Арнайы білім беру саласындағы жаңашылдықтар



бет15/22
Дата17.02.2022
өлшемі3,43 Mb.
#25824
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Слайд

Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады. Бекіту есте сақтау негізінде жүреді. Бала меңгергенің есте сақтай алмаса, қабылдағаның сезіне алмайды. Дамуында кемістігі бар балалардың қайта жаңғыртуында бұрын меңгерген білімі сақталмауы мүмкін. Бұл жартыкештікке, жүйелісіздікке, жеткіліксіз түйсіну, механикалық меңгеруге әкеліп соғады. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктеленген болуы тиіс. Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсінілмей қалмауын және барлық жүйеден бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс. 


Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате меңгерілген білімді жәнен әрекет тәсілдерін қатйта құру жүзеге асырылады. Білім, икемділікті қолданудағы ерекшелік олар арасындағы бірлестіктін қалыптаспауы.

Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде машықтануын дағды деп атайды. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ( құрамдары ) ғана машықтанады.

Ал арнайы мектепте білім, икемділік меңгерумен дағдыларды қалыптастырудағы қиындық көптеген жағдайда балалар дамуындағы кемістіктерге тәуелді.

Бұл жерде арнайы шараларды қолдану қажет, білімді меңгеру мен тәжірибеде қолданудың бірлігін сақтау (негізінде практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асады), оқытудың өмірмен, тәжірибелік іс әрекетпен байланысын қамтамасыз ету, меңгерген білімді іс тәжірибеде пайдалану үшін әрекет маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет