Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті қанатты


Бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үні



бет3/4
Дата17.02.2023
өлшемі29,12 Kb.
#68871
1   2   3   4
Байланысты:
Арыстандай айбатты

2.2. Бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үні
Тау суындай гүрілдер, Айбынды алаш ерім дер, Алтын Арқа жерім дер, Мен жастарға сенемін!
Бұл – елін емірене сүйген ақын жүрегінің үні.
Ақын айтқандай, желбіреген тәуелсіздік туы ел тағдыры үшін жанын пида еткен құрбандардың тікелей бастауымен келді. Сауатсыз қарапайым қара халықтың сауатын ашып, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға айналдырды. Талай жылдар бойы қазақтың қанындағы надандықты түп-тамырымен жоюға ұмтылып, болашағы жарқын, тәуелсіз Қазақстанды құруға ұмтылды. Міне, араға көп жылар салып бұл арманы да орындалды.  Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғауының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүю кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.
Алаш – айбынды ұраны, Қасиетті құраны. Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін!
Ұлан байтақ Қазақстан жерін ежелден мекендеп келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Каспийден Алтайға, Мұғалжардан басын аң шалған кәрі Алатауға дейін созылып жатқан өлке біздерге сыр айтқандай. Сол сары даланың қойнауы ереуіл атқа ер салған Махамбет пен Исатай батырлардың, елді аузына қаратқан Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, «Қайтсем елім кешер күн, аулақ болар зар-мұңнан» деп, елінің қамын ойлаған барыс жүректі Бейбарыс сұлтанның, өр мінезді Абылай ханның, құдайы, әруағы да, жері, қазына-байлығы да, баласы, жаны да мал болған әумесер байларды ащы тілімен сынаған кемел ақын, кемеңгер, ойшыл Абай атамыздың жатқан қасиетті жері.
Сонау, 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді. Сөйтіп, Тәуелсіз Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев болып сайланады. Еуразияның жүрегінде орналасқан біздің елдің тәуелсіздік алғаннан кейін бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізді.
Ақын алаш атын аспанға шығарар жастарға сенемін деп айдай әлемге жар салады. Ұлы ақын сенім артқан жас ұрпақ сол жауапкершілікті сезіне ме? Бүгінігі жастардың келбеті қандай? Ақын аманатын абыроймен арқалап жүрміз бе? Осы сұрақтар көңіліме көлеңке түсіріп, ойымды сан-саққа әкетіп, екі ұдай сезім, екі ұдай ой жанымды мазалайды. Қазақ қашанда жамандығын жасырып, жақсылығын асырып айтқан халық қой. Десе де, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарап, жалған намыспен мақтанға бой алдыру – өз тамырыңа балта шабумен бірдей.
Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды, қазақи бояуға мүлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар – еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып бойға сіңіріп үлгереді. Батысқа табынушылық, өзге елдің тың дүниесін айна-қатесіз көшіру – бүгінгі қазақ жастарының көпшілігіне тән қасиет. Осы орайда көп дау туатыны рас. Әрине, батыстан алатынымыз көп. Бірақ еш сұрыптаусыз батыстың бар болмысын қайталау қазақтың ежелден қалыптасқан дәстүрлеріне қайшы келуі мүмкін. Тіпті өзінің қазақ екеніне арланып, өз тілінде емес өзге тілде сайрайтын,  діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында есірткінің таралуы, мәдени деңгейдің құлдырауы қоғамымыздың өзекті проблемасы болып отыр.
Қазақтың уыздай жас ұлы мен қызының қолынан будақтаған темекі түтінін көргенде ешкім таң қалмайтын болды. «Әй» дейтін әже жоқ, «қой» дейтін қожа жоқ болған соң, қазіргі жастар бұл әрекеттерін теріс деп санамайды. Кейде маған сол жастар темекі түтінімен өздері ғана уланып қоймай, бүкіл қоғамды улап жатқандай көрінеді. Осындай жастарды көргенде ақын сеніміне селкеу түсіріп, аманатына қиянат жасаған жоқпыз ба деген ой туындайды. Дегенмен ақын арманындағы сөзі мен ісі біте қайнасқан, бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек, қырандай күшті, арыстандай айбаты, жолбарыстай қайраты бар жастар да ел игілігі үшін атқарылып жатқан батамалардың басы-қасында жүргені де көңіл қуантады. Тіпті тәуелсіздік таңы уыздай жастардың арқасында арайлап атып, бейбіт өмірге қол жеткіздік. Жас та болса бір елдің тағдырын шешуге бас болған Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сияқты жалынды жастарымыз қыршыннан қиылған жоқ па?! Сондай-ақ Сидней, Лондон олимпиадаларында қазақ елінің намысын биікке көтеріп, көк туымызды әлем алдында желбіретіп,  қазақ деген ғажап халықты бүкіл елге паш етті. Қазіргі қоғамдық өмірде өздерінің жан-жақтылығымен, өзіндік көзқарастарымен,  белсенділіктерімен ел дамуына аянбай үлес қосып жүрген ең жас депутат Сағитолла Сәрсенов, мәжіліс депутаты Алмас Тортаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік, періште жүрегі туған жерім, елім деп жырлайтын Жамбыл Дүйсенов, халық мұрасын насиқаттап, дүние жүзіне жеке ән жинақтарымен әйгілі «Ұлытау» тобы мүшелерін ауыз толтырып айтуға болады. Айта берсек, осындай жастық жігерін ел игілігі үшін жұмсап жүрген жалынды жастарымыз көп.
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер –
Мен жастарға сенемін!-
деп жүрек лүпіліне жастарды бөлеген ақынның үміт артқан, медеу күткен, арқа сүйеп, рухани демеп кеткен бар сенері бүгінгі жас ұрпақ мына біздерміз. Сенімін ақтап, аманатын арқалаған біздер бабамыздың әр сөзіне ерекше ден қойып, көңілге түйіп, жүрекке бекіттік. Елдің тағдыры – біздің қолымызда. Сол үшін білім игеріп, ғылым қуып, өнер үйреніп, ерінбей еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет етеміз. Себебі, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та Мағжан атамыздың сөзін санасына сіңіріп, осы тұрғыдан жастарға қатты көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, сенім артып отыр. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып, еш алаңсыз өскен біздерді әрдайым татулық пен тәңірден келген тәті сыйдың қадірін біліп, ел тұтқасын ұстар ұлтжанды ұрпақ болатынымызға еш күмән келтірмейді. Сондықтан зияткерлік мектептер, әлемдік деңгейде білім берер университет ашып, «Болашақ» бағдарламасын енгізіп, қазақ жастарының да өз тілін, елін шексіз сүйетін, білімі мен беделі жағынан бәсекеге қабілетті, жан-жақты болып қалыптасуы үшін жанын салады.
Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азамат  қазақ елінің тарих сахнасында басты әрі мәңгілік рөлін  ойнауы үшін өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай  отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі  күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.[4.77бет]. Сондықтан елбасының тікелей бастамасымен «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен — ауылға», «Жас мамандар резерві», «Жастар саясаты» сынды мемлекеттік бағдарламалар өмірге келіп, жастардың қажеттілігін жетілдіру жолында жүзеге асқандығы белгілі.
«Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін жас жеткіншектерді мемлекетшіл, отаншыл рухта тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бірден-бір жолы – бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру екені көп дәлелді керек етпейді»,-деп президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі жас толқынның бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін болашаққа, яғни жастарға сену керек. Сеніп ғана қоймай, сол сенімді ақтайтын Мағжан айтпақшы, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты…» жастарды тәрбиелеу керек. Сонда ғана сенім ақталып, білімі парасатына сай, елдің ары мен намысын абыроймен алып жүретін жанарында жалын бар жастар өседі.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін,-
деп бүгінгі жастарға ұлттық рух пен патриоттық сезім сыйлаған Мағжан ақынның жүрек сөзін елбасы Н.Ә. Назарбаев та өмірлік ұранына айналдырып, егемен елдің тұтқасын ұстар өскелең ұрпаққа шүбәсіз сенім білдіріп, жарқын болашақтың жаршысы болып жүр. Сол себепті мемлекеттік деңгейде жастар саясатының дұрыс жүргізілуі – қоғамның ілгерілеуі үшін аса маңыздылығына мән беріп, осы орайда «Жас Отан» жастар қанатының әр мүшесі осы міндет биігінен көрінуін, қоғам дамуының кез келген межесінде көшбасшы болуын, өзіндік идеясы мен тың көзқарасын танытып, жеткіншектердің бойындағы жалыны мен қайратын жанып, елімізді бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіргізетіне қалтқысыз сенеді, азат елдің айбынды азаматтарымен мақтанады.
Шынында, оқып отырып жан сарайымда бір алапат сезім ұшқыны көрініс тауып, ерекше күйге еніп, масаттанып, мақтанып, XXI ғасыр ұрпақтарының атынан әлемге жар салғым келеді: Біз Мағжан сүйген жастармыз!
Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да "арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты", «қырандай күшті» қалыпта көргісі келеді. Кез келген халықтың кемел келешегінің ең басты көрсеткіші – жастар. Олай болса, өмір бойы "Алаш" ұранын көтеріп, «Қазақ» деп жүрек сөзін жайып салған Мағжан үшін ел мүддесі мен сол елдің тегеурінді тірегі жастардың орны бөлек. Өзінің "Мен жастарға сенемін" деп аталатын осы өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан кыранның қанатындай күштілікті, арыстандай айбындылықты, жолбарыстай батыл, жүректілікті, көңіл көзінен шартарапқа шұғыла шашылар жігерлілікті, қазақ даласындай кең пейіл мен мәрт мінезді, жүзіне нұр ұялаған адалдық пен имандылықты, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Сосын "Мен жастарға сенемін!" деп асқақтай сөйлейді, шабыттана жырлайды.
Иә, біз Еуразия кеңістігінде 21 жылдық егемендігін еңселеген елдің бақытты ұрпағымыз. Мағжан атамыздың сөзін елбасының өзі басшылыққа алып, «Болашақтың кілті – жастардың қолында», «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі - жастарымыз» деп ылғи бастама көтеріп, жастарға көп қолдау көрсетіп, үлкен сенім білдіріп келеді. Әрине, біз егемен елдің егесіміз, қазақ деген ғажап халықтың ұлттық намысымыз, «ойы дауыл, сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан» жалынды жігеріміз, айбынды айбатымыз, қажырлы қайратымыз бар, көзімізде от ойнаған, білім деген сарқылмас бұлақтың суын қанып ішіп, биіктерге бойлаған тәуелсіз елдің тірегіміз.
Елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі, біз Мағжан сенген жастармыз.
Жыртылғанда «жұртым» деп жең мен жағаң,
Ұмтылды алға соңыннан ерген қоғам.
Аспаныңа күн болар түнек басқан,
Жастарына жалынды сенген бабам.
Тәлкегін мың көрсең де келте күннің,
Жан сезімнің пернесін шерте білдің.
Ғажап ақын жастарға сеніп өткен,
Аманатын ақтармыз сол сенімнің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет