Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет45/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

Әдебиеттер
1.
Лалаева Р.И. Нарушение чтения у учащихся вспомогательной школы. 
Л., 1986 
2.
Озолайте Н.И. Работа над пересказом прочитанного текста в младших 
классах вспомогательной школы: Автореф.дис.канд.пед.наук. – М., 1975 


3.
Сорокина Н.К. Пути совершенствования обучения чтению умственно 
отсталых учащихся – из сборника научных трудов. «Психологический анализ 
дифференццированного подхода при обучении умственно отсталых 
школьников» М., 1986 
4.
Специальная педагогика Под ред. Назаровой Н.М. М., 2004 
5.
Тарасенко Н.В. Обучение учащихся вспомогательной школы умению 
обозначать прилагательными качества человека – сбор.науч. труд- 
психологические вопросы коррекционной работы во вспомогательной школе. 
М., 1977 
8. Бастауыш сынып оқушыларын жекелеген тілдік тақырыптарды 
оқыту әдістемесі 
1.
Дайындық кезеңі. 
2.
Жаттығулар топтары. (мысалы: дыбысты бундарды салыстыру, 
бундарды толықтырып сөз құрау, туыстас сөздерді ірітеу, белгілері бойынша 
сөздерді жіктеу т.б) 
Қазақ тіліне оқытудың әдістемелігінің мәселелері әдістемелілігі, арнаулы 
мектептің бастауыш сыныптарындағы осы процеске әдістемелік талап қояды 
және алғашқы тілдік қатынастардың өзіндік әдістемелік жұмыстарын 
ұсынады. Осыған байланысты материалдарды меңгерудегі барлық 
кезеңдерінің тығыз байланысын, тереңдігін айту керек. Бірақ шартты түрде 
аранайы әдістемеге сипаттама беретін болсақ, бастауыш сыныптардағы қазақ 
тілін оқыту арасындағы айырмашылыққа назар аудару керек. 
Дайындық кезеңі – оқушылардың көрнекі тәжірбиелік әрекеттерін және 
оның сөздегі бейнелеуімен ұйымдастырылады. Ең ақырғы процесс 
барысындағы заттардың әрекетімен пайда болған сөйлеудегі тілдік 
формаларына бақылау жүргізіледі. Грамматикалық жаттығуларды орындау 
сабақтарында, әдетте қалыпты баланың кейбір тілдік заңдарын 
меңгеруімен,сөйлеу дағдыларын меңгеру үлгі арқылы, қысқа жолдармен 
жүзеге асырылады. Мысалы, 2-сынып оқушылары «Іс - әрекеттердің 
атаулары» - атты тақырыпты меңгере бастағанда, тақтаға шыққан оқушының 
әрекеттерін бақылайды. Сол әрекеттердің, атауларын табады. Суреттен дәл 
осы қозғалыстың бейнесін тауып, оны тақтаға іліп, атауларын астына жазып 
қояды. Мұғалім оқушының әрекетіне байланысты қойылған сұрақтарды еске 
түсіруді ұсынады. Сұрақты карточкадан тауып, сөзге байланыстыруды 
тапсырады. (Не істеп жатыр? Жүгіріп жүр). Суретті қозғалысты аппат, 
болған сұрақ қоюды сұрайды. Суретті қайта тақтаға іледі, қозғалыс 
атауларын жазып, астына сұрағын жабыстырып қояды. Оқушылар берілген 


сөз қатарларын оқиды және өз дәптеріне жаңа жолдан бастап жазып қояды. 
Оқушылар іс-әрекет бейнеленген суреттерді тақтада көрсетеді, өздері жауап 
берген сұрақтарын, қозғалыс - әрекет атауларын дәптерлеріне жинақтайды, 
осылай қорытынды шығарылады. 
Егер осы тақырып, келесі сыныптарға көшкенде жалғастырылса, жаңа 
тақырыпты немесе материалды меңгеру дайындық кезеңімен үйлестіріледі. 
Сонымен қатар ерте меңгерілген материал белсендіріледі. Мысалы, не 
істеп жатыр? Не істеді? Деген сұрақтарына жауап беретін не істеді?, не 
істемек? Сұрақтарын қоюға болатын етістік формалары енгізіледі. 
Жаңа материалды оқуды бастай отыра, педагог өткен материал бойынша, 
кез-келген әдісті пайдаланады, суреттеші әрекеттерді атау және оларға 
сұрақтар қою, оқушылардың өздері сұрақтарға мысалдар іріктеп, сөздерді 
талдау, осы сөздердің қай топқа жататынын қандай сұрақтарға дауап 
беретінін анықтайды. Сабақтың тақырыбы айқындалады. Ары қарай 2-сынып 
оқушысы мұғалімнің тапсыруымен кез-келген әрекеттерді орындайды. 
Мысалы: Гүлдерді суғарады. Оқушылар қозғалыстарды атайды, оған сұрақ 
қояды. Бала отырады, мұғалім оған жасалаған әрекеттеріне сұрақ қояыд, 
қайтадан тақтаға сұрақ жазылады және де сол етістік өткен шақта жазылады. 
Мұғалім тағы да оқушыға суқұйғышты алып, келесі гүлге баруын 
тапсырады. «Анар не істеді?» деп сұрайды. Жаубы тақтаға қажетті етсітік 
формасында жазылады. 

Заттардың белгілері мен қасиеттері бойынша табу: сары, дөңгелек, 
қышқыл – бұл 

Бір және бірнеше заттарды ажырату; Бұл үстел, ал мынау.... 
Логикалық 
жаттығулардың 
барлығы 
ғылыми, 
белгілері 
мен 
байланыстардың сөйлеуде дұрыс бейнеленуіне әсер етумен қорытылады. 
Фонетикалық сөздерді айтылуы бойынша, дыбыстық, буындық 
салыстырулар, буындарды толықтырып сөз құрау. 
Сөз құраушы: туыстас – сөздерді іріктеу, сұрақ немесе үлгі бойынша 
сөздердің құрылуы; 
Лексикалық антонимдер мен синонимдер таңдау; омонимдермен
ауыспалы мағынадағы сөздермен жұмыс жасау; 
Морфологиялық логикалық белгілері бойынша сөздерді жіктеу; көпше 
түрдегі сөздердің құрылуы (септік, етістік, үлгі бойынша формалар); 
Синтаксистік сөз тіркестерінің құрылуы; жай сөйлемдер, мәтін құрастыру; 
Сонымен қатар логикалық жаттығуларды орындау барысында іс-әрекетті
материализациялау, көрнекіліктерге сүйену үлкен рөл атақарады. 


Әсіресе бұл алғашқы кезең жұмыстарына қатысты. Құрамы бойынша 
сөздерді салыстыра оқуда міндетті түрде заттық суреттерді қолдану қажет. 
Бұл сүйенішсіз оқушылар, берліген материалды меңгермей, салыстырып 
отырған сөздерді естеріне сақтай алмайды. 
Морфологиялық жаттығуларда, көрнекілік ретінде, сызбаларды қолдану 
қажет. Бұл сызбалар оқушыларға әр сөзді дұрыс түсінуіне көмектеседі. 
Мысалы, Не істеді? Ұзақ ойнады. Осыған ұқсас жаттығулардың орындалуы 
оқушыларды, арнайы жұмыссыз қол жетпейтін, сөздік қорын меңгеру 
жүйесіне алып келеді. 
Синтаксистік жаттығулар, тілдік бағыттардан басқа сөз құрамының 
мағынасын ашу; интонациясы бойынша сөйлем түрлерін анықтау; тұрлаулы, 
тұрлаусыз мүшелерді анықтау, сөздік мәселелерді жай сөйлем түрлерімен 
қодана білуі, сұраққа дұрыс жауап беруі, бекіту жұмыстарын шешеді. 
Синтаксистік жаттығулардың топтары: 
1. Жаттығулар топтары – бұл аналитикалық сөйлем мен сөз тіркестерінің 
құрылуында, бақылауды қажет ететін құбылыстар. Аналитикалық 
жаттығулар көбінесе таза тілдік мәселелерін шешеді. 
2. Топ жаттығулары бөлшектеп дайын сөздік материалдарға немесе дайын 
материалға оқушылар өзгерістер, қосымшалар енгізетін, құрылымды 
жаттығулар. Құрылымды жаттығулар тілдік те, сөздік те болуы мүмкін. 
Мұнда мағынасы немесе сұрағы бойынша сөйлемде қалып қойған сөзді қою; 
сөз формасын және бір сөзді басқа сөзбен шатыстыру; сұрақтарға жауап беру 
сияқты тапсырмаларды орындау жатады. 
Сонымен жаттығудың өзіндік түріне, творчестволық сөздік жаттығулар 
топтары жатқызылады. Оның ішінде сөз тіркестерін құруды және сурет 
бойынша сөйлем құру, сөздерге сүйеніп, тақырып бойынша, балалардың 
диалогпен жұмыстарды жатады. 
Қандайда болсын алғашқы тілдік қатынас деңгейлерін меңгеру кезінде,
ақыл-ойы кем оқушыларға жаттығулар ойын түрінде өтікізіледі (дыбыс, сөз 
тіркестерін, сөйлем) олар балаларға күрделі жұмыс барысында, вербальды 
ойын мәселелерін, шешуді енгізеді. Бұл жағдай материалды оқыту және 
бекіту барысында балалардың бойына саналы құлшыныс дарыта, өзара 
бәсекелестік рухын туғызады. 
Мұғалімнің түсіндіруінен кейін есту арқылы дыбыстарды, буындарды 
қайталау,сыныптағы, айтқан адамның соңынан қайталау. Осы тақырыптар 
бойынша сарамандық грамматикалық жаттығулардың міндетін төмендегі 
құрылымда қарауға болады. 


Сөйлеуде сөз құрамының басқа сөзбен, сөйлеммен байланысын дұрыс 
қолдануды 
қалыптастыру. 
Грамматикалық 
формаларды 
тиянақтау, 
орфографиялық мәселелерді шешумен еш байланысы жоқ екенін айта кету 
керек. 
Мұғалім балалардың қайсысы уақыт жайлы қайсысы туған күн жайлы 
сөйлейтіндерін анықтап, олардың назарын сыныпта туған күнді атап өту 
дәстүріне аударады. Сабақтың тақырыбына сай сөйлемдерді анықтап 
дәптерге жаздырады. Егерде бастауыш пен баяндауыш оқытылып жатса, 
онда олардың асты сызылады. 
а)Дыбыстар мен әріптер 
Біздің тіліміздің негізгі материалдық негізі – дыбыстық жүйе болып 
табылады. Дәл соның арқасында лексикалық синтаксистік, морфологиялық 
қатынастар қалыптасады. Н.И.Жинкиннің ойы бойынша, баланың ұзақ 
уақыттық есінде бірнеше рет бекітілген, іріктелген 30-дан 60-қа дейін дыбыс 
элементтер сақталады. Бұл біздің сөйлеу тіліміздің әр түрлі хабарлама 
сөздерден құралатын, жүйелік қоры болып табылады. 
Ақыл ойы кем балаларда, қалыпты балалардағыдай осындай қор 
қалыптасқан бірақ есту арқылы жүйелеудің әлсіздігі мен интеллектінің
зақымдалғанына байланысты, бұл қорыту жүйесіз әрі жеткіліксіз. Сондықтан 
4 жыл бойы бастауыш сыныптарда және ары қарай мектепте осы жүйені 
дамытуға бағыттап оқытады. 1-сыныптың өзінде ақ, оқушылар бақыланып 
отырған артикуляцияға сүйеніп, дауысты және дауыссыз дыбыстарды 
ажыратуды, сөздегі дыбыстың орнын, олардың кезектілігін анықтауға 
үйренеді. 
Сыныптарда алғашқы фонетикалық қатынастарды қорытындылау 
жалғастырылады. Оқушылар қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажыратуды, 
сөздегі дыбыстарды сәйкестендіруді үйренеді, дауысты дыбыстардың 
қасиеттерімен танысады. Олардың буын құра алуымен, алғашқы 
фонетикалық қатынастар қорында, алғашқы орфография ережелері де 
қарастырылады. 
Берілген бөлімнің кейбір тақырыптарымен әдістемелік жұмыстарын 
кеңірек қарастырайық. Жуан және жіңішке дауыстыларды ажырату дыбысты 
қабылдауына кинестеттік бақылауына сөйлеу дағдыларының анықтылығына 
сүйенеді. Жаттықтыру үшін балаларға мынандай ойын түрлерін беріледі 
«Жаңғырық», «Магнитафон», «Қатесіз қайтала» және т.б. Бұл ойындарда 
мұғалім айтқан сөздерін дұрыс естіп, қайталап, дыбыстық немесе буындық 
қатарын нақты айтуын талап етеді. Мысалға, мұғалім «ың» немесе «ны» деп 
атайды да, оқушылар жаңғырық немесе магнитафон рөлінде. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет