3.
Ана тілі сабағын оқытуды қалыптастыруға арналған әдістеме
нұсқаулар жасалды.
Ақыл-есі кеш дамып келе жатқан балаларға әдебиеттік оқу сабағын оқыту
әдісінің ерекшелігін ескере отырып, мынадай әдістемелік тәжірбие жасадық.
Әрбір оқушыға жалпы мектептің 2-сыныбына арналған әдебиеттік оқу
кітабынан (Авторлары: Бекбаева К.Б, Бекежанова Г.Ж.) «Кітап» деген
мәтіннің үзіндісін бердік. Мәтіннің (үзіндінің) мазмұны барлық сыныптың
оқушылары үшін қызық және қарапайым тілмен баяндалған. Зерттеу жеке
оқушылармен жүргізілетін педагогикалық тәжірибе ретінде жасалады.
Тәжірибеге Алматы қаласының №7 көмекші мектебінің 8 оқушысы
қатыстырылды. (Мәтінді балалар бірінші жарты жылдықта өткен.) Әрбір
оқушының дұрыс, тез және түсінікті оқуына бірдей талап, бірдей тапсырма,
бірдей шарт қойылды. Негізгі мақсат – оқушылардың әдебиеттік оқу
дәрежесінің толық жетілгенін анықтау.
Не себепті біз оларды негізгі көрсеткіш ретінде таңдап алдық? Бұл
сұраққа жауап беру үшін біз берілген түсініктің түп тамырын ашып
көрсетуіміз керек.
Дұрыс оқу – сөз құрамындағы дыбыс-әріптерді бұзбай оқу. Ал жылдам
оқу дегеніміз – мәтінді шапшаң оқи отырып, саналы түрде қабылдау.
Қалыпты жағдайда жылдам оқу дегеніміз – екпінмен дауыстап оқудың
сөйлеудің екпінімен сәйкес келуі, ал саналы оқу оқушының анық, дәл оқып,
мәтіннің мазмұнын терең түсінуімен айқындалады. Хаттамада оқуға кеткен
уақыт, оқу әдісі және сұрақтарға берілген жауаптар тіркелді. 3-сынып
балаларының дұрыс оқуын талдау кезінде ақаусыз оқып жүрген балалардың
өзі сөздегі әріп саны көбейген кезде мүдіріп, қатені көп жіберетіні
анықталды. Үш әріптен тұратын сөзді барлық оқушылар қатесіз оқиды. Төрт
әріптен тұратын сөзден 30 пайызы қате жіберді, ал 5-6 әріптен тұратын сөзді
оқығангда оқушылардың 40-50 пайызы жаңылысты. Ал 8 және одан да көп
әріптен
тұрытын
сөздерді
оқығанда
балалардың
60
пайызы
мүдірді.Барлығына тән ортақ қате қайталау, орын ауыстыру болып келеді.
Оқу кезінде оқушылардың бір дыбысты қайталай беруі дауысыз
дыбыстардың сөздерде көп кездесуінен, яғни буын-буынға бөліп оқуы нашар
жетілгенінен, сонымен бірге көру арқылы қабылдау қабілетінің төмендігінен
де болуы керек. Көптеген жағдайларда олар әріптеп оқып, міндетті түрде
буындарды бірнеше рет қайталайды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: