Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет52/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
туынды сөз
дейміз деген ереже беріледі. 
Тапсырмалар орындалып, сөздің түбірі, қосымшалары, қосымшаның жұрнақ 
немесе жалғау екендігі талдатылады. Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да бірінің 
үстіне бірі жалғана беретіні аңғартылады және түбірге жұрнақ бұрын, жалғау 
одан соң жалғанатыны мысал кетіру, талдау жолымен түсіндіріледі. Бұл 
мәсәлелерді таныту кезінде де орфографиялық ережелерге көңіл бөлініп 
отырады. 
Оқулықта «Екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз» дейміз, олар бірігіп 
жазылады деген анықтама беріледі. Біріккен сөздерді оқытқанда, ерекше 
көңіл бөлінетін мәселе олардың жазылу емлесі. Біріккен сөздердің жазылу 
емлесі бойынша төмендегі төрт жағдай ескеріледі. 
1. Жалпы біріккен сөздердің құрамына енген сөздердің қосылып 
жазылатындығы. Ол барша практикалық жұмысқа байланысты үздіксіз 
орындалып отырады. 
2. Кейбір бірігіп жасалатын екі сөз аралығында «к», «қ» дыбыстарының 
«г», «ғ» дыбыстарына айналып айтылатыны, бірақ жазғанда, түбірдегі 
бұрынғы қалпы сақталып «к», «қ» дыбыстарының жазылатыны – «көкжиек, 
қара құс» тәрізді сөздердің «көкжиек, қара ғұс» болып айтылуын байқату 
жаздырып дағдыландыру әдісімен түсіндіріледі. Оқулықта қырықаяқ түрінде 
жазылатын сөздің айтылуы «қырығаяқ» деп көрсетілуі сенімді емес. Біздіңше 
бұл сөз «қырықаяқ» болып айтылады. Демек, «қырық» сөзінің соңғы бітеу 
буындағы «ы» дыбысы келесі «аяқ» сөзінің басқы «а» дыбысының 
ықпалымен сөйлеуде түсіп қалады. Осы «рық» буындағы «ы» дыбысының 
түсіріліп айтылуы, кәдімгі «ойын, орын, қырық» сөздердің соңғы 
буындарындағы «ы» дыбыстарының оларға жалғанған дауысты дыбыс 
әсерімен түсіріліп, «ойна, орналыс, қырқы» түрінде айтылатын дыбыстық 
ережеге дәл келеді. Алайда бұл ереже әлі өтілмегендіктен, оқушыларға тек 
тәжірибелік тәсілмен ғана түсіндіруге тура келеді. Ал, 6-8 сыныптардың 
қазақ тілі оқулықтарына осындай дүдемал мысал ендірілмеуі керек еді. 
3.біріккен сөз ішінде дауысты дыбыс қатар келгенде, бір дауысты дыбыс 
арқылы айтылып, алдыңғы дауысты дыбыстың естілмейтіні жазғанда, 
түбірлер өзгермей екі дауысты дыбыстың да қатар жазылатыны меңгертіледі. 
Бұл да көз қанықтыру, жазып дағдыландыру әдістерімен үйретіледі. Мысалы, 
«Сарыөзен», Қарарна» болып айтылып, солай естілетін жер-су атауларының 
екі түбірі де әуелгі қалпын сақтап «Сарыөзен», «Қараарна» түрінде екі 
дауысты арқылы жазылады. Ескерілетін бір жайт - осы тақылеттес 
құрылымы бар кісі аттары бір дауысты дыбысын түсіріп, естілуінше 


жазылатынын тағы да тіл фактілерімен таныту мәселесі. Ондай кісі аттарын 
оқушылардың сөздік дәптерлеріне жаздырған жөн. 
4.Бірқатар бөлек жазылатын тіркес сөздердің емлесін оқушылардың есінде 
қалдыру үшін, тапсырма орындатылады. 
Ал, өзара байланысты айтылатын сөз тіркестерінің жазылуы жөнінде 
ереже берілмейді. Мысалы, «жан қалта, сағат қалта, сары май, тоң май, сары 
мия, есек мия» сияқты сөздердің жазылуы көрсетіліп, жаздырып түсінік 
беріледі. Жазылуын есте сақтау арқылы меңгертілетін бірге не бөлек 
жазылатын сөздерді көрнекі құралға ендіріп пайдаланса, сабақтың сапасы 
арта түседі. Балалар кітап оқығанда не сөйлегенде біріккен сөздерді сол 
өзгеріске түскен қалпында айтып дағдыланады.
Сөйтіп балалар тексті 
жазылуынша теріс оқымай, дыбысталып айтылуын дұрыс келтіріп, мәнерлеп 
оқуға машықтанады. 
Бағдарламада белгіленген біріккен сөздердің жазылу емлесі төмендегідей 
мәселелерді қамтиды: жалпы біріккен сөздердің қосылып, ал, кісі және жер-
су атауларының бас әріппен жазылатыны, біріккен сөздер сыңарларының 
арасыңда екі дауысты дыбыс қатар келгенде екі түрлі жазылатыны «егер 
жер-су атаулары болса, екі дауысты дыбыс әріптерінің сақталып, ал, егер кісі 
аты болса, біреуінің түсірілетіні, яғни естілуі бойынша бір дауысты әріппен 
жазылатыны) меңгертіледі. Бұл ережелердің ішінде кісі аты және жер-су 
аттарының бас әріппен жазылатындығы 5 сынып оқушыларына тың мәселе 
емес. Балаларға бұл ереже 2 сыныптан – ақ таныс. Сондықтан ол тек жаттығу 
жұмысы үстінде қайталау есебінде еске түсіріледі. Сонда 6-8 сынып үшін 
жаңа білім біріккен сөз туралы ұғымды, оның бірге жазылатынын, екі сөз 
аралығында көрші келген дауысты дыбыстардың сөйлеуде бір дыбыс арқылы 
айтылатынын, ал, бұларды жазғанда, жер-су атауларында бастапқы түбірлері 
сақталып, морфологиялық принциппен жазылатынын, кісі атының 
фонетикалық принцип бойынша бір дауыстымен жазылатындығын меңгерту 
ғана болып саналады. 
Мұғалім оқушыларға тіркес сөздерді біріккен сөздерден ажырата білуді, 
олардың бөлек жазылатын емлесін практикалық әдісін қолданып меңгертеді. 
Алайда балалар бұл емледен оқулықтағы он тіркес сөздің жазылуын көріп, 
көшіріп алумен ғана толық түсінік алып үлгермейді. Сондықтан мұғалім 
сабаққа арнап біріккен сөздер мен тіркес сөздердің өзгеше жазылатын 
емлесін түсіндіру үшін салыстырмалы таблица жасап пайдланады. Таблицада 
тіркес сөздерді жаңғыртып оқулық материалын толықтырады. Сонымен 
қатар тек қана тіркес сөздердің мысалын арттырып қоймай, онымен 
салыстырылатын біріккен сөздер де оқулықта берілгендермен сөзбе-сөз 


болуға тиіс. Оқулықта біріккен сөздердің саны елуден астам екені жоғарыда 
айтылды. Біздіңше бұл сан аздық етеді. Совет мектебі жүйесін алғашқы 
сатысын бітіріп, бастауыш білім алатын балаға бар болғаны елу шақты 
біріккен сөзді таныту жеткіліксіз. Демек мұғалім оқулықта берілген біріккен 
сөздер шеңберімен шектеліп қала алмайды, басқа сөздерді өз тұсынан талдап, 
біріккен сөзге жататын, жатпайтынын анықтауы, оларды қатесіз жазуға 
үйретуі тиіс. Бұған оқушылардың шамасы келмейді деуі дұрыс емес. 
Мұғалім мемлекеттік бағдарлама мен оқулық материалдарын жан-жақты 
зерттеп, олардың бір-біріне сәйкестігін және не толық, не жетіспейтінін 
әбден анықтап алуы тиіс. Содан кейін үйретілетін білімнің мазмұнын жете 
түсіндіру үшін, сабақтың оқу материалын тілдік фактілермен (лайықты 
мысалдармен) байытып оқыту әдістері ойластырылады. 
Біріккен сөз тақырыбына 6 сыныпта берілетін білім мазмұны мен көлемі 
бағдарламада қалай белгіленгенін ілгеріде сөз еттік. 
