Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет18/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Әлеуметтік сақтандыруды ұғымы және оның ұйымдастыру қағида-ларын атап беріңіз?


2. ҚР-ның Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз?
3. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған, асыраушысынан айрылған және жұмысынан айрылған жағдайда төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке қандай құжаттар тіркіледі?
4. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидалары атап беріңіз?


6.2 Жауапкершілікті сақтандыру
Жауапкершілікті сақтандырудың мүліктісақтандырудан айырмашылығы-мүлікті сақтандыруда белгілі бір сомаға алдын ала анықталған немесе меншік нысаны сақандырылады, ал жауапкершілікті сақтандыруда – қорғаныс объектісі болып алдын ала анықталған мүліктік игілік емес, игілікті жақсы тұрмыс толығымен сақтандырылады. Жауапкершілікті сақтандырудың жеке басты, белгілі бір сақтандыру оқиғасы болған жағдайда өмірі мен еңбек қабілеттілігімен байланысты сақтандырудан да айырмашылығы бар. Жеке басты сақтандыру – белгілі бір соманы сақтандыру, ал жауапкершілікті сақтандыру – залалды, нұқсанды сақтандыру.
Жауапкершілік дегеніміз не және де залалды өтеу міндеті кімге байланысты болады? Жауапкершілік дегеніміз бір тұлғаның екінші тұлғаға келтірген шығынын өтеу міндетін білдіреді. Жауапкершілік белгілі бір әрекеттің немесе жіберелген қателердің болуы нәтижесінде, екінші тұлғаның игіліктері бұзылған кезде пайда болады.
Жауапкершілікті сақтандыру дегеніміз залалды, зиян шегуді сақтандыру және де ол сақтанушының шығын шегу мүмкіншілігінен құтқаруды мақсат етеді. Сақтанушы жеке тұлғаның шығын шегуі кінәрат-талап берілгеннен кейін, оның нақты бір мүлкі емес барлық игіліктеріне қауіп-қатер төнуді білдіреді. Сақтанушы заңды тұлға үшін жауапкершілікті сақтандыру олардың пассивтерінің ұлғаюын көрсетеді.
Сақтандырылушы үшін жауапкершілікті сақтандыру дегеніміз жауапкершілік бойынша барлық ниетті қорғауды білдіреді; сақтандыру сыйақылары нәтижесінде анықталатын жауапкершілік тәуекелін сақтандырушыға аудару мүмкіндігі; сот ісін жүргізу шығындарын да сақтандырушыға аудару, өйткені залалды өтеу кінәрат-талаптары бойынша арнайы заң білімі жоқ адам өз бетімен күресе алмайды; сақтанушы мен зиян шегуші арасында келіспеушілік болып қалған жағдайда сақтандырушы үшінші тұлға ретінде болуға мүмкіншілік алады.
Жауапкершілікті сақтандырудың объектісі дегеніміз сақтанушының келісімшартқа сәйкес пайда болатын және де өтелуге жататын үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға өндіріс процесінде немесе басқа да жағдайларда келтірілген зиянымен байланысты мүліктік мүддесі.
Жауапкершілікті сақтандырудың субъектісі болып сақтанушылар, сақтандырушылар, сақтандырушы және пайда алушы тұлғалар болып табылады.
Қауіп көзі ретінде белгіленген көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал орнын өтеумен байланысты, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың объектісі болып, Қазақстан Респуб-ликасының заңнамасымен бекітілген міндеттеріне қарай, сақтандырылған тұлғалардың мүліктік мұқтаждықтары табылады. Сақтандыру өтелімін төлеп беру арқылы, көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруда, олардың мүліктік мұқтаждықтарын қорғауды қамтамасыз ету, көлік құрал-дары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты болып табылады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі қағидаларына мыналар жатады:

  • зиян шеккендердің мүліктік мұқтаждықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

  • көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің қолда болу шартында көлік құралдарын пайдалану;

  • көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келі-сім шарты бойынша тараптардың өз міндеттерін орындауын қамтамасыз ету;

  • жол жүру қауіпсіздігін арттыруда көлік құралдары иелерінің экономикалық мүддесінің болуы.

Жеңіл, жүк автомобильдері, автобустар, микроавтобустар және көлік құралдары, олардың негізінде құрылған мотокөлік және оларға прицептер (жартылай прицептер), ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркеуге жататын) немесе Қазақстан Республикасының территориясына уақытша келгендер (әкелінгендер), сонымен қатар трамвайлар және троллейбустар; әр көлік бірлігі бойынша көлік құралдарын пайдаланушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершігі міндетті сақтандыруға жатады.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша ерікті келім шартын жасау, көлік құралы иесін міндетті сақтандырудан босатпайды. Қазақстан Республикасы қолдайтын халықаралық келісім шартқа сәйкес шетелде тіркелген көлік бойынша, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шарты Қазақстан Республикасының территориясына кірген жағдайда жасалмайды. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде мемлекеттік тіркеуге және есепке алуға жатпайтын көлік бойынша, иелерімен міндетті сақтандыру келісім шарты жасалынбайды.
Міндетті сақтандыру келісім шартында, мүліктің тауарлық құнын жоғалтуды қоса алғанда зиян шегушінің табысын жоғалтумен моральдық зиянды өтеуді, сонымен бірге тауарды жеткізу немесе жұмысты өндіру мерзімінің бұзылуымен байланысты айып-пұлдың орнын толтыруды және келісім шарттағы басқа міндеттемелерді қоспағанда, зиян шегушінің мүлігіне немесе денсаулығына, өміріне зиян келтірумен байланысты міндеттемелер бойынша сақтандыру өтелімін жасау қарастырылады. Сақтанушыға (сақтандырылған) сақтандыру полисін беру арқылы, көлік иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шарты жазбаша түрде жасалынады. Көлік иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шартын жасаудың негізі болып сақтанушының өтініші табылады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың келісім-шарттары келесі түрлерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет