2. Бағдарлама 2.1 Кіріспе Неврология, психиатрия және наркологияның жалпы зерттеу объектілеріне орталық және перифериялық нерв жүйесі, тұлғаның психикалық функциялары мен қалыптасу ерекшеліктері жатады.
Неврологияның ауру табиғатындағы рөлін түсінбей, нерв жүйесінің өзекті ауруларына тиімді диагноз қою мен емдеу мүмкін емес. Осыған орай кез келген мамандық дәрігерінің бақылау объектісі тек науқас қана емес, оның отбасы да болуы керек.Психиатрия медицинаның маңызды және өзекті пәндерінің бірі болып табылады. Қазіргі психиатрия әлеуметтік саясатпен, мәдениеттанумен, мінез-құлық туралы ғылымдармен, биологиялық ғылымдармен және жалпы медицинамен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде қазіргі психиатрияның -психикалық денсаулықты қорғау, психиатриялық көмекті ұйымдастыру, әлеуметтік психиатрия, клиникалық психиатрия, оның ішінде геронтопсихиатрия, балалар және жасөспірімдер психиатриясы (микропсихиатрия) тараулары да бар.
Қазіргі кезеңдегі жалпы медицина дәрігері науқасты және оның туыстарын тексерудің клиникалық және қосымша әдістерінің негізінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде тиісті профилактикалық шаралардың объектісі болатын жоғары қауіп тобын анықтауы тиіс.
«Неврология, психиатрия, наркология» пәні бойынша дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, ОБӨЖ және БӨЖ сағат саны