Әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілетін жазу материалдарын жоспарлау үлгісі Сағат саны
1.
Балалардың білік дағдыларын анықтау. Қолды жазуға
даярлау жаттығуларын жүргізу (сурет салдыру,
трафарет бойынша жұмыс жасау, бояу).
2.
Жиі кездесетін түр-түстермен таныстыру (ақ, қара,
қызыл, көк, жасыл, сары, қоңыр, сұр). Қағаз
жолақшаларды түр-түсі, кеңістікте орналасуы бойынша
ажыра білу, сурет салу, трафареттің көмегімен әр түрлі
фигуралар сызу, өрнектеп бояу.
3.
Әр түрлі қағаз жолақшаларының түрі-түсін анықтап
айту, ажырата білу. Геометриялық фигураларды сызу.
Оларды өрнекпен бояу, штрихтау.
4.
Геометриялық фигураларды түрі-түсі және мөлшері
бойынша ажырата білу. Геометриялық фигуралардың әр
түрлі жинақтарын құрастыра білу. Балаларды таныс
заттардың контурын сызуға жаттықтыру.
5.
Геометриялық фигуралар жинақтарын құрастыра білу
және ажырата білу. Дұрыс және қисық сызықтарды әр
түрлі бағыттарда сызу. Әріптің контурына ұқсайтындай
етіп, әр түрлі еркін сызықтарды байланыстыра сызу.
6.
Негізгі әріп элементтерін сызуға жаттықтыру. Әр түрлі
бөлшектерден бүтін фигура құрастыру.
7.
Әріп элементтерін жазып үйрету.
2 сағ.
2 сағ.
2 сағ.
2 сағ.
2 сағ.
2 сағ.
2 сағ.