Қарым-қатынастың коммуникативті жағы вербалды коммуникация. Сөйлеу



бет2/5
Дата15.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#83194
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психология 11 лекция

Сөйлеудің физиологиялық негізі
Сөйлей орталықтары сол жақ ми жарты шарында орналасқан. Сөйлеу өте күрделі қызмет болғандықтан сөйлеу іс-әрекетін қамтамасыз ететін үш орталық бар.
Ауызша сөйлеуді қамтамасыз ететін, Броктың сөз-қозғалыс орталығы. Бұл орталық зақымданған жағдайда адам дыбыстарды айта алғанымен (оларды сөздерге байланыстыра алмағандықтан) ауызша сөйлеу мүмкіндігі жойылады.
Верникенің есту-сөйлеу орталығы басқалардың сөзін есту және түсіну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл орталық зақымданған жағдайда адам басқа адамның сөзін түсінбейді.
Поль Брока 1824-1880 ж.
Карл Вернике 1848-1905 ж.
Француз неврологы Жюль Жозеф Дежерин
Дежериннің көру-сөйлеу орталығы немесе оқу, жазбаша сөйлеу орталығы. Бұл орталық зақымданған жағдайда, көру мүмкіндігі бұзылмағанымен оқу, жазбаша сөйлеу қабілетінің жоғалуы байқалады.
Хабарламаның мағынасын жеткізу және коммуникативті кедергілер
Коммуникатор Реципиент
Коммуникативті кедергі, бұл – реципиенттің қаламаған, жалықтыратын немесе қауіпті ақпараттың жолына қоятын психологиялық тосқауылы. Мұндай тосқауылдың айқындығы әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін, бір жағдайда ол ақпаратты тыңдаушының санасына мүлдем жібермеуі, ал кей жағдайда оны қауіпсіз ете отырып бұрмалауы немесе құнсыздандыруы мүмкін.
Б.Ф.Поршнев бойынша коммуникативті кедергілердің айқын болу дәрежесіне қарай үш түрлі формасын бөліп көрсетуге болады.
Қашу. Ақпараттан немесе оның залалды әсерінен физикалық, сондай-ақ, психологиялық тұрғыда қашу мүмкін болады. Физикалық қашу ақпараттың иесімен байланысқа түсуді болдырмайды. Әрбір ересек адам өмір бары-сында қаламаған адамдарымен байланысқа түсуден қашудың әр-түрлі тәсілдерінің тұтас арсеналын жинайды. Олардың көпшілігі дөрекі көрінеді: көшенің арғы бетіне өтіп кету, сөрелерге мойын бұру, шешіліп кеткен бауын байлағансымақ болып еңкею, т.б. «Телефоннан» қашудың белгілі тәсілі: «Кешір, менің пешімде бірдеңе күйіп жатқан сияқты». Кино көру барысында ең жағымсыз сәтте көзді жұмуға, құлақты бітеуге болады. Психологиялық қашудың жақсы мысалы – ақпаратты ұмыту. Немесе тыңдау кезінде өз ойларына сүңгіп кету. Тыңдаған секілді, бас изеген секілді боласың, шын мәнісінде нәтижесінде... ештеңе де тыңдаған жоқсың.
Поршнев Б.Ф.
Беделділік. Ақпарат санаға жетеді, дегенмен оны ұсынушылардың беделінің субъективті төмендеуінен жол-жөнекей елеулі түрде құнсызданады. Ол сенімсіз болады, демек ма-ңызы аз. «Жұмыртқа тауықты үйретпейді» - беделді түсірудің және ақпараттың әсерлерінен қашудың мәдени бекіген формулаларының бірі. Бұл көп жағдайда адамдардың өздерінің жеке позицияларын мойындатуға құдіретті барлық беделді пікірлерді мұқият жинайтындығын түсіндіреді (беделді деректерге сүйену, «деген пікір бар» формуласы, классиктерден цитата келтіру, т.б.).
Түсінбеу. Қаламаған ақпараттардың көп бөлігі адам еркінен тыс қашу мен беделдің айтарлықтай дөрекі сүзгілерінен өтеді. Оның жағымсыз әсерін әлсіретудің ең нәзік тәсілі – оны танымастай етіп бұрмалау, оған түсінікті, жақын немесе бейтарап мағына беру. «Сен мені дұрыс түсінген жоқсың», - дейді «К», өзінің тыңдаушысына қарап. «Сен нені ай-тып тұрсың, - деп жауап беруі мүмкін «Р», - сенің түпкі ойың тұр-ғысынан алғанда дұрыс болмауы мүмкін. Ал менің ішкі жан дүниемнің қауіпсіздігі тұрғысынан алсақ, өте дұрыс».
Коммуникативті кедергілерді тұлға үшін шын мәнінде қауіпті ақпараттардан қорғану мехнизмдері ретінде ғана қарастыру әділетсіз болар еді. Кедергілер анағұрлым қарапайым жағдайларда да пайда болуы мүмкін: ақпарат күрделі, әдеттен тыс формада берілген жағдайда, бірнәрсе коммуникатордың жек көрушілігін туғызған кезде, т.б. Хабарлама толығымен реципиентке қызықты болуы мүмкін, бірақ ситуацияның кейбір штрихтері, кейбір нюанстары оны барабар қабылдауға кедергі келтіреді. Сондықтан коммуникативті кедергілердің пайда болуына итермелейтін себептер жөнінде сөз етелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет