Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

Біздің өмір сүріп жүрген қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі жандар да бар, яғни мүгедектер. Ол кісілердің ой-санасы сау адамдардікімен бірдей, керісінше артық болмаса кем емес. Рухани байлықтары мол жандар. Және де қазіргі таңда ол кісілердің құқықтары сау адамдардікімен тең. Оларда қалаған оқуларын оқи алады, қалаған жұмысына тұра алады. Қоғамымызда олардың құқықтары бәрімен тең.
Біздің мақсатымыз сапалы білім бере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға күш-қуат беріп, рухани әлемдерін кеңейтіп, өмірге деген көзқарастарын жақсарту болып табылады. Мұндай жандарға қамқорлық көрсету баршамыздың парызымыз деп білемін.

Барлық адамның бақытты болуға хақы бар!
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр студент жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады