Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы
10-тақырып.
CАҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ,
БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
10.1
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің қызметтері мен міндеттері
10.2
Сақтандыру ұйымдарына қолданылатын санкциялар мен ықпал ету шаралары
10.3
Сақтандыру қызметін конcервациялау (сауықтыру)
Есептер
Тестер
Глоссарий
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Сақтандыру – азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің мүлкін сақтандыратын жүйе ретінде өркениетті қоғамның барлық қызметтерін, сондай-ақ өмір деңгейін қамтиды.
Нарықтық экономиканың қазіргі жағдайында өнеркәсіп, сауда, банктік капиталының басты бөлігі жеке тұлғалардың, немесе шаруашылық серіктес-тіктердің, акционерлік қоғамдардың, кооперативтердің меншігінде қалып-тасқан. Сондықтан, өрттер, апаттар, әр түрлі табиғи катаклизмалар немесе бәсеке шығындары, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес, залалдарды орнына келті-руге байланысты міндеттерді орындау бұл құрылымдармен, яғни тұлғалармен өз алдына, жеке іске асырылады. Мұндай жағдай төтенше және басқа да жағымсыз әрекеттердің нәтижесінде пайда болған мүліктік залалдардың орнын өз бетінше толтыратын жеке тұлғаларға да тән, олардың жұмыссыз қалуы және отбасының материалдық жағдайының төмендеуіне ұшарауы мүмкін. Бұдан басқа, ауырып қалғанда емделуі және медициналық қызметке азаматтар өздері төлейді, өйткені бұл мемлекетгің міндетті медициналық көмек бағдарламасында қарастырылмаған. Мұндай жағдайда мемлекет шығындарды өтеуге және көмектесуге міндетті емес, өйткені, шаруашылық қызметті жүргізуде нарықтық жүйенің қалыптасуына байланысты, яғни экономиканы орталықсыздандырылу қажеттілігі пайда болды.
Осындай жағдайда тәуекелдің көптеген түрлерінен қорғау маңызды қажеттілікке айналуда. Сақтандыру зардап шегушілерге кездейсоқ қира-тылған, жағымсыз, епсіз жағдайлар шығынынын, орнын толтыруға және сақтандыру мен қамсыздандыруға мүмкіндік береді.
Мұнымен байланысты, бұл дәріс жинағының мақсаты ұдайы өндірістік процесте сақтандырудың мәнін ашу, сақтандыру қатынастарын қалыптастырудың ұйымдық-құқықтық тұрғыдан, сақтандыру қызметтерін іске асыру механизмдері мен лицензиялау мәселелерін қысқаша түсіндіру болып табылады. Сонымен бірге, бұл дәріс жинағында нарықтық шаруашылық құрылымының, аса маңызды бөлігі – бизнеске, тұтастай алғанда, ұдайы өндіріске және азаматтарға белсенді әсерін тигізетін сақтандырудың, оның механизмдерінің негізі зерделініп қарастырылады.
Дәріс жинағында сақтандырудың негізін құрайтын мынадай мәселелер қарастырылған: сақтандырудың мәні және сақтандырудың қажеттілігі; сақтандыру нарығының және сақтандырудың ерекшеліктері; жеке және мүліктік сақтандырудың ерекшеліктері мен жауапкершілікті сақтандыру; сақтандыру ұйымының қызметін ұйымдастыру; сақтандырушының қаржысын қалыптастыру.
Сонымен қатар бұл дәріс жинағы қоғамдық өндірісті дамыту үрдістерін белсенді пайдаланатын жоғары білікті қаржы мамандарын дайындауға үлесін қосады.