1.7 Оқытушылар туралы мәлімет: 1.8 Байланыс ақпараты:
Рустемова Сандугаш Абдуллаевна – медицина ғылымдары кандидаты, неврология пәні оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Ми қан айналымының жедел бұзылыстары».
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы, Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы. Инсульт орталығы 206 каб.
Тутаева Айгерим Айтбаевна – PhD аға оқытушы, неврология пәні оқытушысы.
ҚДО ерте оңалту бөлімінің меңгерушісі.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Ми қан айналымының жедел бұзылыстары».
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы, Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы. Инсульт орталығы 206 каб.
Азизходжаева Динара Шавкатовна – оқытушы, «Неврология» пәні. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы –«Неврологиядағы шұғыл жағдайлар».
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы, Түркістан қ-сы, ХҚТУ 2 корпус 206 аудит. Тел. (каб.251. тел.8-705 696 2445 (ішкі 12-96) e-mail: dinara.azizkhojayeva@ayu.edu.kz Баймаханова Гульзира Сабитовна -оқытушы, «Наркология, психиатрия» пәні. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Шизофренияның клиникалық формалары мен диагностикасы»
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы. Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы. Тел. (каб.314-2 корпус) Тел. 87058486655. e-mail: baimakhanova.gulzira@ayu.edu.kz Момбеков Нұрлыбек Абдумаликович-оқытушы «Наркология, Неврология» пәні. ХҚТУ КДО-ның Инсульт орталығының дәрігер ординаторы Байланыс ақпараты: Түркістан облысы. Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы. Инсульт орталығы каб.206. Тел. +7 707 544 9037. e-mail:
Досжанов Исламхан Азимханович - оқытушы.
ХҚТУ КДО-ның Инсульт орталығының дәрігер ординаторы Байланыс ақпараты: Түркістан облысы. Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы. Инсульт орталығы каб.206. Тел. +7 747 855 2696. e-mail:
1.9Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина факультетінің 2019-2020 оқу жылындағы «Медицина бағытындағы мамандықтардың білім беру бағдарламасы» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау ағымдық (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Білім алушы сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Білім алушы сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Білім алушы семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.