Фольклорлық прозадағы мотивтер жүйесі



жүктеу 43.23 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.12.2016
өлшемі43.23 Kb.

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗАДАҒЫ МОТИВТЕР ЖҮЙЕСІ 

 

Байдрахманова Ж. С. 

2-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Г.С. Сағынадин  

Еуразия Гуманитарлық институты, Астана қаласы  



 

Халқымыздың  сӛз  ӛнеріне  бастау  болған  халық  даналығының,  яғни 

фольклор  мұраларының  бағасы  қашанда  биік.  Түрлі  жанрда,  түрлі 

поэтикалық 

реңкте 

құбылған 



бұл 

туындылар 

ғылымның 

түрлі 


жаңалықтарына негіз болары сӛзсіз. 

Фольклорлық  шығарманың  жүйелі  сюжетін  құруда  мотивтер  ерекше 

қызмет атқарады. Қазақ аңыздарында жиі кездесетін тұрақты мотивтердің бір 

қатары  адамзат  дамуында  орын  алған  алғашқы  қауым,  ру-тайпалық  қоғам, 

феодализм  сынды  формациялардың  ортақтығынан  туындаса,  ендігі  бір 

қатары тегі бір, ӛмір сүру салты ортақ, әрі тарихи-әлеуметтік, экономикалық 

жағдайлары  ұқсас  түркі  тектес  халықтардың  ӛзара  ауыс-түйіс,  туыстық 

қарым-қатынастары  арқылы  орныққан.  XV-XVІІІ  ғасырлардағы  тарихи 

аңыздарда  әлемдік  және  түркілік  фольклорда  жиі  кездесетін  тұрақты 

мотивтер  мен  сюжеттер  қатары  мол  және  олар  қазақ  қоғамының 

патиархалды-феодалдық  сипатына  орай  ӛзгеріп,  түрленіп  отырған.  Олар 

қаһарманның бейнесін эпикалық дәстүрге сай сомдауға елеулі қызмет етеді.  

Осы  тұста  мотив  сӛзіне  қысқаша  анықтама  бере  кетсек.  Мотив  – 

тақырыптық  сарын,  қалыптасқан  дәстүрлі  тақырыптық  әуен,  оқиға 

желісіндегі  кезең.  Бірнеше  жазушының  шығармасында,  әр  түрлі  әдеби 

нұсқаларда,  әр  дәуірдің  әдебиетінде  белгілі  бір  сарындар  қайталанып 

келеді/1/. 

Мотив  термин  ретінде  20-жылдардан  бері  А.Веселовский,  В.Я.  Пропп 

еңбектерінде зерттеле бастады. Бұл зерттеушілер әр  халық ауыз әдебиетінде 

бұрыннан  келе  жатқан,  дәуірден  дәуірге  кӛшіп  жүрген  сюжеттік  сарындар 

бар  деп  қарайды/2/.  Алайда  ұқсас  сюжеттік  сарындарды  ӛз  дәуірінен, 

нақтылы  шығармалардағы  кӛркемдік  шешімінен,ұлттық  әдеби  процестен 

бӛліп  алып,  жеке  қарастыру  ұтымды  бола  бермейді.  Ұқсас  сарындар  кӛп 

жағдайда  ӛмірдің  ӛзінен  туады,  оларды  халықтардың  ӛмір-тұрмысындағы 

ұқсас  жағдайлардың  фольклор  туындыларындағы  кӛрінісі  деуге  лайық. 

Кейде  олар  сараланып,  іріктеліп,  қалыптасқан  дәстүрлі  сарындар  болады. 

Немесе,  шығарманың  құрамындағы  бір  айшық  жеке  бӛлігі  сияқты  болып 

келеді,  мысалы,  ауыз  әдебиетіндегі  сиқырлы  айна,  ақымақ  қатын  бейнесі, 

әкесі  мен  баласының  жекпе-жегі,  абжыланның  ханшаны  ұрлап  әкетуі  т.с.с. 

кейбір жанрда тұрақты сарындар, мотивтер ұшырасады. 

Мотивтер  кӛркем  әдебиетте  оқиғалы,  драмалық  туындыларда  айқын 

байқалады.  Мұндай  шығармалар  қатарына  фольклор  туындыларын  да 

жатқызуға болады. 

Белгілі  фольклорист-ғалым  Сейіт  Қасқабасов  фольклор  туындыларының 

мотивтік  негіздерін  талқылауда  мәні  терең  тұжырымдар  келтірді.  Ол 


фольклор туындыларын жанр жағынан бай, кӛркемдігі жағынан кемелденген, 

әр  алуан  қызмет  атқаратын  рухани   мұрамыз  және  күнделікті  тіршілігімізде 

қолданыста  болып,  мәдени  қажеттігімізді  атқарып  жүрген  ұлттық  ӛнеріміз 

деп  баға  беріп,  фольклор  туындыларының  жанры,  оның  қай  дәуірде  пайда 

болып,  қандай  ӛзгеріске  ұшырағандығын  зерттеп-зерделей  келе,  миф, 

хикаялар, ғұрыптық фольклор түрлеріне, ертегілер, әпсаналар мен хикаяттар, 

батырлар  жыры,тарихи  жырлар,  ғашықтық  жырлар,  дастандар,  айтыс  т.б 

мотивіне  мінездеме  берді  [2].  Солардың  ішінде  прозалық  жанрға  тоқтала 

кетсек. 

Мифтер. Әлем фольклорында мифтің түрі кӛп. Олар әр елдің ӛмір салты 

мен  рухани  даму  деңгейіне  сәйкес  әр  алуан  сипатта  болады.    Мифтің басты 

міндеті  –  жер  бетіндегі  нәрселердің,  аспан  шырақтарының  пайда  болу 

себептерін  түсіндіру.  Бұл  үшін  алуан  түрлі  ежелгі  наным-сенімдер,  ұғым-

түсініктер  пайдаланылады.  Қазақ  мифтерінің  басты  мотиві  –  жер  бетіндегі 

тау-тастың,  кӛлдің  пайда  болу  тарихын  баяндау,  сондай-ақ  аспан  әлемінің 

құрылысын  түсіндіру  және  әр-түрлі  жануарлар  мен  жәндіктердің  кейбір 

қасиеттерін  әңгімелеу.  Айталық,  Жетіқарақшы,  Ай  мен  Күн,  Кемпірқосақ 

туралы  әңгімелер  –  космогониялық  мифтер  болса,  қарлығаштың  құйрығы 

неге айыр,қоянның ерні неге жырық, суыр неге адамша қол қусырып тұрады? 

–  деген  сұрақты-себепті  баяндаулар  этиологиялық  мифке  жатады.  Ертедегі 

адамдар  табиғаттың  құбылыстарын,  аспан  әлеміндегі  шырақтарды  түсіну 

үшін олар туралы неше түрлі миф шығарып, ӛз тұрмысын соларға кӛшірген, 

кӛп  нәрсені  күнделікті  шаруа  мен  тұрмыс,адамдық  қасиеттер  мен  қатынас 

тұрғысынан түсіндірген. Мифтердің басты кейіпкерлері  –  ілкі ата, жасампаз 

қаһарман,  тотем-баба  мен  шаман.  Бұлармен  бірге  ежелгі  рух-иелер:  желаяқ, 

кӛлтаусар,  саққұлақ,  таусоғар  жүреді.  Айтып  ӛткеніміздей  миф  жанрында 

шамандық  мотивтер  кӛп  кездеседі.  Шамандар  бақсылық  құрған  кездері 

үстеріне  арнаулы  киім  киіп,  қолдарына  даңғыра,  тоқпақ  ұстап  шыққан. 

Кӛбіне,  даңғыраның  бетіне  ғарыштың  әлемдерінің  суреттерін  салатын 

болған. Бір қызығы, кӛшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтарда 

(якуттар,  тувалар)  даңғыра  —  басқа  әлемдерге  апаратын  сиқырлы  ат,  ал 

тоқпақ  —  қамшы  деп  есептелген.  Сондай-ақ,  жай      адамның  ӛзі  ӛлілер 

патшалығына барған соң ӛзіне магиялық қасиеттер, құдіретті күш алады деп 

есептелген. Қазақ халқының аруақтарға сену, соларға табыну, олардан кӛмек 

сұрау  салттарының  астарында  осындай  түсініктер  жатыр  деп  болжамдауға 

болады. Қазақ эпостарындағы аруаққа, ата-бабаларға, пірлер мен әулиелерге 

сиыну,  солардан  медет  сұрау,  солардың  құдіретінің  арқасында  жауды  жеңу 

мотивтері  біздің  халқымыздың  арасында  бір  замандарда  кең  ӛріс  алған 

шамандықтың қалдығы [3].  