Енді осы сыныптыңтың қазақ тілі оқулығындағы біріккен сөздер 
мағыналарына қарай саралағанымызда төмендегідей мәлімет алынды. Кісі 
аты 18 сөз, адам ұғымын білдіретін "әркім, ешкім" деген 2 сөз, жер-су аты - 
13 сөз, жануалар аты - 12 сөз, деректі зат атауы (қолғап) - 1 сөз, есімдік аты - 
12 сөз (күнбағыс) – 1 сөз, кеңістік атауы - 2 сөз, сан-мөлшер атауы - 2 сөз, 
құбылыс атауы (Кемпірқосақ) - 1 сөз, термин сөз (тепловоз) - 1 сөз. Бұлардан 
тыс "хана", "стан" арқылы жасалған "шеберхана", "Қазақстан" деген екі сөз 
кездесті. Енді осы сөздерді оқулық ережелеріне сәйкестігіне қарай 
ажыратсақ, барлығы да біріккен сөздердің екі түбірден құралып, әрі бірігіп 
жазылатындығы көрсетіледі, ал түбір аралығындағы "қ" дыбыстың "г-ге" 
айналып естілуіне 7 мысал, "к-ның" "г" дыбысына айналуына 13 мысал 
сәйкеседі. Жер-су аттарында қатар келетін екі дауысты 7 сөз, сондай екі 
дауысты қатар келетін кісі атының бір дауыстымен жазылу ережесіне 4 сөз 
мысал берілген. Сонда жазу ережелерін дәлелдеп танытуға 25 сөздің ішінде 
"Аманкелді, Жанқозы" сездеріндегі "н" дыбысының "ң" болып, Ақбөпе, 
тасбақа сөздеріндегі "б" дыбысының "п" болып, күнбағыс сезіндегі "н" 
дыбысының "ң" болып айтылатыны жөнінде оқулық ешбір ереже бермейді. 
Солай болса бұл сөздердегі дыбыс өзгерістерін мұғалім ескермей кете 
алмайды. Тиісті ұғымды, емлені түсіндіріп отырады. Ол үшін қажет болған 
жаңа тіл фактілерін молынан пайдаланып, сабақ материалын байытады әрі 
оның білімдік мәнін толықтырады. 
Сабақ материалын жаңа біріккен сөздермен толықтыру жұмысына 
оқушылар да біраз үлес қосады. Оқушыларға таныс бірнеше сөз беріледі де, 
солардың жаңа мағына беретіндей етіп екі-екі сөзді біріктіру тапсырмасы 


орындатылады. Немесе оқушыларға бірнеше жеке сөздер беріледі. Сол 
сөздердің әрқайсысына біріккен сөз құрайтын жаңа сөз қосып, белгілі бір 
тақырыпта шағын шығарма жазу тапсырылады. Көптеген жаттығу 
жұмыстарын орындау кезінде, сөз жоқ, бағдарлама белгілеген ережеге сәйкес 
әлденеше жаңа біріккен сөздер туындап, сабақ материалы кеңейе түседі. 
"Қос сөздер" тақырыбын өткенде 7 сынып оқушылары қос сөздің үш түрлі 
жасаулы жолымен: бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және 
күшейтпе буын арқылы жасалуымен танысады. Олардың дефис арқылы 
бөлек жазылатын емлесі үйретіледі. Қос сөздердің бір сөз сияқты бір түйдек 
екпінмен тұтас оқылатыны, айтылатынын байқату, бақылату, жаттықтыру 
әдістерімен меңгеріледі. 
Қазақ тілі оқулығында қос сөздер тақырыбын оқытқанда жүргізілетін 
практикалық жұмыстар үшін жиырмадан астам жаттығу берілген. Бұлардағы 
қос сөздерді жасалу түріне қарай ажыратқанда, қайталама қос сөздер - 31, екі 
түрлі сөздің қосарланған түрі - 17, күшейтпе буын арқылы жасалғандар - 16, 
сөз - барлығы 64 қос сөз қатысқанын көреміз. Енді осы сөздерді мағыналық 
белгісіне қарай ажыратсақ, олар адам, деректі-дерексіз зат, жан-жануар, сын-
сапа, сан, қимыл, мезгіл, бейне ұғымдарын білдіреді. Бұлардың ішінде ең көп 
орын алатын сын-сапа мәнді қос сөздер - 23, екінші орында бейне мәнділер - 
14, үшінші орында зат атаулары - 10 сөз екен, олар екі-екіден адам мен 
мезгіл-мәнді қос сөздер үш-үштен қатыстырылыпты. 
Оқулықтың, ұстанған бағыты программа талабына қайшы келетіні 
байқалады. Оқулық балаларға қос сөздерді сырт формасы бойынша 
танытуды көздеген сияқты. Ал, бағдарлама сөздің тек формасын білдіруді 
ғана емес, мағыналық белгісін танытуды мақсат етеді. Мәселен, онда былай 
делінген: "Сыңарлары ұқсас және қарсы мәнді қос сөздер, сыңарлары жеке 
айтқанда мәнсіз болып келетін қос сөздер" оқытылады (Бастауыш мектеп 
бағдарламалары 1982, 24 - бет). Бағдарламаның, қос сөздердің "ұқсас мәнді", 
"қарсы мәнді", "жеке айтқанда мәнсіз болып келетін" сездерден жасалатынын 
білдіруді көздеген талабы оқулықта ескерілмеген. Оған қарсы мәнді "кәрі-
жасы" (37 ) деген бір ғана сөздің сейлем ішінде кездесуі немесе бір сыңары 
не екеуі де жеке айтқанда мәнсіз сөздерден жасалған "айқұш-ұйқыш, жарқ-
жұрқ, жауын-шашын, киім-кешек, темір-тесек, быт-шыт" деген алты сөздің 
әр жаттығуда бір ұшырасуы дәлел бола алады. Соның өзінде жаттығу 
тапсырмаларында осындай сөздердің мағынасына назар аудару міндеті 
жүктелмейді. Жаттығулардан қос сөздерді табу, көшіргенде қос сөздердің 
астын сызу талаптары ғана қойылады. Міне, бұл сияқты оқулықтағы 


олқылықты ескеріп, бағдарламаға сәйкес оқыту жағын қарастырған жөн 
болмақ. 
Мұғалімдер іс жүзінде солай істеп те жүр. Олар сабақ материалын өздері 
байытады. Жасаған көрнекі құралдарында, карточкаларында, талдауға алған 
мысалдарында қос сөздердің оқулықта келтірілгендеріне талайын қосып 
пайдаланады. Қос сөздердің симантикалық, лексикалық мәндерін ашып 
көрсетеді. Сөйтіп оқушылардың сөздік қорын байытады, тіл байлығын 
арттырады, логикалық ойлауы мен дүниетанымын жетілдіреді. 
9 сыныпта оқылатын қысқарған сөздер тақырыбы жаңартылған немесе 
жетілдірілген программа бойынша 2002 жылдан бері өтілетін болды. 
Программа сөздің бірінші әріптерінен бірінші сөздің басқы буынынан келесі 
сөздердің бас әріптерінен, сөздердің басқы буындарынан жасалатын түрлерін 
тануды және олардың жазылу емлесін үйретуді талап етеді. Қысқарған 
сөздерді еткенде, методикалық жағынан ескерілетін кейбір мәселелер 
мыналар. 
Біріншіден, 
оқушыларға 
сөзді 
қысқартып 
қолданудың 
артықшылығын аңғарту керек. Ол үшін сөзді толық жазуға, оны оқуға көп 
уақыт 
кететіні 
қысқарған 
сөзді 
жазудың, 
оқудың 
жеңілдігімен 
салыстырылады. 
Екіншіден қысқарған сөздердің бас әріптерінен жасалатын түрлерін 
(ССРО, БЛҚЖО) әріп аттармен айтып, оқытып жаттықтыру арқылы 
практикалық дағды беріледі. 
Үшіншіден, бас әріппен жазылатын және кіші әріптермен жазылатын 
сөздің бірінші әріптерінен қысқарған сөздердің емлесін түсіндіру үшін 
жаттығу жұмыстары орындатылады, мұндай сөздер оқушылардың 
сөздіктеріне жаздырылады әрі жаттатылады. 
Төртіншіден, қысқарған сөздердің мағыналарын дұрыс ұқтыру үшін 
олардың толық түрін айтқызып, жазғызып білім бекіту жұмысы іске 
асырылады. Толық сөздерден қысқарған сөздер жасатып дағдыландырған 
дұрыс. 
Тақырыпты қорытындылау үшін, мұғалім оқушыларға кесте арқылы 
мысалдар келтіріп, білімдерін бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет