9. Етістікті оқыту әдістемесі
1.
Етістіктің мәні, мазмұны, міндеттері
2.
Етістіктің әдістемесі (әдіс-тәсілдері)
3.
Етістіктің жаттығу түрлері
4.
Етістіктің жіктелуі
Етістік – семантикалық мәні жөнінен тіліміздегі бай сөз табының бірі. Ол
– қимыл процесін білдіреді. Көмекші мектеп көлемінде қимыл процесі деген
ұғым жалпылық, жинақтылық мағынада алынады. Әйтпесе, етістік білдіретін
қимыл процесінің мәні әр алуан. Мәселен, адамның еңбек әрекетін (ағаш
кесу, тас қашау) адамның қозғалысын (еңбектеу, жүру), сезім күйін (есту,
көру), ойлау процесін (ойлау, білу) түрліше табиғи жай−күйді (отыру,
ұйықтау, күлу) білдіреді. Бірақ жоғары сыныптарда етістік оншалықты кең
және әр талап мәні бойынша зерттелмейді. Тек қана заттың қимылын, ісін
білдіреді деп жинақ мағлұмат беріледі.
Етістік – өзінің грамматикалық формалары жөнінде маңызы күшті сөз
табы. жетінші сынып оқушылары етістіктің жақпен, жекеше, көпше түрде
айтылып, бұларға орай түрлену жолдарын білдіреді. Ал, етістіктің жасалу
жолдарын көрсететін көптеген қосымшалар, соған сәйкес мағыналық түрлері
егжей−тегжейлі қарастырылмайды. Дегенмен жаттығу материалдарында сөз
жасаушы категориялар ұшрасып отырады.
Етістіктің сөйлем құру, ойды ұйымдастыру жөнінде синтаксистік
мүмкіншілігі мол, демек етістік екі бас мүшенің бірі – баяндауыш болып
қызмет көрсетеді. Сондай –ақ етістік сөз тіркесін жасауда да ерекше роль
атқарады. Демек етістіктің сөз тіркесінде меңгеруші қызметі бар. соған орай
оқушылардың септік жалғаулары дұрыс қолдануының өзі етістіктің
лексикалық және грамматикалық мәнін қаншалықты меңгергендігін
байқатады.
Көмекші мектепте жетінші сыныпта етістік тым элементарлы түрде
өтіледі. Сонда да бұл тақырыптың оқытылуына программа ерекше талап
қояды. Оқушылар етістік туралы үйренген ережелерді айтып берумен бірге,
етістік сөздерді, оның формаларын өз сөзінде, жазуды еркін қолдана алатын
болуы тиіс. Етістік қатыстырып сөз тіркесін құру, сөйлем құрастыру
дағдысын меңгеріп, етістік сөздерді қатесіз жаза білуге мынадай
әдіс−тәсілдерді қолдану керек: оқулықты қара – қазақ тілі, 3 сынып, Жалын.
Етістік тақырыбы 7,8,9 сыныптарда өтіледі. Бағдарлама бойынша әр
сыныпқа берілетін білім көлемі мына шамада.
2-сыныпта берілетін білімнің барлық мазмұны етістікті заттық қимылын
білдіретін сөз ретінде тану, оны тану құралы деп сөзге сұрақ қоя білу екені
байқалады. Бұл міндет таза практикалық түрде меңгертіледі. Бұл үшін
программа төмендегідей жаттығу түрлерін ұсынады. Қимылды білдіретін
сөздердің үш жақта және үш шақта жұмсалатынын аңғартатын жаттығулар
орындау. Заттың атын білдіретін сөздер мен қимылын білдіретін сөздер
тіркесінің сөйлем жасайтынын байқату. Заттың атын, сынын, санын,
қимылын білдіретін сөздерді таптырып, грамматикалық талдау жүргізу. Бұл
жұмыс қазақ тілі оқулығында біраз түрлендіріп, балалардың дұрыс түсінік
алуын жеңілдету тәсілдері қарастырылған. Сөйлемдегі етістік сөзді теру,
сөйлемдегі сұрақ орнына немесе нүкте орнына лайықты сөз тауып жазу,
суретке не сұрақтарға ойдан сөйлем құру сияқты жаттығу түрлері беріледі.
Етістік мағынасын түсіндіргендегі мысалды етістік туынды түрі болмауға
тиіс. Ол затпен байланысты болып, сол затқа тән қимылды көрсететін етістік
танытылуы қажет. Мысалы: бала жүгірді, қолын көтерді, көйлек тікті дегенде
заттың қимылы айқын танылады, ал "тікті, жазды" сөздерінде әрі қимыл, әрі
іс мәні бар. осындай қимыл, іс ұғымы айқын танылатын сөздерден
бірте−бірте заттың басқа да мәнін, тіпті "ойлайды, ұйықтайды" сияқты
жай−күйді білдіретін сөздерді кірістіріп жауап болатын сұрағы бойынша
олар да етістік сөз деген тұжырымға келтіреді. Алтыншы сыныптың жаңа
материалы − "отыр, жатыр, жүр, тұр" көмекші етістіктердің қатысуымен
жасалатын күрделі етістіктер өтіледі. Бұл күрделі етістіктерді қысқа
сөйлемдегі дара етістікке әлгі көмекші сөздерді тіркестіріп, салыстыру
жолымен тиісті сөздердің мағыналық ерекшелігін және сөйлем мағынасын да
пайда болған өзгерістерді бақылатып, танытуға болады.
Бағдарламада жетінші сынып етістік тақырыбын меңгеру мақсатында
мынадай практикалық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Берілген
жаттығулардан етістікті табу, қай сұрауға жауап болып тұрғанын айту, ойдан
мысалдар келтіру, шағын шығарма жазып, ондағы етістіктерді табу. Ал
"Қазақ тілі" оқулығында берілген жаттығуды қалай орындау талабы
қойылып, оның жолдары түсіндіріледі, кейбір тапсырманы орындау үлгісі
көрсетіледі.
Жетінші сыныпта етістіктен өтілетін материалдар ішінде оқушыларға
алтыншы сыныпта немесе осы сыныпта сөз таптарын оқуына байланысты
азды−көпті таныс ұғымдар екенін ескеру керек. Олар: етістік, жекеше,
көпше, дара−күрделі жіктеу, жақ категориялары жайлы ұғымдар.
Оқушылардың көптеген грамматикалық атау, ережелермен бұрыннан
хабарлар болуы тиісті программалық материалдарды жеңіл меңгеруіне және
олардың көпшілігі талдау арқылы өз беттерімен анық білуіне қолайлы
жағдай жасайды. Сонда тыңнан танысатын жаңа тақырып қатарында
етістіктің шақтары ғана қалады. Жетінші сынып программасының осылайша
қайталану сипатында құрылуына қарап белгілі ұғымдарды үстіртін өтуге
немесе тым қарадүрсіндікке айналдырып жіберуге болмайды. Қайта
керісінше, оқушының сол ұғымдар турасындағы білетіндерін жаңғыртып,
практикалық дағды арқылы білімді бекітіп және материалды осы тақырып
ерекшеліктеріне сәйкес байыта, тереңдете түсу тәсілдері қолданылуы тиіс.
Мұғалім жаттығулардан етістік сөздерді таптырып, бұлардың етістік
екендіктерін оқушылардың өздеріне дәлелдетеді. Ол үшін мағынасы заттың
қимылын білдіретіні, сұрақтары сол мағынаны ашу қызметін атқаратыны
ойластырылады. Ал, етістік үш жақпен айтылады деген ұғымды осы сыныпта
зат есімнің үш жақта жіктелуі жөнінде өткен білімдерімен ұштастыру керек.
Сонда оқушылардың материалды біліп алуға деген сенімі күшейеді.
Етістіктің құрылымы жайында дара, күрделі деген атауларды қолдану керек.
Бұл тұста жетінші сынып дара, күрделі етістіктен берілген білімді ескеріп,
сол бастапқы ұғымды кеңейте түскен дұрыс.
Етістіктің жіктелуі – біршама ойластыруды қажетсінетін тақырып. Себебі
жіктеу үлгісі бірден ұсынылып, ереже беріліп, материал синтез әдісімен
жұмыс істеуге бейімделген. Тақырыпты өтудің тиімділігін арттыру үшін
мұғалім оқулық материалынан тым қосымша тәсіл қолдану керек: "отыр, тұр,
жатыр, жүр" сөздерін дара күйде алып, "мен, сен, ол" жіктеу есімдіктерімен
байланыстырып жіктесе, етістіктің жіктік жалғаулары ілгеріде өткен зат
есімнің жіктік жалғауларымен бірдей екені көрінеді. Осы арада бір зат
есімнің жіктелуін қатар қойып салыстыру әдісімен олардың ұқсастығын
байқатқан тиімді. Одан соң етістіктің өзіне тән жіктік жалғауларды
таныстыру керек.
І жақ мен оқыды−м біз оқыды−қ
ІІ жақ сен оқыды−ң сендер оқыды−ңдар
Сіз оқыды−ңыз сіздер оқыды−ңыздар
ІІІ жақ ол оқыды− олар оқыды−
Етістіктің шақтары жайлы материал практикалық тұрғыда оқулық
жаттығуларын пайдалану жолымен танылтады. Осында «шақ» деген ұғымды
«уақыт», «мезгіл» мезгіл деген синонимдер арқылы түсіндірген жөн.
Бағдарлама жетінші сыныпта етістікті өтуге байланысты оқушыларға
жасалатын
практикалық
жұмыстың
мынадай
түрлерін
ұсынады.
Жаттығуларда берілген сөйлемдердегі етістіктердің қай жақта, қай шақта
тұрғанын айтқызу. Берілген етістікті үш жақта, үш шақта қойып ата да, жаза
да алатындай дағды беру. Жіктелген етістік сөйлемнің қай мүшесінің
қызметін атқаратынын айтқызу.
Достарыңызбен бөлісу: |