Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты


II. «Мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны



бет2/4
Дата17.02.2023
өлшемі29,12 Kb.
#68871
1   2   3   4
Байланысты:
Арыстандай айбатты

II. «Мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны
2.1. Ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі
Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! –
деп жырлаған Мағжан Жұмабаев қатігез тағдыр тәлкегіне ұшырап, алдымен Ресей патшалығы, кейіннен Кеңес Одағы кезеңдерінде өмір сүрді. Халықтың мұң-зарын жырлап, туған халқының тайғанақтап жүрелеген тағдырына жаны ауырып, осы жан айқайын өлеңге қосты. Бірақ, орыстардың ұстанған қатал саясаты қазақ азаматтарын аямады. Талай азаматтар біздің халық болып қалыптасуымыздың жолында жандарын құрбан етті. Солардың ішінде 1938 жылы ату жазасына ұшыраған Мағжан Жұмабаев болған еді. Ел өмірін өз тағдырына айналдырып, Отанды сүюдің ірі үлгісін танытып, елін сүйген үлкен жүректі азамат халық руханиятына сезім мен сенім ұштасқан мәңгілік шұғыласын шашып кетті.
Жас ұрпақтың өз қоғамына пайдасы тиер жақсы мінездерді бойына жинаған азамат болып өсуіне бірден бір себепші құрал – әдебиет десек, әдебиетті жасаушы қауым – қаламгерлердің әр жазғаны жастарды жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қанаттандырады. Мағжан ақын осы тұрғыдан алғанда, «Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, халық жүрегіне үміт пен сенім шырақтарын жаға алды.
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты – Мен жастарға сенемін!-
деп, өзі армандаған бостандық таңына қажырлы  жастардың қолы жететініне сенім білдірген сұңғыла ойдың хас шебері келешек жас буынға ел тізгінін бере отырып, олардың рухтарын жігерлендіре түседі. Бүкіл Алаш жұртына, өз ұлтына ұран салған ақын қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне өз қолтаңбасын қалдырған, сұлу сөзден, өткір ойдан шаһар салдырған өлең өлкесінің ірі өкілі. Осындай теңдесіз таланттың таңдайына татып, жырына арқау болып, сеніміне ие болған біздер бақыттымыз-ау, сірә!
Поэзия қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған,  босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, қайтадан рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. «Мен жастарға сенемін» өлеңі де лапылдап тұрған жалын мен жігер, сезім мен сенім қатар өрілген ұлтжандылықтың ұраны іспетті. Өлеңнің бір шумағының өзінде ел тағдырына, халық болашағына қатысты, кешегі мен бүгінгі күнді сабақтастырып тұрар алтын көпірді қара сөзбен айтып жеткізе алмайтын қуатты сөз бас құрайтыны содан. Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!-
деп жастарды тектілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ақиқат ауылына шақырады. «Жаным – арымның садағасы» демекші, намыскер де ержүрек қазақ елінің ұл-қыздарына атақ-абыройларына дақ түсірмеуі туралы өлең жолдарында айқын көрсетілген. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті, лап етпе сезім. «Ар – иманның жолдасы» дейді халық даналығы. Демек, адамның ар-намысы – абыройдың күзетшісі. Мағжанның айтқысы келгені де осы еді. Себебі, талай алаштың орны ерекше зиялылары осы ар-намыс үшін өмірден өтті емес пе?! Жас қырандар – балапан, Жайып қанат, ұмтылған. Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін!
Рас, өзінің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді қозғап, ел болашағына қатысты көзқарасын көтереді. Сонда ғана ақынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні тaныта aлады. Мағжан ақынның өмірлік мұраты, азаматтық үні осындай халық мүддесінен туып, өсер елдің өскелең ұрпағына деген риясыз ықыласын, айнымас сенімін өрлікпен алға тартып және солай боларына еш күмән, күдік келтірмей көрегендікпен шабыттана жырлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет