Арыстан бап және Қожа Ахмет Ясауи


Зиярат тәртібі және Әзірет Сұлтан кесенесі мен ондағы жәдігерліктердің қасиеттері туралы



бет2/7
Дата24.03.2022
өлшемі95,8 Kb.
#28695
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әпсаналар (1)

Зиярат тәртібі және Әзірет Сұлтан кесенесі мен ондағы жәдігерліктердің қасиеттері туралы

Әулиенің күмбезінің есігі оңтүстік есігінен қазан тұрған күмбезге кірген соң, құбыла жағы  шетінде Жолбарыс хан[ға] (Сағд әулиеге) зиярат қылады. Онда мүйізді бастар қойылған, үстіне жолбарыс терісі жабылған. Бұдан кейін намаз үкімі орындалатын орынға кіріп, бәріне бас иіп, екі бас намаз оқып, сауабын әзіздердің рухтарына бағыштап, Бағдизан (Азизан) Ақ топырақ Әулие тұрған сарайға кіріп, көңілге алған паруардигарларға шын ниетімен топырақ үйгеннен кейін, ләмқана есігінен кіріп, Қазіреттің құбыла жағына жатқан орнынан бері бұрып, «Фатиха», «Ыхлас», «Айат ал-Курси», «Мүлк» сүрелерін оқығаннан кейін, ғимараттың қазан тұрған үйіне шығып, барлық бөлігін айналып, Сұлтанымызға зиярат қылып, оның рухына арнаған нәзір-нияздарды қожаларға таратып, ада қылғаннан кейін Марқади Мунаууара Пәклер жатқан жайға барып, дегдар, мүбарак құлдар ұстаған тәспілерді көзге сүртіп, бетті топырақпен сүрткеннен кейін, ғылымға әйгілі болған, уәлилер қатарында болған Әбділдә ханға зиярат қылғаннан кейін, арғынның ақ сарайына кіріп, орта жүз қазақ халқының арғын, найман, қоңырат тайпаларының өткен әзіздеріне дұға қылып, Сұлтанның шығыс жағындағы Қоқырас хан, Шорнағат хан, Ілияс хан, Сүйінші қожа хан, Бибі Хисаб, тоқсан тоғыз мың машайық, сексен сегіз мың саруар, жетпіс мың абдал, жиырма екі мың мүфти-қазылар, жүз жиырма мың мударрис, муддайық, он екі мың көшхи, он алты букадил – бұлардың бәрі де осы күмбезде болғандар, бәрі де зиярат қылып кеткен сахабалар. Қазаққа аты шыққан, арғын ұрығынан Қазыбек би (шешен), Жәнібек батыр, керей Жәнібек шоң (ірі) би, бұларға зиярат еткен соң, күмбездің асты-үстінде қырық сегіз құжыра – үш жүз алпыс дәрежелік, барлығын түгел аралап, алты мың алты жүз алпыс алты аят түгел жазылған күмбезді көріп болған соң, Сұлтанның зәмзәм-шарап құдықтарынан су ішіп, бұдан ас қазандар[ы] тұрған үйге кіріп, бұдан кейін алпыс үш жыл жер астында жатқан хилуетханаға кіріп, зиярат қылғаннан кейін, тоқсан тоғыз [мың] машайықпен жахр зікірін салған Фам ғашыққа зиярат қылып, мұнан соң Қазіреттің пірі һәм ұстазы шайық Шихаб ад-дин саруар әулиеге зиярат қылып, бұдан соң Сұлтанымыздың Гауһар атты қызын алған Әли қожа атаға зиярат қылып, мұнан кейін Шайық Наджим ад-дин әулиеге зиярат еткеннен кейін, батыстағы Баба Ғарибға барып, жеті атаға зиярат қылып, Үшбас атадан айналып, Тақаниға жеткен адам, жеті атаның бір ұші Сұлтанның Ибраһим[і]нің шахид болған жерінен шығып, күн шығысында тоқсан тоғыз мың қашырға кітап артып, сексен сегіз мың әскермен келген Имам Марғуз – Көктонды атаның орнына зиярат қылып, он екі шақырым жердегі Құшшы атаға зиярат ету керек. Бұларды бітіріп болғаннан кейін, күн батыстағы қырық сегіз шақырым жерде Арслан бап әулиеге барғанда Сұлтанның айтқаны: «Барып Арслан бапқа түнесін, менен келіп тілесін, Арслан бапқа түнемесе, менен нәрсе тілемесін», —  деген. Бұл Арслан бап әулиенің кім екенін баян қылдық. Түркістанда – түмен бап, Отырарда – отыз бап, Сайрамда – сансыз бап, баптардың бабы – Арслан бап.

                                                                    Садық Сапабекұлы, 123-124б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет