Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретіңде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындыкты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүиесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.
Педагогиканың гуманитарлық ғылымдардағы рөлі
Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г.Гурова педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы қандай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген зерттеу әдістерінің шығармашылық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда алынған нақтылы зерттеу нәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам мәселелері бойынша комплекстік зерттеулерге қатысуы.
Тарихи көзқарас
ХХ ғасыр педагогика үшін қайта құру ғасыры ғана емес, сонымен бірге олардың әлеуметтік және саяси рөлін, гносеологиялық статусын, теориялық елтаңбасы және оның практикалық полиформизмі. Бұл бір жағынан бұрылыс ғасыры, шешуші ғасыр, өйткені ол педагогикаға тереңірек түсінік берді, өзі, өз принциптері мен орталықтарын, қоғамдағы рөлі бекітті.