Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


 Артикуляция аппараты мен қолдың ұсақ бұлшық ет қимылдарын



Pdf көрінісі
бет16/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

 
5. Артикуляция аппараты мен қолдың ұсақ бұлшық ет қимылдарын
дамыту 
Арнайы мектеп оқушыларының көпшілігінде сөйлеу мүшелерінің 
қимылы жеткілікті түрде дамымаған болып келеді. Балалардың бұл 
ерекшеліктері арнаулы мектеп бағдарламасында ескеріліп, оларды дамытуға 
әр түрлі талаптар қойылған. Сондықтан, әсіресе әліппеге дейінгі кезеңде, 
артикуляциялық жаттығуға көп көңіл бөлінеді. Жақ, тіл, ерін, бұлшық 
еттерін дамытатын төмендегі жаттығуларды күнделікті жүргізіп отыру 
қажет. Ерін бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар: 
1. 
Төменгі, жоғарғы тістер түгел көрінетіндей етіп, ерінді күлгендегідей 
кіреді. Осы қалыпта біраз уақыт ұстап тұруға үйренеді. 
2. 
Ерінді дөңгелектеп алға қарай шығара ұстау. 
Тіл бұлшық еттерін дамыту үшін: 
1. 
Тілді алға жылжытып жалпақ күйінде ұстау, содан кейін жіңішкерту. 
2. 
«Кімнің тісі таза?» деген жаттығуда балалар алдымен тілінің ұшымен 
жоғары тістерін, содан кейін төдменгі тістерін тазалайды. 
3. 
« Барабаншылар» жаттығуы былай жүргізіледі. Ауызды кең ашып 
тұрып жоғары тістің астын соғу керек. «д-д-д». 
4. 
«Сылақшы» жаттығуында балалар аузын кең ашып, тілдің ұшын 
таңдайға тірей отырып, артқа қозғайды. 
5. 
«Сағат» ойында балалар тілін алға шығарып отырып оңға, солға 
қозғалтып жаттығады. 
6. 
Тілі жалпақ ұстап жоғарғы,астыңғы ерінді жалау. 
7. 
Ауызды кең ашып, таңдай қағу. 
Жоғарыда айтылған артикуляциялық жаттығуларды орындаған кезде 
есте сақтайтын жағдайлар: 
1) Балалардың ынтасын арттыру үшін жаттығуларды ойын түрінде, ойын 
элементтерімен жүргізген жөн. 
2) Сөйлеу мүшелерінің қимылын дұрыс сезініп, қадағалай білу үшін 
жаттығуларды айна алдында жүргізу керек. Тіпті кейбір жаттығу жұмыстары 
кезінде мұғалімнің сан санап тұруы пайдалы болады. 


Мүмкіндігі шектеулі балалардың көп ерекшеліктерінің бірі-жалпы 
қимылы, оның ішінде саусақтың бұлшық ет қимылдары дамымаған. Ондай 
балалардың көпшілігі қалам, қарындашты дұрыс ұстай алмайды. Әсіресе, 
дәптер жолын сақтай отырып сызықшалар сызу оларға қиынға соғады. 
Сондықтан әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілетін жұмыстың қажетті 
түрлерінің бірі-қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру. Ол үшін сурет, қол 
еңбегі, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет 
және олар төмендегідей ретпен жүргізіледі. 
1.Қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіруге арналған жаттығулар. 
2.Траферет, контурлармен жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу 
арқылы геометриялық фигураларды сызу. 
3.Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтармен тұратын оюлар 
салу. 
4.Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу. 
5.Әріп элементтерін сызу. 
Жаттығулардың кейбір түрлеріне тоқталайық. Қолдың ұсақ бұлшық етін 
жетілдіруде халық арасында кеңінен тараған сөздік ойындарды пайдалануға 
болады. Мысалы: 
Қуырмаш 
Қуыр-қуыр қуырмаш, 
Тауықтарға бидай шаш. 
Бас бармақ, 
Балан үйрек, 
Ортан терек, 
Шылдыр шүмек, 
кішкене бөбек,- 
деп санай отырып, қолдың саусақтарын бүктіреді. 
Сен, жүр, қозың бар, 
Сен, жүр, сиырға бар 
Сен, жүр, жылқыңа бер,- 
деп саусақтарды ашады. 
Сонымен қатар, әртүрлі дидақтикалық арнайы ойындарды кең 
қолданған жөн. Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі», «Кім пирамиданы тез 
жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Түрлі-түсті шар», «Кім жылдам?» 
(шашылған ұсақ заттарды жинау) «Кесілген суреттерді құрастыру» ойыны 3-
4 бөлшектен тұратын суреттерден басталады. Алғаш бұл тапсырма 
берілгенде балаларға сурет-үлгі беріледі, кейіннен үлгісіз құрастыруға 


жаттығады. Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар 
ойлау,сөйлеу қабілетін де дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет