Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет50/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67

Әдебиеттер:


  1. Аксенова А.К. «Методика обучения русскому языку в коррекционной школе», М., 2004

  2. Барская Н.М. «Методика обучения русскому языку в 5-9 классах вспомогательной школы. М., 19923.

  3. Рахметова С.Р. «Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы» Алматы, 2007.

  4. Арнайы білім беру бағдарламасы : қазақ тілі бөлімі. «ӘБЕО орталығы», 2009.



7. Сын есімді оқыту әдістемесі


  1. Сын есім туралы түсінік

  2. Сын есімнің жекеше көпше түрде өзгеруі

  3. Сын есімнің жекеше көпше түрде септелгендегі жалғауларының жазылу емлесі.

Сын есім жайлы түсінік 6-сыныпта, заттың сыны туралы білімді таныстырудан басталады. Оқушылар мұғалімнің басқаруымен, әр заттың бірнеше сыны болатындығын, сындар затты әр түрлі жақтан сипаттайтынын, бір сын бірнеше затта болуы мүмкін екенін және ол сындар қарама қарсы мағынада да болатындығын тәжірибе жүзінде анықтайды. Жаттығуларды орындау барысында заттың сынын білдіретін сөздер қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беретінін естеріне түсіреді.
Сын есімдердің лексикалық мағынасын бақылаудан сын есімнің сөз табы ретінде грамматикалық мағынасын және грамматикалық формасын ескереді.Заттың сынын анықтау және оларға сұрақ қою үшін орындалатын жаттығулар барысында оқушылар, сын есім заттың сынын білдіретін, Қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы деген қорытындыға келеді.Сөйлемде және сөз тіркестерінде, сын есімді таба білуді жақсы және берік түсінулері үшін, 6-сынып оқушыларына, ойлаудың төмендегідей жоспары ұсынылады:

  1. Сөздің нені білдіретінін анықтау (заттың сынын)

  2. Зат есімнен оған сұрақ қою (қандай? қай?)

  3. Қорытынды жасау (бұл сын есім)

Осы пайымдау негізінде ереженің қысқа жазбасын жасай білу, оны оқи алу және мысалдар келтіре білулері керек.
Сын есім заттың сынын білдіретін және Қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табына жатады.


Сын есім сөз табы Заттың сыны
Қандай? Қай?

Сын есім затты сипаттайтынын,яғни есім сөзге жататыны жайлы түсінікті бекіту үшін оқушыларға бұл байланысты төмендегідей көрсету ұсынылады:



Қант (қандай?) тәтті тәтті қант



Жидек (қандай?) тәтті тәтті жидек
Сыныпта тақырыпты тереңдетіп оқу барысында сын есімнің зат есімге тәуелді екендігіне, мұғалім басты назар аударады. Бұл тәуелдік тек қана мағыналық емес, сонымен қатар грамматикалық.
Мағыналық тәуелдікті, түсініктерді қабылдауда көрсетуге болады, ал грамматикалықты кешірек, сын есімнің грамматикалық сипаттамасын оқуда көрсетуге болады.
Мұғалім, түсіп қалған зат есімдермен мәтін ұсынады, ол сөздер анықтама сөздер ретінде берілген.
Өзенде ақ ...... және сары............ ашылды. Жабайы өзінің
балапандарын шығарды. Судың үстінен көк ............ ұшып жүр. Өзен жағалауында ұзын ........... бар. Ақшыл .......... сылдырлайды. Үлпілдек ............
тербелуде. Аспанда шапшаң ұшып жүр.
(Анықтама сөздер: лалагүл, тұңғиық, үйрек, инеліктер, шөп, қоңыраубас, қарлығаштар, бақбақ).
Оқушылар мәтіндерді оқып, түсіп қалған сөздерді тауып, орындарына қояды. Түсіп қалған сөздер қандай сөз табына жатататындығын айқындай келе, оқушылар қай сын есім, қай зат есіммен байланысты екенін анықтап астын сызады, қандай сұраққа жауап беретіндігін және сын есім қай сөз табымен байланысты екенін табулары керек.
Жазбаша жұмыстарда, оқушылар зат есім мен сын есімнің байланысын анықтайды және сын есімнің қандай сөз табымен байланысқанын, қандай сұраққа жауап беретінін көрсетеді.
Келесі жазбаша жұмыстарда, оқушылар сын есіммен оған қатысты зат есімнің байланысын стрелка және «х» белгісінің көмегімен көрсетеді.
Оқушылар сын есімнің мағынасын сөйлеу тілінде түсіну үшін, оларға екі мәтін ұсынылады: біреуі сын есіммен, екіншісі сын есімсіз.
Оқушылар, оларды салыстыра отырып, әрқайсысына баға беру керек. Сын есім біздің сөйлеу тілімізді ашады, көркейтеді, түсінікті етеді деген қорытындыға келеді.
Сөйлемдерді талдау барысында, оқушылар сын есімнің тұрлаусыз мүше болатындығына көздері жетеді.
Сын есімді жекеше көпше түрде түрлендіру үшін, оқушыларға,зат есімге тәуелді сын есімнің жалғауларын өзгерту ұсынылады:
Жақсы бала жақсы балалар
Әдемі қыз әдемі қыздар
Ұқыпты оқушы ұқыпты оқушылар
Әрі қарай, оқушылар кез келген көпше түрде берілген зат есімге қажетті сын есімді таңдайды (жазғы күндер, таза тақталар, әдемі ағаштар) және оған сұрақ қояды (қандай?).Сын есімнің қандай (жекеше көпше) түрде тұрғандығын зат есім арқылы анықтайды.
Сын есімнің жекеше көпше түрде септелгендегі жалғауларының жазылу емлесін білу үшін, мұғалім оқушыларға көптік жалғаудағы және жіктік жалғаудағы сын есімдерді септеуді тапсырады.
(жекеше түрі)
А.с. қандай? көк көйлек үстел, қалам
Б.с. қандайға? Көк көйлекке үстелге, қаламға
І.с. қандайдың? Көк көйлектің үстелдің, қаламның Т.с. қандайды? Көк көйлекті үстелді,қаламды
Ж.с. қандайда? Көк көйлекте үстелде, қаламда Ш.с. қандайдан? Көк көйлектен үстелден, қаламнан
К.с. қандаймен? Көк көйлекпен үстелмен, қаламмен

(көпше түрі)


А.с. қандай? көк көйлектер үстелдер, қаламдар
Б.с. қандайға? Көк көйлектерге үстелдерге, қаламдарға І.с. қандайдың? Көк көйлектердің үстелдердің, қаламдардың Т.с. қандайды? Көк көйлектерді үстелдерді,қаламдарды
Ж.с. қандайда? Көк көйлектерде үстелдерде, қаламдарда Ш.с. қандайдан? Көк көйлектерден үстелдерден, қаламдардан
К.с. қандаймен? Көк көйлектермен үстелдермен, қаламдармен

Оқушылар сын есімдердің сұрақтарының жалғауын белгілеу арқылы, жалғаулардың сәйкестігін көріп, көпше түрдегі сын есімдердің жалғауларын тексеруді сұрақ қою арқылы жүзеге асыруға болатындығына көздері жетеді.


Ал, сын есімнің қай септікте тұрғанын, сын есімге қатысты зат есім арқылы тауып алады.
Сын есімді оқу, 6- сыныпта, сын есімнің жекеше көпше түрде септелгендегі жалғауларының жазылу емлесі тақырыбын үйренумен бітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет