Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


 Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысын жетілдіру



Pdf көрінісі
бет14/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
 
3. Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысын жетілдіру 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тілінің белсенділігінің ұзақ 
уақытқа дейін қалыптаспайтындығы, өзіне қарата айтылған сөзді толық 
түсінбейтіндігі қарым-қатынасында және тіл әрекетінің қызметінде қиындық 
туғызады. Сондықтан тілді іс жүзінде меңгеру тәсілінің негізіндегі сөйлеу 
тілін жетілдіру мәселесі әліппе оқуына дейінгі кезеңнің ең басты 
міндеттерінің бірі болып есептеледі. Балаларды ең алдымен жеңіл 
нұсқауларды түсінуге және орындауға үйрету қажет: «Тұр», «Отыр», 
«Тақтаға кел», «Дәптерді үстелдің үстіне қой» (портфельдің ішіне сал) және 
басқалар. Осындай жағдайда ересектің сөзі баланың мінез-құлқына жөн 
сілтеуші болып шығады, оның әрекеттерін жөнге салып отырады. Келешекте 
мұғалім жағдай жасай отырып, сөйлеуге талабы бар зияты зақымдалған 
оқушының сөйлеу тілі қызметін қалыптастыруға, сөйлеу тілі құрылысының 
дұрыстығын қамтамасыз етуге тиісті. Ең алдымен жасалған саяхаттың, 
зерттеп бақылау барысының, өсімдіктерді баптап күту жұмысының, үйді 
жинастырудың, бейнелі суреттерді қарап шығудың, диафильмдерді 
қараудың, т.б негізінде әңгіме өткізеді. Сонымен диалогтық немесе сұрақ-
жауап сөйлеу тілі, сұрай білуі, түсіндіруді тыңдай білуі, мұғалімнің нұсқауын 
орындай білуі қалыптасады.
 
Әңгімені өткізу кезінде мұғалім ең алдымен өзінің сөйлеу тіліне, 
оқушыларға қойылатын сұрақтарға қатысты бірқатар дәстүрлі талаптардың 
тәртібін сақтау қажет. Қалай дегенмен мұғалімнің сөйлеу тілі еліктеу үшін 
үлгі болады, сондықтан мұғалім дұрыс және асықпай анық сөйлеуі керек, 
дауысы аса қатты немесе тым жай шықпау керек.Тым жай сөйлегенді 
оқушылар есту қабілетін ширықтырып күш салып тыңдайды, ал аса қатты 
сөйлегенге олар тез үйреніп кетеді де, сосын оны тыңдамай қояды. Осы екі 
жағдайда да балалар тыңдаудан шаршайды, жалығады, олардың ойлары 
тұрақтамай шашырайды, мұғалімнің сөзі жетекшілік міндетінен айырылады. 
Сұрақтардың қойылуына ұсынылатын жалпы дидактикалық талаптың 
тәртібін әсіресе зияты зақымдалған балаларды оқытудың ең алғашқы кезінен 
бастап сақтау қажет: 
1.Сұрақ сыныпта отырған балалардың барлығына бірдей қойылады. 
Балаларың назарын өзіне аудару үшін және қойылған сұрақтарды тыңдап
оны түсіну үшін бұның үлкен маңызы бар. 
2.Жауапты ойлануға уақыт беру қажет. 


3.Сұрақтар «бар» немесе «жоқ» деген сияқты бір буынды жауаптарды талап 
етпеу керек. 
4.Екі жауапты талап ететін сұрақтарды қоюға болмайды. («Қандай жабайы 
және үй жануарларын білесіңдер?»). 
Арнайы мектептегі оқушылардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру үшін 
қойылатын сұрақтардың тиісті талабын сақтай отырып алғашқы кезде 
оқушының жауабына кіреді-ау деген сөздердің барлығын сұрақтың құрамына 
енгізу қажет. 
Бұл балаға сөйлемді дұрыс құрастыруға көмектеседі. 
-Мына баланың есімі кім? 
-Бұл баланың есімі Болат. 
-Біз кеше қайда бардық? 
-Біз кеше баққа бардық. 
Бұндай қысқа сөйлемді сұрақтар сол қысқа сөйлемнің өзін жауап 
түрінде беруді талап етеді. Қысқа сөйлем түрінде қойылған сұраққа жауапты 
бір сөзбен келте қайыруға болмайды (Болат, баққа). Жауаптың толық әрі 
дұрыс берілуін талап ету дұрыс сөйлей білуге үйретудің қажетті шарты 
болып есептеледі. 
Келешекте де толық жауапты талап ететін осындай сөйлем түріндегі 
сұрақтар жиі-жиі қойылуы қажет. Сөйтіп, сөйлеу тілінде әлі жүйелі сөзі жоқ 
болса да, оны қалыптастыру тәсіліне дайындаламыз. Саяхаттан көргендерін, 
ойларына түйгендерін білу үшін қойылған сұраққа оқушы кем дегенде екі-үш 
сөздің тіркесімен қысқа сөйлем түрінде жауап берсе,ол үлкен жетістік. 
Мұғалім балалармен өткізілетін бұдан былайғы әңгімесінде олардың 
көріп-біліп, байқағандарын нақтылы сұрақтарды қоя отырып анықтайды. 
Әңгіменің соңында міндетті түрде тағы да сұрақтардың жәрдемімен немесе 
сөз қағыстырып сөйлесу арқылы білген мағлұматтарын толық талдап 
қорытындылауға әрекет жасайды. Балалардың сезімдерінің оянуы бірінші 
сыныпта анық байқалады. Сезімдері оянған бірінші сынып оқушыларының 
талпынулары олардың тілдерін ашып, анағұрылым шешіліп және де 
өздерінің татымды ойларын қосып еркін сөйлеуіне мүмкіндік туғызады. 
Көмекші мектептің оқу жүйесінде қолданылатын дұрыс сөйлеуге үйретудің
басқа да тәсілдік амалдарына қосарланып (хормен) сөйлеу және қайталап 
сөйлеу, әндетіп сөйлеу, денесін қимылдатып сөйлеу жатады. Қосарланып 
(хормен) сөйлеуде мұғалім өзінің айтқан сөз тіркестерін оқушымен қосылып 
бірге қайталайды. Қайталап сөйлеуде оқушылар мұғалімнің сөзін ол айтып 
болған соң қайталайды. Сөйлеу тілінің бұндай түрлері балалардың асықпай 
ырғағымен сөйлеуін, артикулляциясының және дикциясының, сөз 


аралығындағы үзілістердің дұрыстығын, екпін қоюды қалпына келтіруге 
мүмкіндік туғызады. 
Әндетіп сөйлеу сөзді асықпай ырғағымен айтуға өте үлкен пайдасын 
тигізеді. Бірақ әндетіп сөйлеуді жиі қолдану сөзді анық айтпауына және 
мәнерін көтеріп созып айтуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан әндетіп
сөйлеуге сыныптағы барлық оқушыларды қатыстырмай, жеке шағын 
топтармен айтқызу пайдалы. Әндетіп сөйлеудің бұндай түрі мұғалімге әрбір 
баланың даусының ерекшелігін тыңдауға мүмкіндік береді. Әндетіп сөйлеу, 
жеңіл, жатық, анық болып және өзінің айқындылығын сақтау керек. 
Денесін қимылдап сөйлеу көп қолданылады. Бұндай сөйлеу тілдің 
барлық жағынан дағдылануын тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады,одан басқа 
баланың қимылына жағымды әсерін тигізеді. Әдеттегідей бұндай қимылға 
қысқа буынды желдірме өлеңдер, қолдың, дененің, аяқтың қимылдарын 
келтіріп айтатын өлең сөздер жатады. 
Қыздар менен балалар, 
Допша қарғып орғытар. 
Аяқтары тыпырлап. 
Күлкілері сыңғырлап, 
Шаттанады қол бұлғап. 
Ұшынан басып аяқтың, 
Тік тұрайық жығылмай. 
Бұл жаттығулар әдеттегідей мектепте дене шынықтыру сәтін өткізу кезінде 
орындалады. 
Сөйлеу тілінің көрнекі құралы ретінде мектеп жасына дейінгі балаларға 
арналған ертегілерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, мұғалімнің ауызша 
айтқанынан жаттап алу үшін төрт жолды қысқа өлеңдерді әңгіме сабақ өткізу 
үшін әліппе оқуға дейінгі кезеңде кеңінен пайдаланады. Ертегі мазмұнының 
желісі бойынша қағазға көркемдеп суреттер салу және оны сахнаға шығарып 
ойнау жеңіл болады. Ертегіні макеттер арқылы сұраққа жауап бере отырып 
айту қажет. Бұндай ертегілерге «Тоқаш», «Шалқан», «Піл мен тауық», «Үш 
аю», «Маша және аю», «Түлкі мен қоян» жатады. 
Ертегіні мұғалім кітаптан оқымай, өз сөзімен мәнерлеп қызықты етіп 
айтып беру керектігін ескерту қажет. Макет жасау жұмысы онша қиын емес 
(шал, ата, әже, қоңыз, мысық, тышқан). Өздері жасаған қуыршақ-макеттер 
заттарды болған жағдайды оқушылардың көзбен көргендей түсінуіне 
жәрдемін тигізеді. Сонымен бірге мұғалімге олардың негізгі мағынасын 
түсірдіріп, дәлелдеп беру жеңіл болады. 


Балаларды қарым-қатынаста сөйлеуге үйрету, ойын дұрыс жеткізу 
бойынша сөйлеу тілімен істелетін жұмыстың нәтижесі олардың жалпы даму 
деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге мұндай жұмыс 
сөйлеу тілі толық жетілмеген, сөзіндегі кемістіктері көп байқалатын 
балаларды анықтауға жәрдемін тигізеді. Осындайда ойлау жүйесінің даму 
деңгейі едәуір төмен деп болжамдауға болатын оқушылар айқындалады. 
Басқа балаларға қарағанда бұларды бірінші жағдайдағы сияқты ғана емес, ең 
маңыздысы-ойлау жүйесі барысының бұзылуы қинайды. Олар ең алдымен 
нұсқаулар бойынша іс-әрекеттерді орындау кезінде қиналады. Бірақ оларды 
әс-әрекеттің орындалуы қинамайды, оның қалай орындалуын анықтап, 
жағдайды талдау, нұсқаудың талаппен ара-қатынасы, істі неден бастау 
керектігі және тағы басқаларды ойлау жүйесі қызметінің күрделілігі 
қинайды. Бұндай оқушылар көбінесе топтастыру бойынша жаттығулар, 
артық төртіншісін таңдап алу, жалпылама сөздерді іріктеп алу және 
танымдық қызметінің ерекшеліктерін анықтау үшін ұсынылған басқа 
тапсырмаларды орындау кезінде қателеседі. Жалпы қимылдаудың 
жетілмегендігі, қозғалуының қиындығы анық байқалатын балаларға да назар 
аудару қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет