Аристотель б.з.б. 384 жылы туған. Б.з.б. 322 жылы қайтыс болған. Аристотель - ежелгі грек философы, логиканың негізін қалаушы. Басқа да ғылымдардың негізін қалаған. Аристотель Платонның денесіз формалар туралы ілімін сынға алды. Бірақ Платонның идеализмін жеңе алмады. Сөйтіп, материализм мен идеализм арасында бір жағына шықпады. Философияда Аристотель 3 бөлімді қарастырды.
Теориялық бөлім: болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы.
Ғылымның зерттейтін нәрсесі жалпылық болуы керек деп есептейді Аристотель. Жалпы, ақыл арқылы танылады. Бірақ, жалпы сезім арқылы қабылданатын жалқы арқылы өмір сүреді және сол арқылы танылады. Жалпыны танудың шарты: Индукциялық қорытындылау. Ол өз ретінде сезімдік қабылдаусыз мүмкін емес. Аристотель 4 себепті мойындайды. 1-себеп -материя, ол - қалыптасудың пассивті мүмкіндігі. 2-себеп - форма (түр), ол - мәндік болмыс, материядағы мүмкіндіктің шындыққа айналуы. 3-себеп - қозғалыс бастауы. 4-ші себеп – мақсатық себеп. «Табиғат, - Аристотель айтуынша, - бұл материядан формаға өтудің бірінен кейін бірі келіп отыратын тізбегі». Аристотель материяда пассивті бастауды көрді. Ал активтілікті тек формаға ғана таңды. Қозғалыс пен мақсат та формадан бастау алады. Қандай қозғалыстың формасы болмасын, қайнар көзі - құдай деп білді. Құдай объективтік сипатта болды. Аристотельдің формалды логикасы болмыс туралы ілімімен және ақиқат теориясымен тығыз байланыста болды. Логикалық формаларда ол болмыстың формаларын көре білді. Таным туралы ілімінде Аристотель шынайы білімді болжамдық білімнен ажыратты. Бірақ тіл арқылы ол екеуі байланыста болады. Тәжірбие Аристотельдің айтуынша: Болжамдық білімді тексерудің соңғы инстанциясы ғана емес. Себебі ақиқат сезім арқылы ғана емес, ақыл арқылы да танылады. Ол іс-әрекет арқасында, нәтижесінде фактілерді жинау нәтижесінде қалыптасады. Ғылымның мақсаты затты анықтау, ал оның шарты дедукцияны дедукциямен біріктіру. Себебі, - Аристотельдің айтуынша, - барлық ұғымға предикат бола беретін ұғым жоқ. Сондықтан түрлі ұғымдар бір топқа біріге алмайды. Сол себепті Аристотель категорияларды ойлап тапты. Категориялар шынайы мәндердің басқа топтарын өзіне біріктіретін жалпы ұғымдар: Аристотельдің категориялары (жалпы философиялық ұғымдар) 10. Категориялардың 9-ы мынандай сұраққа жауап береді: Заттардың қасиеттері қандай? Бір категория: “Болмыс деген не?” сұраққа жауап береді, ол мән категориясЫ.