Салеметсіздер ме құрметті World skills чемпионатының сарапшылары!



Дата03.06.2022
өлшемі13,5 Kb.
#36295
түріСабақ
Байланысты:
Ата-аналар бұрышы сөйлеу


Салеметсіздер ме құрметті World skills чемпионатының сарапшылары!
5-6 жастағы топ балаларының ата-аналары үшін. Ата-аналар бұрышын безендіруге ақпараттық бағытты таңдап алдым.
1.ақпаратта: Сабақ кестесін қойдым, топ 5-6 жастағы балалар болғандықтан, осы топтың ата-аналары мектепке дейінгі ұйымда балалардың қандай оқу қызметтері бойынша білім алатынын хабардар болуы керек.
2.ақпаратта: Педагогтың кеңесі таным білім беру саласы бойынша қамтылған. Мектепалды даярлық тобының балаларына арналған жұмбақ есеппен, санамақтар ұсындым.
3.ақпаратта: Дәрігердің кеңесі денсаулық білім беру саласы бойынша Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелері туралы ақпаратты алдым.
4.ақпаратта: Психологтың кеңесі Әлеумет білім беру саласы бойынша
Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары тақырыбында мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды, соған байланысты психологтың кеңесін ұсынамын.
5.ақпаратта: Коммуникация, шығармашылық білім беру саласын қамти отыра «Бірге жаттайық» деген бөлім таңдап отырмын. Балабақшамен қоштасу әнінің сөзі және QR-code көмегімен ата-аналар осы әннің сөзі туралы ғана ақпарат алмайды, әуенін де тыңдай алады.
Осы ақпараттарды ата-аналарға ұсыну үшін, алдарыңызда көрсетіп отырғандай безендіру жұмысын жасадым. Ата-аналар бұрышы балаларға да қызықты болу үшін мынадай берілетін ақпараттарды үйшік ішіне орналастырдым және әрбір білім беру саласы бойынша ақпарат беруді жөн көрдім.Әрбір ақпаратқа байланысты суреттерді қолдандым. Безендіру жұмыста түстерді сәйкестендіре отырып, көз тартарлық ата-аналар бұрышын жасағаныма сенімдімін. Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет