Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
ҚР Қаржы министрі Мемлекеттік кірістер комитеті СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылау және алымдар бөлімінің бас маманы Махамбет Махсұтұлы Жұмағұлов.
Жалпы ережелер
Бас маман тікелей бөлім басшысына бағынады және Мемлекеттік
кірістер басқармасы басшысынан бұйрықтар , жұмыс өкімдерін алады.
Бұл лауазымның орындаушысы бөлім басшысын, бөлімнің бас
маманын алмастырады.
Осы лауазымның орындаушысын бөлімнің бас маманы
Жолмағанбетов Самат Бейсенбайұлы алмастырады
Бас маманды атқаратын лауазымынан қолданыстағы заңнамаға
сәйкес мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Бас маман өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын,
ҚР ҚМ МКК Төрағасының, департамент басшысының құқықтық актілерін, бұйрықтарын, өкімдерін ,СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер, ішкі еңбек тәртібі қағидалары және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Негізгі міндеттер
Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді сапалы әкімшілендіру және дара кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар санаты бойынша болжамды көрсеткіштерді орындау жолымен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету. Бюджет алдында берешегі бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді жинауды және жүйелеуді жүзеге асыру, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің туындау себептерін анықтау және өтеуге шаралар қабылдау, БЖЗҚ-да МЗЖ бойынша берешектің және МӘСҚ-да әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың туындау себептерін анықтау және өтеуге шаралар қабылдау
Достарыңызбен бөлісу: |