Ертегілер.  Бұл  топқа  енетін  жанрларда  ерте  замандарда  пайда  болып, 

адамзат  тарихының  әр  кезеңінде  ӛзгеріске  ұшырап  отырған.  Ертегілер  кӛне 

мифтермен,  хикаялармен,  наным-сенімдермен  тығыз  байланысты,  ежелгі 

мифологияны  жетілдіре  пайдаланып,  қиялды  араластырып,  ғажайыптық 

сипатқа  ие  болған.  Тегінде  ертегі  ертегі  үшін  айтылмаған,  оның  белгілі  бір 

тәрбиелік  сипаты,  философиялық  ойлары  болады.  Оның  басты 



кейіпкерлерінің  іс-әрекеттері  болмыстан,  кеңістіктен  тыс  тұрмайды:  ол 

табиғаттағы  ӛз  орнын  қалай  ӛлшейді,  жаратылыстың  сан  түрлі  күштерімен 

қарым-қатынасы  қандай  болды,  қоғамдық-әлеуметтік  сатысы  қай  дәрежеде 

дамыды – міне соны сездіреді, соны аңғартады.  Таңғажайып ертегілердің ӛз 

заңы,  ӛз  табиғаты  бар.  Мәселен  ертегілерде  әйелдердің  кӛпшілігі  «ай  десе 

аузы, күн десе кӛзі » бар шетінен сұлу болып келеді. Олардың туған жері мұз 

тауының  ар  жағында,  от  тауының  бер  жағында.  Аспандағы  жұлдыздай 

алыстағы аруды алып келуге кәдімгі қарапайым шаруаның ӛзі аттанады. Сол 

жолаушы  жалғыз  ӛзі  не  кӛрмейді:  жыландар  елі,  аждаһа,  айдаһарлар 

ордасы... ол неге осыншама қауіпті жолға шықты? Әдетте сұлуды сүймекке... 

Бізге  жеткен  ертегілер  бірнеше  түрге  бӛлінеді,  және  олардың 

әрқайсысының  мотиві  әр-түрлі.  Мәселен,  хайуанаттар  туралы  ертегінің 

мотиві  –  аң-құстардың  пайда  болуы,  олардың  іс-әрекеттері  арқылы 

моральдық  қағиданы,  әдептілікті  уағыздау,сол  арқылы  кӛзделген  ойды 

немесе  тұжыырымды  дәлелдеу.  Қиял-  ғажайып  ертегілердің  мотиві  – 

адамның  арман-қиялы  жүзеге  асырылса  екен  деген  оймен  түрлі  ӛмірде 

болмаған,  болуы  ақылға  сыйымсыз  кӛріністердің  орын  алуы.  Кӛп  жағдайда 

қиял- ғажайып ертегілердің мотиві ӛзара сарындас келеді. Басты  қаһарман  - 

кенже  бала  (жалғыз  бала),  сондай-ақ  әлеуметтік  статусы  тӛмен  адамдар 

(тазша,  жаман,  қойшы)  болып  келеді.  Әлемдік  ертегі  фольклорының 

сюжетіне  кең,  терең  орныққан  мотивтердің  тағы  бір  түрі  –  кейіпкердің 

ғайыптан  тууы.  Ғайыптан  туу  мотиві  барлық  фольклорлық  қаһарманның 

ғұмырнамалық  баянында  тұрақты  орын  алып,  кӛне  мифтерде,  діни 

әпсаналарда, батырлық және ғашықтық жырларда, ертегілерде, аңыздарда да 

кездеседі.  

Қазақ  тарихи  аңыздарында  ғайыптан  туу  мотивінің  тотемдік,  аруақтық 

түсініктерге  негізделген  кӛне  үлгілерімен  қатар,  оның  феодалдық  қоғам 

шындығына  орай  ӛзгерген  түрлері  де  молынан  ұшырасады.  Әсіресе, 

қаһарманның  тӛтенше  жағдайда  дүниеге  келуі  сынды  феодалдық  қоғамның 

шындығына қарай ӛзгерген «тұрақты формуласы» жиі кездеседі. Бұл тұрақты 

формуланың  мән-мағынасы  –  кейіпкер  әкесінің  әміршінің  бұйрығымен 

жазаға  ұшырап,  болашақ  билеушінің  қарапайым  кісі  қолында  тәрбиленуі. 

Ғалым  В.  Жирмунскийдің  пайымдауынша,  қаһарманның  тӛтенше  жағдайда 

дүниеге  келтіру  халықтың  «қайырымды  билеушіні»  армандаған  аңсары  мен 

билеушінің  қалың  бұқарамен  демократиялық  байланысын  білдіреді/4/. 

Ғайыптан  туу  мотивіндегі  кӛне  түсініктер  қаһарманның  жай  қарапайым 

кісілерден  тегі  бӛлек  жан  екенін  кӛрсетуге  ұмтылса,  феодалдық  қоғам 

тұсында  сомдалған  қаһармандардың  бейнесінде  таптық  қоғамда  билік  үшін 

жүрген  саяси  талас-тартыстың,  күрестің  шындығы  кӛркем  бейнеленген.  Бұл 

кӛріністерге  халықтың  тегі  асыл,  әділетті  билеушіден  үлкен  жақсы  істер 

күткен арман-аңсарлары орныққан. Қаһарманның қарапайым жандардан тегі 

бӛлек,  айрықша  жаратылған  жан  екенін  білдіретін  белгінің  бірі  -  оның 

ерекше  түс  кӛруі.  Фольклорлық  қаһарманның  ерекше  түс  кӛруі  -  кӛнеден 

келе  жатқан  тұрақты  мотив.  Ол  –  атақты  қаһарманды  фольклорлық 

шарттылықпен идеализациялау тәсілдерінің бірі [5]. 


Міне,  фольклорлық  туынды  ӛзіндік  мотивтік  негіздерімен  идеялық, 

кӛркемдік жағынан салмақтанып, эстетикалық, тәлімдік қызметі арта түсетіні 

сӛзсіз.  Сондықтан  ғасырдан-ғасырға  алтын  қазына  боп  жетіп,  халық 

жолымен  табысқан  шақта,  тарих  бедерімен  қабысқан  шақта  оған  ӛлім  жоқ, 

ӛмір  шегі  жоқ.  Ӛн  бойында  халқымыздың  ақыл-парасаты  мен  тағылымын, 

мақсаты  мен  мұратын,  елдігі  мен  ұлттық  нышанын  арқалап,  салты  мен 

дәстүрін паш еткен осынау мұрамыздың келешекке беттеген жолы жарық әрі 

жарқын болмақ. 



 

Пайдаланылған әдебиет 

1.

 



Қасқабасов С. Жаназық. – Астана, 2002. 

2.

 



Пропп В. Я. Фольклор и действительность. – Москва, 1976. 

3.

 



Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1964. 

4.

 



Садырбаев С. Фольклор және Жамбыл. – Алматы, 1996. 

5.

 



Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991. 

 

 

Каталог: repository -> repository2013
repository2013 -> Абай аудармаларындағЫ Ұлттық ерекшелік бейсенбаева К. И
repository2013 -> ТӘуелсіз елдің ТҰЛҒасы
repository2013 -> О философско-лингвистической концепции аль-фараби
repository2013 -> Микрогравитация жағдайында төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың КҤретамырының ҚЫСҚартылу активтілігі
repository2013 -> Қазақ халық ертегілерінің мектеп оқулығында берілу жайы сайлаубек І. С
repository2013 -> Ұраны – алаш, МҰраты – мирас
repository2013 -> Тағыбергенова Ж. 2-курс студенті Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Л. О. Жақсылықова
repository2013 -> Ежелгі түркі және қытай ӛркениеттері: ЫҚпалдастығы мен тоғысуы
repository2013 -> Қазақстан республикасындағы діни конфессиялар


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет