғана түсінікті емеуріндер жатады. Сөй-леудің бұл түрінің ерекшелігі, кейде әңгіме барысын сұхбаттасу-шылардың өздері ғана түсіне алады. Ауызша сөйлеудің келесі түрі – монолог, оны бір адам келесі адамға немесе көп адамға арнап айтады: мұғалімнің сабақты баяндауы, оқушының жауабы, баяндамашының, дәріскердің, диктордың, т.б. сөздері. Монологтық сөйлеу құрылымдық жағынан грамматикалық ережелердің қатаң сақталуын, баяндаудың бірізділігі мен жүйелілігін қажет етеді. Монологқа арнайы жоспар құрылып, оған алдын-ала дайындалу қажет, ол біршама ұзақ уақытқа созылады және ең бастысы ол адамның сөздік қорының мол болуын, керек десеңіз адамның мәнерлі, мағыналы, жүйелі сөйлей алуын талап етеді. Жазбаша сөйлеу адамзат тарихында ауызша сөйлеуден көп кейін пайда болды. Ол арақашықтықпен алшақтаған адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігінен пайда болған. Ол пиктографиядан, ойды шартты сызбалар мен суреттер арқылы беруден, қазіргі заманғы жазуға дейін, мыңдаған сөздер, оншақты әріптердің көмегімен жазылғанға дейін қалыптасып келді. Жазудың арқасында ғасырлар бойы жинақталған тәжірибе, ұрпақтан ұрпаққа сол күйінде жеткізілуіне деген керемет мүмкіндік туды, себебі жазу пайда болғанға дейін, адамзат жинақтаған мол мұра ауызба–ауыз жеткізіліп келді, дегенмен, халық қазынасы ұрпаққа толық жетті дей алмаймыз. Жазбаша сөйлеу арқылы ойды барынша дұрыс жеткізуге, логика мен грамматиканың ережелерін мүлтіксіз орындауға, терең ойлау мен оны жеткізу тәсілдерін тиімді пайдалануға үйренеміз.