Заключение психолого-медико-педагогической консультации
Мекен-жайы ______________________________________________________
Адрес
Телефон __________________________________________________________
Берілді___________________________________________________________
Выдано
Кеңестен өткені жайлы __________ күні _____ айы ______ жылы
в том, что был (а) консультирован (а) числа месяц год
Қорытынды
Заключение ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынымдар
Рекомендации ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ПМПК меңгерушісі_________________________________________________
Заведующий ПМПК
Мамандар___________________________________________________________
Специалисты
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Министрінің
2017 жыл «___»____
№ __ бұйрығына
4-қосымша
Оңалту орталығы қызметінің үлгілік қағидалары
Жалпы қағидалар
1. Оңалту орталығы қызметінің осы типтік үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ведомостық бағыныстылығы мен меншік түрлерінен тәуелсіз оңалту орталықтарының қызмет тәртібін анықтайды.
2. Оңалту орталығы (бұдан әрі -Орталық) арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыратын және мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету үшін арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.
3. Орталық өз қызметінде 2007 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР «Білім туралы» заңын, осы үлгілік қағидаларды, Оңалту орталығының Жарғысын (бұдан әрі- Жарғы), сонымен қатар өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
4. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) есту, көру, сөйлеу тілінің дамуында, тірек-қимыл аппаратында, ақыл-ойында кемістіктері бар, эмоциялық-еріктік және тәртібінде бұзылыстары мен білім алуында қиындықтары бар, күрделі бұзылыстарға ұшыраған жасөспірім мен балаларға кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету;
2) дамуында, білім алуында, қарым-қатынас жасауда, мінез-құлқында қиындықтары бар балалардың әртүрлі топтарына қатысты жаңа педагогикалық технологияны әзірлеу, сынау, енгізу;
3) мамандардың пәнаралық командасымен баланың проблемаларын жан-жақты кешенді зерттеу, командалық бағалау арқылы баланың мүмкіндіктері мен қажетті психологиялық, педагогикалық түзеу және әлеуметтік көмек түрін анықтау;
4) ) бала дамуының әлеуметтік жағдайын есепке ала отырып, жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу және құру;
5) топтық, шағын топтық және жекелей сабақ формасындағы түзете-дамыта оқытуды жүзеге асыру;
6) мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдеріне) кеңес беру;
7) мүмкіндігі шектеулі балалардың даму мүмкіндігі мен психофизикалық жағдайының ерекшелігіне байланысты мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беру мектептерінің педагогтарына көмек және әдістемелік жетекшілік көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |