Ұйымдастырушылық кезеңдеотбасы мүшелерінің жағдаятты және ресурстарды бағалауға, көмектесуші бағдарламаларды жобалау және адаптациялауға, отбасы-тұрмыстық біріккен еңбекті ұйымдастыруға, қарым-қатынасты дұрыстау, ішкі және сыртқы байланыстарды орнатуға тартуға жағдай жасалады.
Коммуникативтік кезеңдеқалыптасқан біліктілік пен дағдылар қолдау табады, қолданылатын құралдар кеңейтіледі. Осылайша, мұндай отбасылармен жұмыс өмір іс-әрекетінің дағдыларына оқыту супервизиямен (патронаж) біріктірумен ерекшеленеді.
Дистантты отбасылар да, яғни ата-аналары вахталық әдіспен жұмыс істейтін, ұзақ уақытқа іссапарға шығатын, ересектер не ата-аналары дәстүрлі емес режимде жұмыс жасайтын отбасылар да қолдауды қажет етеді. Оларға өмірлік маңызды құндылықтарға көзқарастардың келіспеушілігі, эмоционалдық алыстау, бос кінәлау, көп уақыт болмағаннан кейін әдеттенудегі күрделілік тән.
Мұнда көбіне кеңес беру өте қажет. Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмыстағы негізгі мақсаты – отбасына, клиентке өмірлік жағдаятты өзгертуге қол жеткізуге көмектесу, қызметтер потенциалы мен мамандардың әрекеттерін координациялау.
Бала қоршаған ортаға бейімделеді. Ол заттарға қарап, оларды ұстай отырып, дыбыстарға мән беріп, қоршаған адамдар мен жануарлардың әрекеті мен қозғалысын бақылайды.
2
Көру қабілеті зақымдалған балалар
Кеңістікті бағдарлау және өзіне-өзі қызмет көрсетудің, жеке тазалықты сақтаудың, үй шаруасын жүргізудің, қоршаған ортада бағдарлаудың кажетті дағдырларын калыптастыру;
3
Зияты зақымдалған балалар
Құрдас-құрбылармен, ересектермен (таныс және бейтаныс) әр түрлі жағдайда кесдесуде және қоштасуда өзін-өзі дұрыс ұстау
4
Сөйлеу тілі зақымдалған балалар
Сөйлеу қабілетінің дамуы бұзылған кезде бұл бала тұлғасының жалпы қалыптасуына, оның интеллектуалдық дамуы мен тәртібіне ықпал етеді, оқуда және қоршаған ортамен тіл алысуда қиындықтар туғызады.
Адамгершілік-тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу: еңбекқорлық, басқалардың қайғысы мен сезімдеріне ортақ бола білу, үлкендерді сыйлау, отаншылдық сезімдері.
8
Күрделі бұзылысы бар балалар
Баланың жас ерекшелігіне, мүмкіндігі мен қабілеттілігіне сәйкес арнайы түзете-компенсаторлық және әлеуметтік ортаға бейімделу біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі оқу әрекеті, ойын, тұрмыстық әрекетке өздігімен қатысуға, әлеуметтік жағдайларға бейімделуге даярлау