Қаржылық сауаттылық



Дата05.11.2022
өлшемі0,8 Mb.
#47717
түріҚұрамы
Байланысты:
Қаржылық сауаттылық 1234567

Қаржылық сауаттылық

Жоспар: 1.Қаржылық сауаттылық деген не? 2.қаржылық сауаттылық неден басталады? 3. Қаржылық тұрғыдан сауатты болу үшін халық нені білуі керек? 4. Қаржылық сауаттылықтың экономикаға әсері

  • Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез-келген мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
  • «Қаржылық сауаттылық» түсінігі қаржы саласындағы ықтимал құрал-саймандарды практикада қалай сәтті пайдалануға болатындығын түсіндіруге мүмкіндік беретін білім мен машықтың жиынтығын білдіреді. Соның нәтижесінде адам табысты жинауды, бюджетті сауатты жоспарлауды және шығындарды рационалды жаратуды үйренеді. Экономикада тұрақсыздық болған кезде бұл болашаққа деген сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.

Қаржылық сауаттылық дегеніміз — қаржы өнімдері мен қызметі туралы білім. Қаржылық сауатты адам өз бюджетін жоспарлаудан, бар қаржысын көбейту жолдарынан, банк өнімдері мен салық заңнамасынан хабардар болуы керек

Әрбір адамға қол жетімді қарапайым негіздері келесідей: отбасылық бюджетті бақылау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтары. Оған банктік карточкаларды пайдалану, салымдар бойынша табысты есептеу, кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлік жүктелімді есептеу, ақшалай аударымдарды жіберу, коммуналдық қызметтерді төлеу кіреді. Біз осындай әрекеттерге күн сайын жолығамыз. Көптеген адамдар үшін қаржылық сауаттылық сұрағы өзекті болмауы ықтимал, ал кейбір адамдар бұл тақырыппен тіпті айналысуды қаламайды. Өзіне және жақындарына өмірдің жоғары деңгейін қалыптастыруды, ақшаны қалай жаратуды, қосымша табыс табудың көздерін табуды, оны көбейтуді қалаған адам өзінің қаржылық білімін дамытуға тырысады.

Қаражатты саналы түрде жұмсай білу үшін ақшаға деген қарым-қатынасты дұрыстау керек. Өйткені бала кезден бойға сіңіп қалған қасаң көзқарасты өзгертпейінше, ақшаға «қолдың кірі» ретінде қарау адамның қаржылық жағынан тәуелсіз болуына кері әсер етеді.

Ақша – жалпыға бірдей құн рөлін атқаратын ерекше тауар. Оның ерекшелігі кез келген тауар құндылығын бойына сыйдыра алады. Ең алдымен, ақшаға деген дұрыс қарым-қатынасты түзуіміз қажет. Бізде ақшаға көзқарас дұрыс емес. Балаға тәрбие беру кезінде «ақша — қолдың кірі», «дүниеқоңыз болып кетіпті» дегендей сөздер көп айтылады. Осы тұста ақшамен қарым-қатынас құру кезінде балаларды алшақтатып алатын секілдіміз. Сондықтан бұл процес саналы түрде сапалы жүргізілуі керек. Адам өзінің пұлын орнымен, ақыл-парасатымен жұмсай алса, оның несі жаман?! Бауырларыңызға, достарыңызға көмектесе алсаңыз, бұл жақсы емес пе?! Сондықтан біздің азаматтарымыз бай, дәулетті болуға ұмтылуы керек.

Қазір қаржылық пирамидаға негізделген ұйымдар пайда болып жатыр. Олар қоңырау соғып, азаматтарды «банктен хабарласып тұрмыз» деп алдайды. «Бізге ақша салсаңыз, бір-екі айдың ішінде байып кетесіз» деп ұрандататындары көп. Оларға төтеп беру үшін сұрақ қоя білу керек. Мәселен, қарапайым ғана Ұлттық банктен лицензиясы бар-жоғын тексеру керегін де азаматтарымыз білмей жатады. «Ол қазақстандық компания ма, әлде шетелдік пе, қожайыны кім, арнайы Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензиясы бар ма?» деген сауалдарды көбінесе халқымыз қоя бермейді. Жалпы осындай сауалдар қаржылық алаяқтарды біраз састырады. Сондықтан осындай дүниелерді ескеру қажет

Халықтың қаржылық сауаттылығы ел экономикасына тікелей әсер етеді. Өйткені қаржылық жағынан сауатты адам алған несиесін міндетті түрде қайтарады және салық төлеуден қашпайды. Алған несиені қайтармай қою да — қаржылық сауатсыздықтың белгісі. Ал қайтпай қалған несиелердің көптігі алдағы уақытта пайыздың артуына әкеледі. Қаржылық сауатты адам несие алар кезде өз мүмкіндіктеріне қарап, қарызын өтеуге тырысады. Сондықтан қаржылық сауатты болу да экономикаға оң әсерін тигізеді. Екіншісі – салық төлеу. Еуропа елдерінде «менің дауысым – менің салығым» деген ұғым бар. Олар президентіне дауыс беруге және салық төлуге адал болады. Ал бізде салық төлеуден жалтаратындар саны көп, әсіресе кәсіпкерлердің арасында баршылық

Назарларыңызға рахмет

karakatarmy@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет