Қарым-қатынастың перцептивті жағы. Адамды адамның қабылдауының механизмдері. Идентификация, рефлексия, стереотипизация, каузальдық атрибуция туралы түсінік.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы. Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.
Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр.
Қарым-қатынастың перцептивті аспектісі дегеніміз – адамның адамды қабылдауы, түсінуі және бағалауы.
Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеуметтік детерминантасы (себептері) деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алғаш енгізген Дж. Брунер. Бірақ әлеуметтік перцепцияға адамды адамның қабылдауы жатады, тек әлеуметтік перцепция онымен шектеліп қоймайды. Қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда, жалпы әлеуметтік перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция, жеке адамдардың өзара қабылдауы туралы айтылады. Сонымен бірге адамдардың «қабылдауы» деген термин де онша дәл емес, бұл жағдайда адамдардың бір бірін тануы, түсінуі деген ұғым тұрғысында қарастырылып отыр.
Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Мен және басқалар. Перцепция (перцептивті) – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар. Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы.
.Адамның адамды қабылдауы көбіне «әлеуметтік перцепция» ұғымымен беріледі. Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Озара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді. Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр. Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеуметтік детерминантасы мәселеге көңіл аудару қажет-қабылданатын адамның (субъект) психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамаралық бейнелеу механизмдерінің талдауы. Бақылаушының психологиялық ерекшеліктерінің зерттеу әлеуметтік психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жынытық, жас ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық – ролдік айырмашьшықтар бар екені тіркелген.
Мұғалімдер мен оқытушылар өз шөкіртгерінің білімге ұмтылуы, тағы сол сияқты қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал студенттер педагогтардың тіпті басқа қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол сияқты басшылардың қол астындағыларды қабылдауы мен керісінше қол астындағылардың басшыларды қабылдауы да әр түрлі.Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады.Әлеуметтік психологияда қабылданатын объектінің психологиялық қасиеттерін зерттеу де дәстүрлі түрде қалыптасқан.