«Қаржылық сауаттылық негіздерінің мақсаты мен міндеттерін және қаржы жүйесінің қалыптасуы»



бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі36,74 Kb.
#12798
1   2   3   4   5   6   7   8
Қаржы стратегиясы — экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген узақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясы жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамдалады, қаржыны қолдану және ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының қажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.

Қаржы тактикасы — ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттердің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталган қаржылық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады.

Қаржы стратегиясы мен каржы тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық мақсатты шешуге жағдай жасайды, сонымен қатар оның дамуының шешуші бөліктерін анықтайды және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысаны мен әдістеріне сәйкестендіреді.

Қаржы саясаты экономикалық қатынастардан туындайды себебі қоғам қаржы саясатын жасауда тәуелсіз емес, ол объективті нақтылық жағдайындағы өзінің мүмкіндіктерінең туындайды. Қаржы қатынастарының өзіне ғана тән даму зандылықтары бар.

Қаржы саясаты ғылыми жобаларға негізделсе және нақты қаржы катынастарына қызмет етсе, прогресивті болуы мумкін.

Ғылыми түжырым бойынша:

Қаржы саясаты өндірістің даму заңдылығына объективті сәйкес болуы керек, сондықтан шынайы ақпараттың маңызы зор.

Ондай ақпарат экономикадағы, әлеуметтік саладағы үдерістердің хал-аухалы туралы және өткізілген шаралардың қорытындылары туралы мәліметке ие болуы керек. Ақпарат тиімді қаржы саясатын жүргізуге негіз болып табылады. Кері байланыс қағидасының сақталу қажеттігі қаржы саясатының дүрыстығына негіз болып табылады.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.

Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап,  шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет