АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕ АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ҚАЖЫКЕНОВА Д.Р.
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУЫП ОТЫР. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР ЖАҢАРЫП ОТЫРАДЫ. АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ БОЛҒАНДЫҚТАН ОҒАН БАСТЫ НАЗАР АУДАРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ БІРШАМА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ АПАРАТЫН ЖОЛ. ЯҒНИ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БІЛІМ БЕРУДЕ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛ ДЕП АЙТСАҚ ТА БОЛАДЫ. БАСТЫ МАҚСАТ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖЕТІК МЕҢГЕРУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРҒА МЕҢГЕРТУ. АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ МҰҒАЛІМГЕ ДЕ ОҚУШЫҒА ДА ҚОЛАЙЛЫ. СОЛ КЕЗДЕ ҒАНА САБАҚТА ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫ ҰШТАСТЫРА АЛАМЫЗ.
АКТ – ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Оқытуда білім технологияларын интеграциялау менің іс – тәжірибемнің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. АКТ – мен жұмыс жасауда кездескен кедергілер мектептің техникалық базасы болды. Балаларға АКТ – ны пайдалануда қажетті жерде ғана, орнымен пайдалана білу, қауіпсіздік ережесін есте сақтау керектігін айтып отыру қажет. Интернетте отырған кезде де өзі туралы, мекен – жайы, телефоны т. б. туралы мәліметтерді құпия ұстауды, яғни жеке ақпараттарды сақтауды үйрету қажет. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ – ның қосар үлесі мол. Оқушылардың көшбасшы болуына да АКТ мүмкіндік береді. Өйткені оқушы үйінде басқа программаларды өздігінен меңгереді де оны сыныптастарына көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіндіре отырып, оларды үйретеді. Яғни АКТ – ны пайдалануда барлық әдістермен кіріктіруге болатынын байқадым. Адамзат ХХІ – ғасыр есігін – әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.
Инновациялық білім беру құралдарына:
1. аудио-видео құралдар
2. компьютер
3. интерактивті тақта
4. интернет
5. компьютер – мультимедaялық құрал
6. электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында(Н. Ә. Назарбаев).
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін – өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
АКТ ҚҰРАЛДАРЫ ДЕГЕНІМІЗ – МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА АКТ НЕГІЗІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАТЫН, АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ, АҚПАРАТТЫ ЖИНАҚТАУ мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан – жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық – аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ – ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Жаңа АКТ – ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл – ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс – әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан – жақты ізденушілігін арттырады.
Қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық – технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үдеріс. ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан – жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
THANK'S FOR WATCHING