Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалық мүгедектіктің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады



бет4/5
Дата28.05.2022
өлшемі44,57 Kb.
#35835
1   2   3   4   5
Байланысты:
9-12билет

12билет
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқыту, білім беруді дамытудың негізгі міндеттері қатарына қойылған. Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп, оларды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде қалыпты дамыған оқушылармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды.
Әлемнің дамыған елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен қосып оқытуға көп көңіл бөлінеді және бұл салада елеулі тәжірибелер жинақталған. Біздің отандық жалпы білім беретін мектептің іс – тәжірибесі үшін инклюзивті оқыту педагогикалық жаңашылдық деп бағалануы мүмкін. Себебі мәселенің жаңалығы қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің іс – тәжірибесінде инклюзивті оқыту жан – жақты зерттеуді талап етеді.
Соңғы жылдары Ресей ғалымдары Л.М. Шипицина, Л.П. Назарова, Л.И. Аксенова, Н.Н. Малофеев, В.В. Линькова, Н.Г. Чанилова, С.А. Марковой, В.Г. Маралова, Т.В Егоров, Н.Д.Шевцовтың зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың көптеген аспектілері ашылып көрсетілінген.
Қазақстандық ғалымдар Р.А. Сулейменова, А.Н. Алмаганбетова, А.К. Жалмухамедова, А.А. Баймуратова, Хакимжанова Г.Д, Р.Ж. Жумажанова, К.Ш. Кумаржанова, А.А. Байтұрсынованың зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың кейбір мәселелері қарастырылған.
Алайда жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың көптеген проблемалары теориялық тұрғыдан да шешімін таппаған. Сондықтан қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың қажеттілігі мен оның педагогикалық ерекшеліктерін айқындамағандығы, технологиясының жасалмағандығы қарама – қайшылықты туындатады. Бұл қарама – қайшылық жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері неде деген проблеманы тұжырымдауға мүмкіндік жасайды. Сол себепті біздің магистрлық диссертациямыздың тақырыбы « Жалпы білім беретін мектептерде мүгедек балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері » деп аламыз.
2. Психикалық дамудың тежелуі бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі.
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен тежелуі бар (ПДТ) балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі жеті-сегіз жастан анық байқалады.
Оның негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі байқалмайды, берілген Тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30 төмен деңгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелері бойынша ойлау, сөйлеу тілінде және шығарманың мазмұнын айтуда қиындықтар кездесетіні, сонымен қатар есте сақтау қабілетінің артта қалғаны да анықталады.
Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседі.
Психологиялық дамуында тежелуі бар балаларды басында жан-жақты терең тексеру және балаларды зерттеу кезінде, арнайы эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесіне жүгінісек, оқу кезіндегі қиындық көретін балалардың 50-ден жоғарғысы, зейіні бұзылғандары бірінші орынды құрайды. Бұл зерттеулерді жүргізуші белгілі дефектологтар Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.В.Демьянов, Л.Ф.Чупров және басқалары Т.А.Власова мен М.С. Певзнердің айтуынша психологиялық дамуының тежелуінің негізгі белгісі – ерік-жігер аймағының жетілмеуі. Бұл жетілмеушілік оқу тапсырмаларын орындауда тұрақтана алмауға әкеп соғады
 3. Баланың дене, психикалық, сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.
Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке және түзету, бұзылған функцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.
Педагогтерге, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес береді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Кәсіби біліктілігін арттырады.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысады.
Қажетті құжаттаманы жүргізеді.
Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет